Қолда барға қанағат етпейінше, қалағаныңа жетпейсің
Ертең емес — бүгін
«Ертең бәрі өзгереді» деген ой жұбатқанымен, шын мәнінде «ертең» көбіне келмейді. Күн сайын таңертең оянғанда — ертең емес, бүгінгі күн туады. Өзгерісті ертеңнен күтудің орнына, үмітті бүгінге артып, бүгіннен бастау әлдеқайда дұрыс.
Жолыңыз болса — тамаша
Ал сәтсіздікке ұшырасаңыз — ол тәжірибе. Ешқашан өкініп қалмаңыз.
Жаңа жол — ескі жолдан шығудан басталады
Жаңаны табу үшін кейде таныс бағыттан батыл түрде бас тарту қажет.
Қолайлы сәтті күту — тоқтап қалу
Егер тек «дұрыс уақытты» күтсеңіз, орныңыздан қозғалмайсыз. Алғашқы қадам үшін аздап ақымақ болып көрінуден қорықпаңыз.
Ең жақсы көмек — тәуелсіздік
Кедейлерге көмектесудің ең жақсы жолы — олардың бірі болмау.
Өзіңді өзің жасау
Адам бай немесе көшбасшы болып тумайды — ол өзін-өзі қалыптастырады. Бұл жолда өзгелердің пікірі әрдайым қатар жүреді. Бірақ елдің не айтқанына байланып қалмаңыз: күліп қабылдаңыз да, жұмысыңызды жалғастыра беріңіз.
Қанағат пен мақсат
Қолда барға қанағат етпейінше, қалағаныңызға да жете алмайсыз. Қанағат — тоқтау емес; ол — ішкі тұрақтылық пен алға ұмтылыстың теңгерімі.
Идея көп, нәтиже аз
Әлем ұлы идеяларға бай адамдарға толы. Бірақ дәулет пен нәтижеге тек санаулысы ғана жетеді — өйткені ойдың артынан жүйелі еңбек, табандылық және тәртіп ермесе, идея өздігінен құнға айналмайды.
Ойлау деңгейі
Диплом қажет болуы мүмкін, бірақ одан тым көп нәрсе күтудің қажеті жоқ: қабілет, дағды және әрекет шешуші рөл атқарады.
Ақылы көп адам
Ойды талқылайды.
Ақылы орта адам
Әдіс-айлаларды талқылайды.
Ақылы жоқ адам
Адамдарды талқылайды.
Бағыт, жоспар, әрекет
Өміріңізді жақсы жаққа өзгертіңіз және өзгертуден ешқашан шаршамаңыз.
Қайда кетіп бара жатқанын білетін адамға әлем жол береді.
Екі шектің арасында
Іс-әрекетті жоспарлау — арманды нақтылаудың бір жолы. Ал жоспарсыз әрекет ету — ақырында шатасуға алып келеді.
Дайындаған: Асыл