Кенгуру ойыны

Жүргізушінің құттықтау сөзі

Құрметті балабақша ұжымы мен кішкентай бүлдіршіндер! Сіздерді 1 маусым — Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылып отырған «Біз шыныққан балдырған» атты балабақшаішілік эстафеталық сайысымызға қош келдіңіздер.

Ендеше, эстафеталық сайысымызға қатысатын жас спортшыларды ортаға шақырайық. Жарысымызды бастамас бұрын «Ақбота» балабақшасы директорының уақытша міндетін атқарушы Ұ. М. Ақжігітоваға сөз береміз.

Әділқазылар алқасы

  • 1 Балабақша директорының уақытша міндетін атқарушы: Ұ. Ақжігітова
  • 2 Бейнелеу өнері жетекшісі: Р. Дүйімбаева
  • 3 Балабақша медбикесі: А. Дүйсеева

Сайыс құрылымы

Сайыс 4 бөлімнен тұрады. Мақсатымыз — спортты сүйіп, шынығып өскен ұрпақ тәрбиелеу. Біз аязда да тоңбаймыз, ыстыққа да шыдаймыз — жалқаулықты сүймейтін, шыныққан балдырғанбыз.

I бөлім — «Кім жылдам»

Әр ойыншы текшені қолына алып жүгіріп, межедегі кеглиді айналып өтеді де, кері қайтып келіп текшені келесі балаға береді. Сайыс осы тәртіппен жалғасады. Алғаш келген топ жеңімпаз атанады.

Эстафета

Ойын шарты

  1. 1.Текшені алып, межеге дейін жүгіріп бару.
  2. 2.Кеглиді айналып өтіп, кері қайту.
  3. 3.Текшені келесі ойыншыға тапсыру.

Құрал-жабдықтар

  • Кегли4
  • Текше4

Әділқазылар алқасына «Кім жылдам» ойынының нәтижесін бағалауға сөз беріледі.

II бөлім — «Көжектер»

Ойыншылар едендегі бөренеден қоянша секіріп өтіп, межедегі сәбізді алады. Кері секіріп келіп, сәбізді келесі балаға береді. Келесі ойыншы сәбізді межеге қайта қояды да, кері секіріп қайтады. Ойын осылай жалғасады.

Секіру

Ойын шарты

  1. 1.Бөренеден қоянша секіріп өту.
  2. 2.Межеден сәбізді алып, кері секіру.
  3. 3.Сәбізді келесі ойыншыға тапсыру (келесі ойыншы межеге қайта қояды).

Құрал-жабдықтар

  • Бөренелержиынтық
  • Пішіндер4
  • Сәбіз4

Әділқазылар алқасына II бөлімнің қорытындысын жариялауға сөз беріледі.

III бөлім — «Кенгуру»

Әр ойыншы кенгуру добымен секіріп, межедегі туды айналып өтіп кері қайтады. Ойын осылай жалғасады. Бірінші келген топ жеңіске жетеді.

Үйлесім

Ойын шарты

  1. 1.Кенгуру добымен межеге дейін секіру.
  2. 2.Туды айналып өтіп, кері секіру.
  3. 3.Кезекті келесі ойыншыға беру.

Құрал-жабдықтар

  • Кенгуру добы4
  • Ту4
  • Пішіндер4

Әділқазылар алқасына «Кенгуру» ойынының қорытындысын жариялауға сөз беріледі.

IV бөлім — «Пингвиндер»

Ойыншылар допты аяқтарының арасына қысып ұстап, текшелердің арасымен жүріп өтеді. Межеден шашақты кезекпен алып, кері қайтып командасына әкеледі. Ойын белгіленген тәртіппен жалғасады.

Дәлдік

Ойын шарты

  1. 1.Допты аяқтың арасына қысып, кедергілер арасымен жүру.
  2. 2.Межеден шашақты алып, кері қайту.
  3. 3.Кезекті келесі ойыншыға беру.

Құрал-жабдықтар

  • Доп4
  • Текшелер16
  • Шашақтар16

Әділқазылар алқасына соңғы бөлімнің қорытындысын жариялауға сөз беріледі.

Қорытынды және марапаттау

Жарқын да шаттықты заман орнап, бүлдіршіндер аман болсын. Татулық пен бірлік нығайып, әрдайым орта толы қуанышқа бөленсін. Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Марапаттау сәті

Жас спортшыларымыз марапатталып, әр топтың белсенділігі мен ұйымшылдығы атап өтіледі.

Осымен «Біз шыныққан балдырған» атты эстафеталық сайысымыз өз мәресіне жетті. Қош сау болыңыздар!