Операциялық жүйелерді топтамасы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сыныбы

8-сынып

Сабақтың түрі

Қайталау сабағы

Тақырыбы

Операциялық жүйелер топтамасы. Операциялық жүйелерді баптау.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға операциялық жүйе ұғымын, оның түрлерін, жұмыс істеу принциптерін, Windows XP операциялық жүйесін және операциялық жүйелерді баптау тәсілдерін меңгерту.

Дамытушылық

Оқушылардың шығармашылық, іскерлік және ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

Әдістері мен көрнекілігі

Сабақтың әдістері

  • Тест
  • Сұрақ-жауап
  • Ойын элементтері
  • Морзе әліппесі
  • Фильворд

Көрнекілігі

  • Компьютер
  • Интерактивті тақта
  • Парақшалар
  • Оқулық

Сабақтың жүру барысы

I. Ұйымдастыру

  1. Оқушылармен сәлемдесу.
  2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тақырыптар бойынша бақылау сұрақтары қойылады.

  1. Операциялық жүйе дегеніміз не?
  2. Біздің компьютерлерде қандай операциялық жүйе қолданылады?
  3. Операциялық жүйемен жұмыс кезінде қолданылатын негізгі құрылғы қандай?
  4. Операциялық жүйенің атқаратын қызметі қандай?
  5. Операциялық жүйе міндетті түрде неше бөліктен тұрады?

III. Бекіту

Оқушылардың алған білімін толықтыру мақсатында бірнеше тапсырма орындалады.

1) Компьютерлік тестілеу

Оқушылар Visual Basic ортасында дайындалған тест бағдарламасы арқылы компьютерде өткен тақырыптардан тест жұмысын орындайды.

Тест тапсырмалары

  1. Power деп аталатын қосып-өшіру батырмасы қай құрылғыда орналасқан?

    • A) Жүйелік блок
    • Ә) Монитор
    • Б) Пернетақта
    • В) Принтер
  2. Windows қандай жүйе?

    • A) Мәтіндік редактор
    • Ә) Операциялық жүйе
    • Б) Графикалық редактор
    • В) Сыртқы тұрақты жад
  3. Windows-тың негізгі объектілері:

    • A) Терезелер мен белгішелер
    • Ә) Сандар
    • Б) Символдар
    • В) Әріптер
  4. Windows объектілерін басқарудағы негізгі құрылғы:

    • A) Пернетақта
    • Ә) Тышқан
    • Б) Монитор
    • В) Модем
  5. Windows-тың негізгі экраны қалай аталады?

    • A) Жұмыс орны
    • Ә) Басқару тақтасы
    • Б) Сурет салу алаңы
    • В) Жұмыс үстелі
  6. Тышқанның сол жақ батырмасы қалай аталады?

    • A) Көмекші
    • Ә) Әмбебап
    • Б) Негізгі
    • В) Қосымша
  7. Тышқанның оң жақ батырмасы қалай аталады?

    • A) Көмекші
    • Ә) Негізгі
    • Б) Арнайы
    • В) Қосымша
  8. Бағдарламаны іске қосу әрекеті:

    • A) Қысқа команда
    • Ә) Жабық команда
    • Б) Ашық команда
    • В) Ұзын команда
  9. Құжатты ашуға әкелетін әрекеттер тізбегіне нұсқау:

    • A) Қысқа команда
    • Ә) Ұзын команда
    • Б) Ашық команда
    • В) Жабық команда
  10. Динамикалық мәзір қашан пайда болады?

    • A) Іске қосу батырмасын шерткенде
    • Ә) Тышқанның оң жақ батырмасын шерткенде
    • Б) Тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерткенде

2) «Сиқырлы сурет» тапсырмасы

Экранда дербес компьютер құрылғыларының суреттері көрсетіледі. Әр суреттің астында сұрақ жасырылған: оқушы суретті таңдап, сұраққа жауап береді.

  1. Операциялық жүйе дегеніміз не?
  2. Әрбір операциялық жүйе неше бөліктен тұрады? Оларды ата.
  3. Ядро дегеніміз не?
  4. Драйвер дегеніміз не? Мысал келтір.
  5. Интерфейс дегеніміз не?
  6. MS-DOS фирмасының операциялық жүйелерін ата.
  7. Көптапсырмалы операциялық жүйе дегеніміз не?
  8. Біртапсырмалы операциялық жүйе дегеніміз не?

3) Оқулықпен жұмыс (баптау тапсырмалары)

  1. Уақыт пен күнді баптау: бүгінгі күн мен ағымдағы уақытты қойып, баптаңыз.
  2. Жұмыс үстелін баптау: жұмыс үстеліне «тюльпан» фонын қойып, баптаңыз.
  3. «Қыстырма бет» параметрлерін баптау: қыстырма бет арқылы экранға «Информатика» мәтінін шығарыңыз.

4) «Информатикалық диктант» (бос орындарды толтыру)

Жасырын сөздердің орнына тиісті терминдерді жазыңыз.

Операциялық жүйе – есептеу процестері мен _________________________ басқару және пайдаланушы мен __________________ байланыстыратын жинақталған бағдарлама.

Ядро – командалық ____________________, бағдарламалық тілден “темір” тіліне аударатын _____________________, машина кодтарының тілі.

Интерфейс – пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым-қатынаста болатын __________ ________________.

Қазіргі кезде ең көп таралған операциялық жүйе – __________________.

5) Фильворд

Экранда фильворд беріледі. Ішінде операциялық жүйелердің атаулары жасырылған — соларды тауып, жазыңыз.

6) Морзе әліппесі

Морзе әліппесімен жасырылған сөзді табу. Жасырылған сөз: Windows XP.

7) Қателерді анықтау

Төмендегі тұжырымдарда қателер бар. Оқушылар қателерді тауып, дұрыс нұсқасын ұсынады.

Мен компьютерді іске қосу үшін міндетті түрде принтерді іске қосамын.

Компьютерді іске қосқан кезде экранға Windows XP мәтіндік редакторы шығады.

Windows-тың жұмысын бақылау үшін мен «Менің құжаттарым» файлына кіремін.

Windows-пен жақсы жұмыс істеу үшін маған міндетті түрде модем қажет. Сондықтан мен модемді іске қосамын.

Windows XP — Linex — Apple фирмасы шығарған операциялық жүйе.

Жұмыс аяқталғаннан кейін компьютерді өшіру үшін жүйелік блокты тоқтан ажыратып тастаймын.

IV. Қорытындылау

Сабақ барысында қарастырылған негізгі ұғымдар бойынша қысқаша қорытынды жасалады: операциялық жүйенің қызметі, негізгі компоненттері және Windows ортасындағы баптау әрекеттері.

V. Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың жұмысы бағаланады.

VI. Үй тапсырмасы

«Операциялық жүйелер» тақырыбына реферат жазу.