Сәкен Сейфуллиннің Наурыз өлеңі

Сабақ туралы мәлімет

Тақырып

С. Сейфуллин — «Ақсақ киік»

Мақсат

  • Ақын шығармашылығымен таныстыру.
  • Өлең мазмұнын меңгерту.
  • Эстетикалық және экологиялық тәрбие беру.
  • Әдебиет теориясынан мағлұмат алу.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап.
  • Топтастыру.
  • Деңгейлік тапсырмалар.

Міндеттер

  • Оқушылар топ ішінде ынтымақтастықпен жұмыс істейді.
  • Ой бөлісіп, өлеңді талдап, салыстырады.
  • Жұмыс барысында пікірін ортаға салып, жауап береді.

Пәнаралық байланыс және көрнекілік

Пәнаралық байланыс

География, сурет.

Көрнекілік

Интерактивті тақта, ақын портреті, Қазақстан картасы, жануарлар суреттері.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сыныпты үш топқа бөлу.
  • Топ жетекшілерін тағайындау.

Үй тапсырмасын тексеру

  1. Жамбылдың ұстазы кім?
  2. Оқушылардың батырлық, туған жер, төрт түлік туралы жазған жұмыстарын тыңдау.
  3. Пейзаж деген не?
  4. Түркістан қаласы туралы не білеміз?

Ой қозғау

Өлеңді еске түсіру

Үйден шығып балалар,
«Жаз болды, міне!» — десіп тұр.
Сағындырған жаз желі
Оңтүстіктен есіп тұр.
Жылы ескектің лебімен
Дүние балқып, иіп тұр.
Сағындырған жаз әсері
Құшақтап беттен сүйіп тұр.

С. Сейфуллин «Наурыз»

Бүгінгі сабақ Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңіне арналады. Келесі қадам — ақын туралы білетінімізді еске түсіріп, өлеңді жан-жақты талдау.

Деңгейлік тапсырмалар

I деңгей

1) Ақын өмірі

Оқулық бойынша С. Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына қатысты мәліметтерді топтастыру (слайд: Сәкеннің суреті, топтастыру сызбасы).

2) Суретпен жұмыс

Жануарлар суреттері ішінен киікті анықтап, өлеңнің киікке арналғанын дәлелдеу (слайд: аңдар топтамасы).

3) Мәнерлеп оқу

«Ақсақ киік» өлеңін түсініп, тізбектей мәнерлеп оқу (оқулықпен жұмыс).

Қосымша дерек (мұғалім түсіндірмесі)

Ақбөкен (киік) — жұп тұяқтылар отрядына, бөкендер туысына жататын түз жануары. Тұлғасы ірі, қойға ұқсас, тұмсығы дөңес, күйіс қайырады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған.

Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ал ешкісінде мүйіз болмайды. Жазда арқа түсі сарғыш тартып, қыста ақшылданады.

Қазақ халқы мамыр айындағы киіктің төл өргізу кезеңіндегі салқынды «Құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егіз, кейде үш лақ та табады.

Киік — өте бейімделгіш әрі сақ жануар. Бетпақдаладағы ақбөкендер өсімдіктің көптеген түрімен қоректеніп, шөптерді жыл мезгіліне қарай талғап жейді; көбіне шөпті жерден жұлып жеуге дағдыланған.

II деңгей

  1. Өлеңде қандай жер суреттелген?

    Бетпақдала — Сарыарқаның кең шөлейт аймағы. Киік көбіне осы өңірді мекендейді, өйткені шөлге жақсы бейімделген. Мұнда елді мекендер сирек, өзен-көл аз; өсімдіктерден жусан өседі. Қураған бұталар арасында баялыш та кездеседі.

    Слайд: Қазақстан картасынан Бетпақдаланы көрсету.

  2. Қандай өсімдік атаулары кездесті?

    Дәптермен жұмыс: көкпек, баялыш, жусан — шөлейт жерлерде өсетін өсімдіктер.

  3. Киікті неге теңейді?

    Ақын киікті жас балаға теңейді: баланың сұлулығы мен кіршіксіздігін киіктің әсем болмысымен қатар қояды.

III деңгей

1) Киіктің портреті

Таңы аппақ, екі көзі мөлдір қара.
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім.
Көздері мөлдіреген ақ бөкенді,
Қап-қара екі көзі мөлдіреген.
Әдемі екі танау желбіреген.

2) Өлеңнің аяқталуы

Өлеңде киіктің аянышты тағдыры, адам қолынан жасалған қиянат суреттеледі. Оқиға жапан далада оқ тиіп жараланған бөкеннің шыбын жанын қоярға жер таппай, мазасызданған сәтімен түйінделеді.

3) Өлеңге талдау (дәптермен жұмыс)

Тақырыбы
Киіктің аянышты тағдыры
Шумақ саны
17
Буын саны
11
Идеясы
Экологиялық мәселені ашына айту

IV деңгей

  1. «Азайды соңғы кезде байғұс бөкен, мүйізін пайда қылып, шетке сатқан» жолдарынан нені түсіндік?

    Ақын табиғатқа зиян келтірген әрекеттерді ашық әшкерелейді: киіктің мүйізінен пайда табуды көздеген пайдакүнемдік салдарынан түз жануарының саны сиреп бара жатқанын айыптайды.

  2. Өлең саған несімен әсерлі болды?

    Табиғатты бейнелеудегі нәзіктік пен жанашырлық ерекше әсер етеді. Ең ауыр тұсы — киікті аяусыз ату арқылы табиғатқа жасалған қиянаттың көрсетілуі; бұл бүгінгі күні де өзекті мәселе.

  3. Өлең қалай аяқталады деп болжам жасайсың?
    • Киік қансырап өлуі мүмкін.
    • Жолаушы кезігіп, мейірімді жандар көмегімен жарақатынан жазылуы ықтимал.
    • Ит-құсқа жем болуы мүмкін.
    • Адамға кез болып, олқылықты әрекет салдарынан қырғынға ұшырауы да мүмкін.

    Ескерту: ақын киіктің нақты тағдырын ашып айтпайды; оқырманды ойлануға жетелейді.

Бекіту

Өлең жолдары

Бетпақта келе жатты, сандалып,
Қаңғырақтап басын иіп,
Анда-санда әлін жиып,
Шағады шыбын жанның қиналғанын.
Жалғыз-ақ мөлдіреген екі көзі —
Әлі кетіп сорлы киік жығылғанда.
Ботагөз сахарада қына терген —

Сұрақ

Осы жолдардан әдебиет теориясының қай түрін байқаймыз?

Жауабы: кейіптеу.

Үй тапсырмасы

  1. Өлеңнен үзінді жаттау.
  2. Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар мен құстар туралы мәлімет жинап келу.