Бастауыш сынып мұғалімі

Іс-шара туралы мәлімет

Бастауыш сынып мұғалімі

Мамырбекова Ғалия Асанқызы

Тақырыбы

«Бастауышым — балбұлағым»

Мақсаты

Бастауыш сыныпты бітіруді салтанатты түрде атап өту.

Міндеттері

  1. Еліміздің тәуелсіздігін алғанына 20 жыл толу қарсаңында бастауыш білім сатысынан орта буынға өтетін кезеңді есте қаларлықтай өткізуге жағдай жасау.
  2. Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің өмірге есік ашатынын сезіндіру; оқушылардың өнері мен білімін ортаға салдыру.
  3. Ұстазға, ата-анаға, мектепке және бір-біріне деген құрметке тәрбиелеу.

Барысы

Төмендегі мәтін — бастауышпен қоштасуға арналған салтанатты кештің сценарийі. Оқылымы жеңіл болуы үшін репликалар мен бөлімдер мағыналық блоктарға бөлініп берілді.

Жүргізушілердің сәлемдесуі

1-жүргізуші

Армысыздар, жаны жайсаң қазақ елі!

2-жүргізуші

Қайырлы күн, қарыштаған Қазақстан! Асқақтаған ауылымның жұртшылығы!

1-жүргізуші

Ғали Ормановтың «Қанатты халық» өлеңін мәнерлеп оқиды.

2-жүргізуші

Бүгін Егінсу орта мектебінде дүбірлі той!
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі ойымызға.
Қош келіпсіз, ұстаздар мен ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға!

Қоштасу лебі

1-жүргізуші

Қош бол, құтты бастауыш! Алғысым көп менің.
Ақыл-білім, тәрбиең ой-санама еккенің.

2-жүргізуші

Бүгінгі күн — бәріміз үшін ерекше күн. Себебі осыдан төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар бүгін бойы да, ойы да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға қадам басқалы отыр.

1-жүргізуші

«Бесіктегі баланың күлгенін көрген — бір мұрат,
Алдына түсіп ананың жүргенін көрген — бір мұрат», — дегендей, бұл да бір қуанышты күн.

2-жүргізуші

Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір бал күлкілі балалық шақтан басталады. Бүгін біздің бүлдіршіндер бастауыш сыныбымен қоштасып, тағы бір белеске есейіп отыр.

1-жүргізуші

Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің іргетасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.

2-жүргізуші

Сондай-ақ ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңған, оңымыз бен солымызды танытқан, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстаздарымызға алғыс айтамыз.

Іс-шараның ашылуы

1-жүргізуші

«Бастауышым — балбұлағым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. «Талаптарыңа нұр жаусын!» бөлімін бастаймыз!

2-жүргізуші

Биыл еліміздің тәуелсіздігін алғанына 20 жыл толу қарсаңында бастауыш мектепті аяқтап отырған түлектерімізге «Қадамдарыңа гүл бітсін!» дей отырып, ортаға сыныптарды ұстаздарымен қошеметтеп шақырайық!

Ән-шашу

Хор: «Туған ел»

  1. Армысыздар, жас достар, болашаққа жол бастар.
  2. Білім деген ғажаптың, келешегі қазақтың басталады біздерден.
  3. Қоштасу тойын бастайық, ән мен биге басайық. Өнерімізді көрсетіп, бұл тойдың құрметіне әнмен шашу шашайық.
  4. Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де, үлкен-кіші — жасымыз, кәрімізбен. Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар, гүл-гүл жайнап бүгінгі сәніңізбен.
  5. Шаттанамын мен бүгін, шаттанамын. Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын. Осы сырды үйреткен бастауышым, түстей болып міне бүгін артта қалдың.
  6. Білімнің қайнар бұлағы, өнердің жарық шырағы. Тұрағы өзің, мектебім.
  7. Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма? Мектебімде айтылмаған сыр бар ма? Мектебімде алаулаған жас жалын.
  8. Өтті оқу, сан сабақ — бүгін үлкен салтанат. Оқулықпен достасып, бастауышпен қоштаспақ.
  9. Есігіңді ашқан балаңа құшақ жайдың, мектебім, сен қуана. Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба? Сенен артық дүниені таба алам ба?
  10. Мектебім — мәңгі бапкерім, қарызбыз саған бәріміз. Өзіңе деген парызды ақтаймыз талай әлі біз.
  11. Білім деген байлық бар, еш байлық оған жетпейді. Жасыңда оқып, жиып ал — тепкілесең кетпейді.

Келесі нөмір

Абайдың әні: «Айттым сәлем, Қаламқас»

Ұстаз туралы ой

1-жүргізуші

Дүниеде адамға ең жақын, ең ыстық жанның бірі кім?

2-жүргізуші

Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі — ұстаз. Өйткені ол көкірек көзін ашып, дүниетанымды кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.

1-жүргізуші

Дұрыс айтасың. Ұстаз еңбегі — ұлы еңбек. Сондықтан да ұлы ақын Абай:
«Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға»,
— деп айтуында терең ой жатыр.

2-жүргізуші

Келесі бөліміміз «Ұстаз ұлағаты» деп аталады.

«Ұстаз ұлағаты» — оқушылардың арнауы

12-шумақ

Өртіңе де күймейді, ұрылар да тимейді.
Жатып ішер жамбастап, жалқауды ол сүймейді.

13-шумақ

Әріптерді үйретіп, жақын болған кім бізге?
Жамандықтан жиреніп, ақын болған кім бізге?
Десек, ол жан — мұғалім.

14-шумақ

Қапастағы елдердің мұңын айтқан кім бізге?
Көрікті сан жерлердің сырын айтқан кім бізге?
Рахмет саған, мұғалім!

15-шумақ

Отанның ұланын баулыған мұғалім.
Өзіңсің ағытқан білімнің бұлағын.

16-шумақ

Мен сенің көктемің, нұрыңмен көктедім.
Сол үшін өзіңе алғысым көп менің!

17-шумақ

Анамдай сүйем мен, шеберін ғылымның.
Ұстаздан үйренем өнерін білімнің.
Үйретіп іс-сазын, мың жаса, ұстазым!

18-шумақ

Сүйікті мұғалім, «бес» алсам — ұнадым,
«екі» алсам — сынадың. Алдыңда әрқашан
бас иіп тұрамын, сүйікті мұғалім.

19-шумақ

Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,
Ұстаз-ғалым толастамас мәңгі ісін.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

20-шумақ

Нәріңді беріп құрғатпай, сусаған шөлді қандырған.
Сәулеңді шашып жүрекке, жанымның отын жандырған.

Ескерту

Мәтіндегі «Толық нұсқасын жүктеу» жолы бастапқы деректе сілтеме ретінде берілген. Қажет болса, оны мектеп сайтына немесе құжатқа апаратын батырма/сілтеме түрінде рәсімдеуге болады.