Сын есімдерге мысал айт
Сабақтың мақсаттары
Білімдік
- Сын есім бойынша өткен білімді жүйелеу және тиянақтау.
- Дара және күрделі сын есім туралы түсінік беру.
- Жаттығулар арқылы білімді бекіту.
- Сұрақ қою арқылы сын есімді басқа сөз таптарынан ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық
- Сөздік қорды байыту.
- Сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
- Топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік
- Ізденімпаздық пен шығармашылыққа баулу.
- Ойын нақты әрі жүйелі жеткізуге тәрбиелеу.
- Адамгершілік құндылықтарды дамыту.
- Қоршаған орта мен тірі табиғатты сүюге тәрбиелеу, дүниетанымды кеңейту.
Сабақтың құрылымы
Негізгі өзек: «Сиқырлы текше» арқылы кезең-кезеңмен жұмыс
I. Ұйымдастыру кезеңі
Бастау- Өзін таныстыру, сабақ мақсатымен таныстыру.
- Топ мүшелерін сайлау.
-
Қызығушылықты ояту (математикамен байланыстыру)
Сұрақ: Мынау қандай фигура?
Жауап: Текше (куб).
Сұрақ: Оның неше жағы бар?
II. Үй тапсырмасын тексеру
Слайд №1«Сиқырлы текше» бойынша оқушының тақырып жөніндегі бастапқы білімін анықтау:
- Сын есім дегеніміз не?
- Қарсы мәндес сын есім дегеніміз не?
- Сын есімдерге мысал келтір.
III. Жаңа сабақ
Слайд №2–619-жаттығу (ауызша)
Мақсаты: сын есімді табу, құрамына қарай айырмашылығын аңғарту.
- Мәтіннің түрін анықтау.
- Қаз туралы не білетіндерін сұрау (дүниетанумен байланыс).
- Дара және күрделі сын есім ережесімен таныстыру.
Арнаулы сызба-кесте
Дара сын есім
Бір сөзден тұрады.
Күрделі сын есім
Екі немесе одан да көп сөзден құралады.
Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.
«Кім шапшаң?» ойыны
20–21-жаттығулар (ауызша)
20-жаттығу
Әр топ берілген дара сын есімдерді күрделі сын есімдерге айналдырады.
21-жаттығу
Берілген сын есімдерді қатыстырып сөйлем құрау.
Топтық жұмыс
22-жаттығу және шығармашылық тапсырмалар
1-топ — дәптермен жұмыс
- Жұмбақты шешу.
- Сын есімдерді табу.
- Сын есімді қатыстырып сөйлем құрау.
2-топ — тақтамен жұмыс
Сын есімі бар керік туралы бір сөйлем жазу.
3-топ — шығармашылық
Керіктің суретін салу (бейнелеу өнерімен байланыс).
Танымдық бөлім
Керік туралы интернет материалдары арқылы ой-өрісті кеңейту.
Сергіту сәті — пантомима ойыны
Оқушылар керік балаларының қимыл-қозғалысын ыммен көрсетіп, басқа топтар сол қимылды танып, сын есімі бар сөйлем құрайды.
Әдемі қыз өлең айтты.
Менің әжем қызыл ала сиырды сауды.
Оқушы қызықты кітап оқыды.
Суретпен жұмыс
23–24-жаттығулар (ауызша)
23-жаттығу
Әр топ сурет бойынша күрделі сын есімі бар әңгіме құрастырады.
Қосымша: суретті Маңғыстау табиғатымен салыстыру және сурет түрін анықтау (бейнелеу өнерімен байланыс).
24-жаттығу
1-топ
1-сөйлемдегі сын есімді тауып, сөйлем мүшесіне талдау жасайды.
2-топ
2-сөйлемдегі сын есімді табады.
3-топ
3-сөйлемдегі сын есімді тауып, сөйлем түрін анықтайды.
Сөздік жұмысы
Көз сүріндіреді — көптігінен көз жаңылысады, аса мол. (Қазақ тілінің сөздігі, 319-бет)
Дүниетанумен байланыстыру: тірі табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Білімді жинақтау
Арнаулы сызба-кесте технологиясы бойынша қорытындылау
1-топ — Венн диаграммасы
Берілген сөздерді дара және күрделі сын есімдерге топтастыру.
Дара
сары, әдемі, қымбат, биік
Күрделі
сап-салқын, көк ала, ақ боз, қою қара
Тізім
сары, әдемі, көк ала, қымбат, биік, сап-салқын, ақ боз, қою қара
2-топ — семантикалық карта
Сын есімдерді мағынасы жуық, қарсы мәндес, дара және күрделі түрлеріне қарай белгілеу.
Үлгі сөздер:
қара ала, қызыл, қалың-жұқа, сұлу (әдемі)
3-топ — сөйлемді сызбамен талдау
«Бір ақ қоян секірді» сөйлемі бойынша:
Аты
қоян
Қимылы
секірді
Сыны
ақ
Саны
бір
Әр топ өз тапсырмасын қорғайды.
IV. Қорытынды
ЖинақтауДара және күрделі сын есімнің айырмашылығын қорытындылап, оқушылардың жауаптары арқылы негізгі ұғымдарды бекіту.
V. Бағалау
Кері байланыс- Оқушыларды жинаған смайликтері бойынша бағалау.
- Әр топтың ұпай санын анықтау.
«Жүректен — жүрекке» тәсілі
Әр топқа тілек жазылған текше беріледі. Оқушылардың болашағына ізгі тілек айту арқылы «Өзін-өзі тану» пәнімен байланыс жасалады.
VI. Үй тапсырмасы
25-жаттығу25-жаттығуды орындау. Дара және күрделі сын есім тақырыбын қайталау және бекіту.