Биологиялық сағат
9-сыныпқа арналған биология оқу бағдарламасы
Жалпы көлемі: 68 сағат • Аптасына: 2 сағат
Құрылымы
Кіріспе + 5 бөлім
Кіріспе (1 сағат)
- Жалпы биологияның орны, мақсаты мен міндеттері: биологиялық заңдылықтарды, тіршілік әлемінің көптүрлілігін және тірі материяның құрылым деңгейлерін зерттеу.
- Топсеруен: тіршілік әлемінің алуан түрлілігімен танысу мақсатында табиғатқа шығу.
I бөлім. Жасуша — тіршіліктің бірлігі
Жалпы: 14 сағат
I тарау. Жасушаның химиялық құрамы (5 сағат)
-
2. Цитология: пәні, міндеттері және зерттеу әдістері
Әдістердің биология, медицина және ауыл шаруашылығы үшін маңызы.
-
3. Жасушаның ашылу тарихы
-
4. Жасушалық теория — ХІХ ғасырдың ірі жаңалығы
Негізгі қағидалары: жасуша — организм құрылысының, дамуының және қызметінің негізгі бірлігі.
-
5. Тірі материяның химиялық құрамының бірлігі
Өсімдік, жануар, саңырауқұлақ және бактерия жасушалары. Су, бейорганикалық қосылыстар және олардың рөлі.
-
6. Органикалық заттар және ферменттер
Көмірсулар, нәруыздар, нуклеин қышқылдары, АТФ, липидтер; ферменттердің тіршілік процестерін реттеудегі рөлі.
№1 зертханалық жұмыс
Тірі ұлпалардағы ферменттердің катализдік белсенділігі.
II тарау. Жасушаның құрылымы мен қызметі (3 сағат)
-
7. Жасушалық құрылымдар
Плазмалық мембрана, цитоплазма, эндоплазмалық тор, Гольджи жиынтығы, лизосомалар, митохондриялар, пластидтер, қозғалыс органоидтері, жасушалық қосындылар.
№2 зертханалық жұмыс
Пияз қабықшасы жасушасындағы плазмолиз және деплазмолиз.
-
8. Ядро: құрылысы және қызметі
Ядроның жетекші рөлі.
-
9. Прокариоттық және эукариоттық жасушалар
Құрылымдық ерекшеліктері және айырмашылықтары.
№3 зертханалық жұмыс
Өсімдік, жануар және бактерия жасушаларын салыстыру, айырмашылықтарын анықтау.
III тарау. Жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуі (2 сағат)
-
10. Зат алмасу және фотосинтез
Күн энергиясының органикалық зат энергиясына айналуы; жарық және қараңғы сатылар; судың фотолизі; энергияның қорлануы.
-
11. Жасушалық тыныс алу
Органикалық заттардың тотығуы; биологиялық тотығу мен жанудың айырмасы; анаэробтық және аэробтық гликолиз; митохондрия — жасушаның «энергетикалық стансасы».
IV тарау. Тұқым қуалау ақпараты және оның жасушада жүзеге асырылуы (4 сағат)
-
12. Генетикалық ақпарат және ДНҚ
Н. К. Кольцов. ДНҚ — нәруыз синтезі үшін матрица; ДНҚ-ның екі еселенуі (редупликация); ДНҚ матрицасы бойынша РНҚ түзілуі.
-
13. Генетикалық код және нәруыз биосинтезі
Код қасиеттері; транскрипцияның реттелуі.
-
14. Гендік және жасушалық инженерия
-
15. Транскрипция мен трансляцияның реттелуі
Бактериялардағы реттелу және жоғары сатыдағы организмдердегі реттелу ерекшеліктері.
II бөлім. Организмдердің көбеюі және жеке дамуы
Жалпы: 6 сағат
V тарау. Өзін-өзі ұдайы өндіру — тіріге тән жалпы қасиет (4 сағат)
-
16. Митоз
Жыныссыз көбеюдің негізі, фазалары және биологиялық мәні.
-
17. Көбею формалары
Жыныссыз көбею түрлері және жынысты көбею.
-
18. Мейоз
Фазалары және биологиялық мәні; сперматогенез және овогенез.
-
19. Ұрықтану
Жануарлар мен гүлді өсімдіктердегі ұрықтану және оның биологиялық маңызы.
VI тарау. Организмдердің жеке дамуы (2 сағат)
-
20. Жеке даму туралы негізгі түсініктер
Жасушалардың бөлінуі, өсуі, жіктелуі, органогенез, даму, қартаю және өлім; ұрықтардың ұқсастығы.
-
21. Организмнің біртұтастығы және реттелуі
Бейімделу деңгейлері, өзіндік реттелу; бастапқы даму кезеңдеріне сыртқы ортаның әсері; биологиялық сағат, анабиоз.
III бөлім. Генетика және селекция негіздері
Жалпы: 13 сағат
VII тарау. Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары (5 сағат)
-
22. Генетиканың қысқаша тарихы және Мендель заңдары
Гибридологиялық әдіс; моногибридтік шағылыстыру; бірінші ұрпақтың біркелкілігі.
№4 практикалық жұмыс
Қарапайым генетикалық есептер шығару.
-
23. Доминанттылық және ажырау заңдары
Екінші ұрпақта белгілердің ажырауы; гомозиготалы және гетерозиготалы даралар.
-
24. Генотип және фенотип
Аллельді гендер; талдаушы шағылыстыру; толық және толық емес доминанттылық; тәуелсіз тұқым қуалау; гендердің тіркесіп тұқым қуалауы.
-
25. Орта әсері және реакция нормасы
Сандық және сапалық белгілердің тұқым қуалауына ортаның ықпалы.
-
26. Жыныстың генетикалық анықталуы және адам генетикасы
Жыныспен тіркес тұқым қуалау; гендердің өзара әрекеттесуі; цитоплазмалық тұқым қуалаушылық; адам генетикалық әртүрлілігі; ортаның генетикалық денсаулыққа әсері; тұқым қуалайтын аурулар.
VIII тарау. Өзгергіштіктің заңдылықтары (4 сағат)
-
27. Өзгергіштік түрлері және мутациялар
Модификациялық және тұқым қуалайтын өзгергіштік; гендік, хромосомалық және геномдық мутациялар; гомологтік қатарлар заңы.
№5 зертханалық жұмыс
Модификациялық өзгергіштіктің вариациялық қатары мен вариациялық қисығын құрастыру.
№6 зертханалық жұмыс
Организмдердің өзгергіштігі.
-
28. Мутацияларды тәжірибелік жолмен алу
Адамның тұқым қуалайтын өзгергіштігі.
-
29. Генетика және медицина
Адам тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері; кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу және емдеу; резус-фактор.
№7 практикалық жұмыс
Өзіңнің шежіреңді құрастыр.
-
30. Медициналық-генетикалық кеңес беру
Туыстық некенің жағымсыз салдары; алдын алу және түсіндіру жұмыстары.
IX тарау. Генетика және селекция (4 сағат)
31. Селекцияның бастаулары
Жануарларды қолға үйрету; мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары; қолға үйрету аймақтары; үй жануарларының шығу тегі.
32. Заманауи селекция әдістері
Сұрыптау үшін өзгергіштіктің маңызы; сұрыптаудың шығармашылық рөлі; тұқымқуалайтын сапаны бағалау.
33. Туыстық шағылыстыру және гетерозис
Гетерозисті ауыл шаруашылығында қолдану.
34. Полиплоидия және жаңа тәсілдер
Әріден будандастыру, жасанды мутагенез және олардың селекциядағы маңызы; селекция жетістіктері.
№8 зертханалық жұмыс
Жергілікті өсімдік іріктемелерінің фенотиптерін сипаттау.
IV бөлім. Эволюция
Жалпы: 23 сағат
X тарау. Эволюциялық идеялардың дамуы және эволюция дәлелдемелері (4 сағат)
-
35. Эволюциялық түсініктердің қалыптасуы
Эволюционизм алғышарттары; Ламарктың эволюциялық теориясы.
-
36. Ч. Дарвин және түрлердің пайда болуы
Негізгі ұстанымдар; эволюцияның синтетикалық теориясының қалыптасуы.
-
37. Эволюция дәлелдемелері
Эмбриологиялық, морфологиялық, палеонтологиялық және биогеографиялық дәлелдемелер.
-
38. Түр және популяция
Түр критерийлері; популяция ұғымы.
№9 зертханалық жұмыс
Әр түрге жататын өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктерін салыстыру.
XI тарау. Эволюциялық процестің механизмдері (7 сағат)
-
39. Өзгергіштіктің эволюциядағы рөлі
Мутациялық және үйлесімдік (комбинативтік) өзгергіштік.
-
40. Табиғи сұрыпталу
Эволюцияның бағыттаушы факторы.
-
41. Тіршілік үшін күрес
Түрішілік және түраралық күрес; сұрыптаудың тиімділігі.
-
42–43. Сұрыпталу формалары және популяциялық үдерістер
Қозғаушы және тұрақтандырушы сұрыптау; гендер дрейфі; популяциялық толқындар; оқшаулану.
-
44. Бейімділік және қорғаныш реңдер
Қорғаушы, жасырушы, еліктеуші (мимикрия) және сақтандырушы рең; бейімділіктің салыстырмалы сипаты.
№10 зертханалық жұмыс
Организмдердің бейімделгіштігін талдау.
-
45. Түртүзілу және эволюция бағыттары
Эволюциялық процестің негізгі бағыттары және олардың арақатынасы.
№11 зертханалық жұмыс
Өсімдіктердегі ароморфоздар және бунақденелілердегі идиоадаптацияларды анықтау.
XII тарау. Жерде тіршіліктің пайда болуы (2 сағат)
-
46. Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастар
Теориялар; Л. Пастер тәжірибелері.
-
47. Абиогендік синтез және қазіргі көзқарастар
Органикалық молекулалардың абиогендік синтезі; бүгінгі ғылыми тұжырымдар; қазіргі кезде Жерде тіршіліктің қайта пайда болуы мүмкін бе?
XIII тарау. Жерде тіршіліктің дамуы (6 сағат)
-
48. Криптозой және палеозой
Архей, протерозой; жануарлар алуантүрлілігінің күрт артуы; кембрий, ордовик, силур, девон, таскөмір, пермь кезеңдері.
-
49. Мезозой және кайнозой
Триас, юра, бор; палеоген, неоген, антропоген кезеңдері.
-
50. Органикалық дүниенің алуантүрлілігі
-
51. Жүйелеу (таксономия) ұстанымдары
Жүйелеудің шығуы; жасанды және табиғи жүйелер; организмдерді жіктеу.
-
52. Тіршіліктің жасушалық емес формалары
Вирустар және фагтар.
-
53. Тіршіліктің жасушалық формалары
Ядросыздар және ядролылар; прокариоттар және эукариоттар.
XIV тарау. Адамның шығу тегі (4 сағат)
-
54. Адам шығу тегінің дәлелдемелері
Адам мен адамтәрізді маймылдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
-
55. Еңбек және адамның қалыптасуы
Антропогенездің алғышарттары.
-
56. Алғашқы адамдар
Ежелгі, ертедегі адамдар; қазбадан табылған қазіргі типтес адамдар.
-
57. Адам нәсілдері
Нәсілшілдіктің ғылыми негізсіздігі және кертартпалық мәні.
V бөлім. Экология негіздері
Жалпы: 11 сағат
XV тарау. Экожүйелер (7 сағат)
-
58. Экология пәні және экологиялық факторлар
-
59. Биотикалық оптимум және бейімделу
Организмдердің тіршілік ортасына бейімделуі.
-
60. Популяциялар мен экожүйелердің өзара әрекеттесуі
Әртүрлі түр популяциялары және экожүйелер арасындағы байланыстар.
-
61. Бірлестіктер және экожүйелер
Организмдердің қызметтік топтары; экожүйе мысалдары.
-
62. Энергия ағымы және қоректік тізбектер
Экологиялық пирамида; экожүйе өнімділігі; экожүйе қасиеттері және өзін-өзі реттеу.
-
63. Экожүйелердің ауысуы
Адам әрекетіне байланысты өзгерістер; агроценоздар.
-
64. Экологиялық білімді практикада қолдану
Жеке және қоғамдық деңгейдегі жауапты әрекет дағдылары.
XVI тарау. Биосфера және адамның әсері. Биосфераны қорғау (4 сағат)
-
65. В. И. Вернадскийдің биосфера ілімі
Биосфера құрамы; тірі зат және түрлік құрам; көміртек пен азот айналымы; шөгінді жыныстар мен топырақ түзілуіндегі организмдердің рөлі.
-
66. Адамның биосферадағы рөлі және ірі экологиялық проблемалар
-
67. Қоғам және қоршаған орта
Халық санының артуы; индустриялық тұтынушылар қоғамы; халықаралық ынтымақтастық және кедейлікпен күрес; экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамалары.
-
68. Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары
Тұрақты даму қағидалары.