Оқушы ойының математикалық сапаларын, өздігінен жұмыс істеу қабілетін дамыту

Сабақтың тақырыбы

Жазбаша қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты

Жазбаша қосу және азайту амалдарын қолдану арқылы оқушылардың математикалық білім-білік дағдыларын жетілдіру, математикалық ойлауын дамыту және өздігінен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру.

Білімділік

Жазбаша қосу және азайту амалдарын қолданып, баған түрінде есептеу арқылы оқушылардың алған білімін пысықтау. Есеп шығару дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық

Оқушылардың логикалық ойлауын, танымдық қабілеттерін арттыру. Шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Қазақтың салт-дәстүрлерін құрметтеуге баулу, Отанға және туған елге сүйіспеншілікті арттыру.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Ұйымдастыру

Сабақ типі
Білімді бекіту, жүйелеу.
Сабақтың түрі
Жарыс сабақ.

Әдістер мен ресурстар

Сабақтың әдісі
Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, іздену, қайталау, кіріктіру, топтық жұмыс.
Құрал-жабдықтар
Интерактивті тақта, слайдтар, дидактикалық үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс
Әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дене шынықтыру.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сынып тазалығын қадағалау.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару: бүгінгі сабақ күнделікті сабақтан өзгеше, ерекше сабақ екенін айту.
  • Қонақтармен сәлемдесу.

Мұғалімнің сөзі

Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау — сәніміз.

Сәлем бердік сіздерге,

Басты иіп бәріміз.

Оқушылардың жауабы

Үлкенге де — сіз,

Кішіге де — сіз.

Баршаңызға иіліп,

Сәлем бердік біз!

Топқа бөлу және ынталандыру

Оқушыларға мұғалім қолындағы төртбұрыш және үшбұрыш үлестіріліп, сынып екі топқа бөлінеді.

Қазақша жыл санауы бойынша биылғы жыл анықталып, соған байланысты топ атаулары беріледі: «Сұңқар» және «Құлагер».

Қорытынды ұран

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан,

Барлық ғылым соған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан.