Әдіс - тәсілдер

Сабақтың мазмұны

Бұл сабақта 4-сынып оқушылары санды 10-ға, 100-ге, 1000-ға (және т.с.с.) көбейту мен бөлуді қайталайды және білімдерін бекітеді. Сондай-ақ 10, 100, 1000-ға қалдықпен бөлуді пысықтайды.

Сабақтың атауы

Санды 10-ға, 100-ге, 1000-ға (т.с.с.) көбейту және бөлу. 10, 100, 1000-ға қалдықпен бөлу.

Жалпы мақсаттар

  • Санды 10-ға, 100-ге, 1000-ға (т.с.с.) көбейту және бөлу туралы білімді бекіту, жүйелеу және жалпылау.

  • 10, 100, 1000 (т.с.с.) сандарына қалдықпен бөлуді пысықтау.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар санды 10-ға, 100-ге, 1000-ға көбейту және бөлуді меңгереді; 10, 100, 1000-ға қалдықпен бөлуді орындай алады.

Ұйымдастыру және әдіс-тәсілдер

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Ой ашу стратегиясы
  • Сұрақ-жауап
  • Топтық және жұптық жұмыс
  • Логикалық тапсырмалар
  • Бірлескен оқу

Сабақтың жабдығы

  • 10, 100, 1000 жазылған парақтар
  • Үлестірмелі парақтар

Топқа бөлу: оқушылар 4 топқа бөлінеді — 1, 10, 100, 1000.

Сабақ барысы

Ынтымақтастық атмосферасы

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.

Үй тапсырмасын тексеру

Ойын: «Кім мықты?» — «гир көтеру» әдісі арқылы көбейту кестесін қайталау. Жылдам әрі нақты жауап берген оқушы смайлик алады.

Мағынаны тану: жаңа сабақ

Санды 10-ға, 100-ге, 1000-ға (т.с.с.) қалай көбейтуге болады?

Ереже: санды 10-ға көбейткенде оның оң жағына бір нөл, 100-ге көбейткенде екі нөл, 1000-ға көбейткенде үш нөл тіркеп жазамыз.

Мысал (тақтада көрнекілік арқылы көрсетіледі):

2 × 10 = 20

Сергіту сәті

Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатты жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды допты жолына.
Алдына бір қарады,
Артына бір қарады —
Үлкен тау деп ойлады.

Қорытынды

Сабақ соңында оқушылар санды 10-ға, 100-ге, 1000-ға (т.с.с.) көбейту және бөлу тәсілдерін қайталап, 10, 100, 1000-ға қалдықпен бөлуді орындау дағдыларын бекітеді.