Мәтінді оқу
Сабақтың тақырыбы
Е. Салықов — «Күзгі орманның көріністері».
Білімділік мақсаты
- Өткен сабақты пысықтай отырып, жаңа сабақпен таныстыру.
- Күзгі орман тіршілігі туралы түсінік қалыптастыру.
- Орман тіршілік иелерінің әрекеті туралы білімді кеңейту.
- Орманның байлық екенін ұғындыру.
Тәрбиелік мақсаты
- Табиғатты қорғауға және аялауға тәрбиелеу.
- Ізгілікке, адамгершілікке баулу.
Дамытушылық мақсаты
- Өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
- Ойын, қиял және тіл байлығын жетілдіру.
- Зейінді тұрақтандыру, шығармашылық қабілетті шыңдау.
Сабақтың түрі
Серуен сабақ.
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру
Армысың, күн, емендер мен кең дала!
Армысың, тау, ормандар мен теңіздер!
Армысың, өсімдіктер, гүлдермен!
Армысың, әлемде өмір сүретін жандар!
Бүгін біз қоршаған ортаға — қуаныш пен ізгілікке толы әсем әлемге — сәлем береміз. Қане, жайдары күзгі күнге, мейірімді самал желге күлімсірейік. Бір-бірімізге жылы жүзбен қарап, сәттілік тілейік.
Сұрақ-жауап
- Сұрақ: Қазір қай мезгіл?
- Жауап: Терезе сыртында — күз.
- Күз бізге өзінің алтын жапырақтарын сыйлайды.
2) Үй жұмысын тексеру
Үйге қандай тапсырма берілді? Кім айтады? (4–5 оқушыдан сұрау.)
3) Жаңа сабақ
Күздің бізге берері әлі де көп. Бүгінгі сабақта Елемес Салықов ағамыздың «Күзгі орманның көріністері» әңгімесімен танысамыз.
Мақсатымыз
- Мәтін мазмұнын түсіну.
- Орман тіршілігі туралы ұғым қалыптастыру.
- Табиғатты аялауға және қорғауға үйрену.
Елемес Салықов — жазушы. Ол сендер сияқты балаларға арнап көптеген қызықты әңгімелер жазған.
Дәптермен жұмыс
Жазайық. (Күні, тақырыбы, негізгі ұғымдар.)
Ойланайық
Балалар, орманға барып көрдіңдер ме?
Бүгін бізбен бірге орман иесі болады. Ол өз орманын жамандықтан қорғайды, өсімдіктерге, құстарға және жануарларға қамқорлық жасайды. Бізді орман иесі — Бөрене атай — серуендетеді. Ол орманды аралата жүріп, тиін, борсық және қоянмен таныстырады.
Кітаппен жұмыс
- Мәтінді оқу.
- Дауыстап оқу.
- Шынжырлап оқу.
Тренинг: жұмбақ шешейік
Мол өнім бізге береді,
Барлығы жеміс тереді.
Жауабы: күз
Жүні үлпілдеген,
Бұтақтан бұтаққа секірген.
Жауабы: тиін
Бір жылда екі тон киген,
Ешкімге өзі тимеген.
Жауабы: қоян
Жаңа сабақты бекіту
Бөрене атайдың сендерге берер тапсырмасы бар: орман жапырақтарынан орман жануарының бейнесін құрастыру. Жапырақтарда сұрақтар жазылған. Кім жауап береді?
- 1. Мәтінде қай мезгіл суреттелген?
- 2. Мәтінде қандай тіршілік иелерімен таныстық?
- 3. Жануарлар қыс мезгіліне қалай дайындалады?
- 4. «Орман — байлығымыз» дегенді қалай түсіндіресің?
- 5. Достарыңа орманды қорғау туралы қандай кеңес айтар едің?
4) Қорытынды
Сабақ ұнады ма?
Ендеше, көңіл-күйлеріңді білдіретін күндей сары жапырақты көрсетіңдер. Мен де ризамын.
Негізгі ой
Орман — табиғи байлығымыз. Табиғат бізден жақсылығын аямайды, сондықтан біз де табиғатты қорғап, аялауды үйренейік.
5) Үй тапсырмасы
- Мәтінді мазмұндау.
- Сөзжұмбақты шешу.