Барлық оқушылар
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән / Сынып
Математика, 2-сынып
Сабақ тақырыбы
Жиынды біріктіру және бөлімдерге бөлу
Бастапқы білім
Жиынды белгілеу үшін Эйлер–Венн диаграммасын пайдалана алады.
Оқу мақсаттары
2.5.2.2 — жиынды белгілеу үшін латын әліпбиінің бас әріптерін, жиын элементтерін белгілеу үшін кіші әріптерін қолдану; жиынға тиістілікті және тиісті еместікті белгілеу үшін сәйкес таңбаларды қолдану.
Негізгі ұғымдар
- Жиын
- Қасиеттері мен белгілері ортақ нысандар тобы.
- Жиын элементі
- Жиынды құрайтын нысандар.
- Белгілеу
- Жиын — бас әріппен, элемент — кіші әріппен жазылады.
- Эйлер–Венн диаграммасы
- Жиынды бейнелеуге арналған дөңгелектерден тұратын сызба.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар
- Жиындарды құрастыра алады.
Көптеген оқушылар
- Жиындарды жіктеуді үйренеді.
- Жиын элементтерін белгілеу үшін латын әліпбиінің кіші әріптерін қолданады.
- Жиынға тиістілік пен тиісті еместікті белгілеу таңбаларын қолдана алады.
Кейбір оқушылар
- Жиындарды біріктіру кезінде элементтердің тиістілігін анықтайды.
- Екі жиынды біріктіріп, атау қоя алады.
- Жиын элементтерін латын әліпбиінің әріптерімен атай алады.
- Құрастырылған жиын мен сызба бойынша екі амалдан тұратын есеп құрастырып, шешімін табады.
Тілдік мақсат
Оқушы әрекеттері
- Жиынға тиісті және тиісті емес элементтерді ажыратады.
- Суреттерді топтастырып, жиын құрайды (мысалы, құстар жиыны және жануарлар жиыны).
- Жиынның сипаттамаларын зерттейді: бос жиын, қосалқы жиын (табиғат мысалдары арқылы).
Терминдер мен таңбалар
- Жиындарды және оның элементтерін белгілеу үшін сәйкес таңбаларды қолданады.
- Жиын — латын әліпбиінің бас әрпімен, элемент — кіші әріппен белгіленеді.
Бағалау критерийлері
- Жиындарды құрастыра алады.
- Жиындарды жіктеуді меңгереді.
- Жиын элементтерін белгілеу үшін латын әліпбиін пайдаланады.
- Жиынға тиістілік және тиісті еместік таңбаларын қолданады.
- Екі жиынды біріктіріп, атау қоя алады.
Құндылықтарды дамыту
- Туған өлкенің табиғатын қорғауға баулу.
- Ынтымақтастықта жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Пәнаралық байланыс
- Дүниетану, жаратылыстану
- Әдебиет, көркем еңбек
- Дене шынықтыру, қазақ тілі
- АКТ қолдану дағдылары
Сабақтың барысы (басталуы — 5 минут)
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылар араласып, шеңберге тұрады.
- Психологиялық ахуал қалыптастырылады.
Өлең жолдары
Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,
Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!
Табиғат сенде бәрі ортақ:
Аспаның, күнің, айың да.
Құсың, аңың, балығың —
Көз тартады барлығы.
Таулар, сулар, ормандар —
Табиғатты қорғаңдар!
Сүйейік табиғатты, аялайық,
Біз де одан жақсылықты аямайық!
Анадай табиғаттың аясында,
Жадырап жас балаша дем алайық!
Кіріспе және мотивация
Мұғалім оқушыларға бүгін туған өлкенің табиғатына «саяхатқа» шығатынын айтады (слайд: «Табиғат»). Саяхатқа шығар алдында оқушылар «бас киімдерін киіп», үш шеңбер (обруч) арқылы топтасады: бір шеңберде ұлдар, екіншісінде қыздар, үшіншісінде мұғалім тұрады.
Сұрақ-жауап арқылы қайталау (диалог)
Сұрақ: Қандай диаграмма құрдық?
Жауап: Эйлер–Венн диаграммасын құрдық.
Сұрақ: Неліктен осылай біріктік? Қандай жиын құрдық?
Жауап: Ұлдар және қыздар жиынын құрдық.
Сұрақ: Әлішер, Димаш, Асыланбек және т.б. сендер қай жиынға тиістісіңдер?
Жауап: Ұлдар жиынына.
Сұрақ: Адина, Ақжан және т.б. қай жиынға тиістісіңдер?
Жауап: Қыздар жиынына.
Сұрақ: Ал мұғалім ше?
Жауап: Екі жиынға да тиісті емес.
Сұрақ: Эйлер–Венн диаграммасы дегеніміз не?
Жауап: Жиынды бейнелеу үшін қолданылатын сызба. Дөңгелектің ішінде жиын элементтері орналасады.
Сұрақ: Дәл қазір біз қалай сөйлесіп тұрмыз?
Жауап: Диалог түрінде.
Кері байланыс
Мұғалім оқушыларды мадақтап, сабаққа жақсы дайындықпен келгенін атап өтеді.
Топқа бөлу
I топ
А тобы
II топ
Б тобы
Автор туралы
Мектеп
Байқоңыр қаласы, №275 орта мектеп
Мұғалім
Рашаева Қалдыгүл Жайқожақызы, бастауыш сынып мұғалімі