Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі
Сабақ №6
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі. Жады.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Оқушылардың компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі мен жады туралы білімін жалпылау, тиянақтау және қосымша мәлімет беру.
2) Дамытушылық
Практикалық тапсырмалар арқылы логикалық ойлауды дамыту, білік-дағдыларды қалыптастыру.
3) Тәрбиелік
Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге және өз ойын толық, нақты жеткізуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Сынып оқушыларын түгелдеу.
- Жұмыс орнын ретке келтіру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Компьютерлік техниканың даму үрдісі.
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Бүгін біз компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі және жады ұғымдарын қарастырамыз. Алдымен компьютердің негізгі құрылғыларын еске түсірейік.
Негізгі конфигурация
Дербес компьютер құрамындағы жабдықтарды қажетіне қарай өзгертуге болады. Құрылғылардың жиынтығы компьютер конфигурациясы деп аталады. Компьютерді сатып алғандағы бастапқы жиынтық негізгі конфигурация деп аталады және ол уақыт өте өзгеріп отырады.
Қазіргі кезде негізгі конфигурацияға әдетте төмендегі төрт құрылғы кіреді:
- Жүйелік блок
- Дисплей (монитор)
- Пернетақта
- Тышқан
Жүйелік блок және процессор
Процессор — көптеген жартылай өткізгіш элементтерден тұратын, компьютердегі барлық есептеулер мен ақпаратты өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессор жұмыс істеуі мүмкін.
Процессордың тиімді жұмыс істеуі үшін деректер мен бағдарламалар белгілі бір жерде сақталып, жылдам қолжетімді болуы керек. Бұл міндетті жад атқарады.
Жады ұғымы және түрлері
Ақпаратты сақтауға арналған компьютер құрылғысы жад деп аталады. Компьютер жады ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.
Ішкі жад
Ішкі жад — компьютердің негізгі жады, себебі процессор тікелей осы жадпен жұмыс істейді. Компьютер іске қосылғанда мәліметтер мен бағдарламалар ішкі жадқа жүктеледі. Алайда компьютер өшірілгенде, жедел жадтағы деректер сақталмайды.
Ішкі жад екіге бөлінеді:
- ЖЖҚ — жедел жадтайтын құрылғы (RAM)
- ТЖҚ — тұрақты жадтайтын құрылғы (ROM)
Сыртқы жад
Сыртқы жад ақпаратты ұзақ мерзімге сақтауға арналған. Ол компьютер өшірілгеннен кейін де деректерді жоғалтпайды.
Сыртқы жадқа мыналар жатады:
- Қатты диск
- Дискета (иілгіш диск)
- Лазерлік дисктер
- Басқа да ақпарат тасымалдаушы құралдар
Практикалық тапсырма
1-тапсырма: Тілсызық арқылы сәйкестендіріп жалға.
Тақырып: Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі. Жады.
Қажет болса, электрондық оқулықтағы тапсырманың толық нұсқасын қарап, материалды қайта жүктеңіз.