Модуль СТО
3-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар
Сабақ тақырыбы: «Біздің Отанымыз — Қазақстан»
Сабақтың мақсаты
- Оқытудың жаңа әдістерін қолдана отырып, «Біздің Отанымыз — Қазақстан» тарауы бойынша топпен жұмыс істеу арқылы оқушыларды өз ойын ашық әрі еркін жеткізуге дағдыландыру.
- Қазақстан аумағының кеңдігі мен табиғат жағдайларының алуан түрлілігі туралы түсінік беру; мәтінді түсініп оқуға және талдауға үйрету.
- Сыни тұрғыдан ойлау арқылы байланыстырып сөйлеуге баули отырып, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін дамыту.
- Ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу; туған жердің кең-байтақ екенін сезініп, оны сүюге және қадірлеуге бағыттау.
Күтілетін нәтижелер
- 1 Ұсынылған тақырып бойынша білімін өзектендіре алады.
- 2 Бұрынғы білімін жаңа біліммен ұштастыра алады.
- 3 Сыныпта диалогтік әңгіме өрбиді.
- 4 Ақпаратты өз бетінше түсінеді және меңгереді.
- 5 Шыдамдылықпен тыңдай алады.
Қамтылатын модульдер
1-модуль
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: топтық жұмыс.
2-модуль
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: ассоциация, INSERT (түртіп алу).
3-модуль
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау: өзін-өзі бағалау.
4-модуль
АКТ пайдалану: бейнебаян, слайд.
7-модуль
Көшбасшылық: топты басқару және сабақ бойы белсенді қатысу.
Сабақ қадамдары
Қадам 1
Үй тапсырмасын тексеру
Қадам 2
Интерактивті тақтамен жұмыс
Қадам 3
Топтық жұмыс
Қадам 4
Рефлексия
Қадам 5
Бағалау
Мұғалімнің іс-әрекеті
- Ұйымдастыру: оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
- Жалаушалар арқылы топқа бөлу, топтық ережені қалыптастыру.
- Бағалау парағын тарату.
- Мәтін/тапсырма материалдарын тарату.
Оқушының іс-әрекеті
- Тест тапсырмаларын орындайды және өзін-өзі тексереді.
- Бейнебаянды көреді, талқылауға қатысады.
- INSERT кестесін толтырады: «Білемін — Мен үшін жаңалық — Білгім келеді».
- Мәтінмен жұмыс жасап, топ ішінде «Оқы — айт» стратегиясы бойынша диалог құрады.
I. Үй тапсырмасын тексеру: тест
Тест сұрақтары слайдта көрсетіледі. Оқушылар жауаптарын тексеру кілті арқылы өзін-өзі бағалайды.
-
1. «Асар жасау» дегеніміз не?
- а) той
- ә) туыс-туған жиналып, бір іске көмектесу
- б) түрлі жарыс ұйымдастыру
- в) елді жинап, ас беру
-
2. «Білім ошағы» дегеніміз не?
- а) сынып бөлмелері
- ә) географиялық алаң
- б) спорт залы
- в) компьютер, теледидар
-
3. «Шаруа қожалығы» дегеніміз не?
- а) салық төлейтін ұйым
- ә) ұжымшар
- б) шаруашылық жүргізу жүйесі
- в) шаруашылық ұжымы
-
4. Мақал-мәтелді жалғастыр: «Әдептінің белгісі — ...»
- а) отбасының берекесі
- ә) отбасының татулығы
- б) сыйлы болғаны
- в) иіліп сәлем бергені
-
5. Наурыз, Тәуелсіздік күні, 8 наурыз — қандай мерекелер?
- а) кәсіптік мереке
- ә) отбасылық мереке
- б) жалпыхалықтық мереке
- в) ауыл шаруашылық мерекесі
-
6. Еңбекшілердің халықаралық ынтымақ күні қай күн?
- а) 1 мамыр
- ә) 9 мамыр
- б) 7 мамыр
- в) 22 наурыз
-
7. Мемлекетке табысына қарай не төлейді?
- а) қарыз
- ә) тиын
- б) салық
- в) ақша
-
8. Үндістер көлік ретінде нені пайдаланған?
- а) атты
- ә) қодасты
- б) түйені
- в) пілді
-
9. Күнделікті тіршіліктегі жұмыстарды орындауда көліктің маңызы қандай?
- а) өте жоғары
- ә) төмен
- б) қанағаттанарлық
- в) жоғары
-
10. Егін толық жиналып, астық қамбаға құйылғаннан кейін тойланатын той қалай аталады?
- а) Ұлттық той
- ә) Наурыз тойы
- б) Сабан той
- в) Егін той
Тест кілті
1 — Ә, 2 — А, 3 — В, 4 — В, 5 — Б, 6 — А, 7 — Б, 8 — В, 9 — А, 10 — Б
II. АКТ: бейнебаян көру және талқылау
Интерактивті тақта арқылы бейнематериал көрсетіледі. Оқушылар негізгі ойды анықтап, сұрақтарға жауап береді және пікір алмасады.
Назар
Талқылауда қысқа, нақты сөйлемдермен дәлел келтіруге ынталандырыңыз.
III. Жаңа сабақ: INSERT стратегиясы
«Қазақстан туралы не білеміз?» тақырыбында INSERT кестесін толтыру.
Білемін
Алдын ала білімді жинақтау.
Мен үшін жаңалық
Жаңа ақпаратты белгілеу.
Білгім келеді
Қосымша сұрақтар мен қызығушылықтарды анықтау.
IV. Мәтінмен жұмыс: «Оқы — айт» және диалогтік оқыту
Оқушылар мәтінді оқып, топ ішінде бір-біріне мазмұнын айтып береді. Талқылау барысында негізгі деректерді анықтап, қорытынды жасайды.
1-топ
Қазақстанның жер көлемі
2-топ
Қазақстан табиғаты
3-топ
Пайдалы қазбалар
4-топ
Қазақстан — астықты өлке
5-топ
Көпұлтты мемлекет: достық қарым-қатынас
Сергіту сәті
«Жұмыр қылыш» қимыл-қозғалыс ойыны/жаттығуы.
V. Пысықтау: «Куббизм» стратегиясы
Кубиктің алты қырына жазылған сұрақтар бойынша жұмыс: сұрақты талдау, топ ішінде талқылау, жауапты дәлелдеу.
1-сұрақ
Қазақ жері батыстан шығысқа, солтүстіктен оңтүстікке қарай қанша километр созылып жатыр?
Жауап: 3000 км.
2-сұрақ
Елімізде қандай пайдалы қазбалар кездеседі?
Жауап: металл кендері, көмір, мұнай, газ, фосфорит, түрлі тұздар.
3-сұрақ
Еліміздің табиғаты неліктен алуан түрлі деп ойлайсың?
Жауап: жеріміздің кең-байтақ болуына байланысты.
4-сұрақ
Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
Жауап: жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері.
5-сұрақ
Қазақстан неше елмен шектеседі?
Жауап: бес елмен.
Рефлексия
«Табыс баспалдағы» тәсілі арқылы әр оқушы өз деңгейін көрсетеді.
Мақсат
Өзін бағалау, алдағы қадамды анықтау, кері байланыс беру.
Бағалау
1–3 балдық жүйе бойынша бағаланады.
| Жиынтық балл | Баға |
|---|---|
| 8–12 балл | 5 |
| 6–8 балл | 4 |
| 4–6 балл | 3 |
Үй тапсырмасы
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқу
Негізгі ойды анықтап, маңызды деректерді белгілеу.
2-тапсырма
Эссе жазу
Тақырып: «Болашақ Қазақстан».