Ертегі сомдау
Армысыздар, ардақты ата-аналар, аяулы бүлдіршіндер, қадірменді қонақтар! Бүгін «Жауқазын» балабақшасының «Айгөлек» балалар байқауына қош келдіңіздер.
Байқауды ашу үшін сөз
балабақша меңгерушісі _____________________________ беріледі.
Әр шаңыраққа әсем үнімен, ерке қылығымен қуаныш сыйлайтын, әр отбасының базары мен ажары болған бүлдіршіндер бүгін ортамызда би билеп, ән шырқап, өзге де түрлі өнерлерін көрсетеді.
Қазылар алқасы
Бүлдіршіндердің өнерін сараптайтын қазылар алқасымен таныстырамын:
- *
- *
- *
Кештің ашылу сөзі
Армысың, балабақша қауымы,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән шашу, әсем әуен, түрлі өнер —
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады.
Бүгінгі күн сіздерге арналады,
Көңілді күндер туса алдан әлі.
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін жұлдыздар сайысады.
Осылайша, бүгінгі кешімізді бастаймыз.
Байқау ережесі және кезеңдері
Әр кезең 5 ұпай бойынша бағаланады.
Бағалау: 0–5 ұпай- 1 Ертегі сомдау
- 2 Би
- 3 Ән
- 4 Саз аспаптар оркестрі
1-кезең: Ертегі сомдау
Өткен күн — таңғажайып ертегі ғой,
Айтады ертегі сыр, ертегі ой.
Ертегі айтса еліктіріп балаларды,
Қиялға жетелеп, ертеді ғой.
Бүлдіршіндерді кезекпен ертегі сомдауға шақырамыз:
«Бауырсақ»
Ортаға «Бауырсақ» ертегісімен «Балапан» 2-ші қазақ сәбилер тобын шақырамыз.
«Қасқыр мен егінші»
Ортаңғы «Толағай» қазақ тобының «Қасқыр мен егінші» ертегісін тамашалайық.
«Түлкі мен ешкі»
«Ақбота» 2-ші кіші қазақ сәбилер тобының «Түлкі мен ешкі» ертегісін тамашалайық.
«Крылатый, мохнатый и масленный»
Ортаға «Крылатый, мохнатый и масленный» ертегісімен «Рябинушка» орыс ересектер тобын шақырамыз.
2-кезең: Би
Ал, көрермен, ықыласпен демейік,
Жұлдыздардың өнерлерін көрейік.
Сыры менен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
Ендігі кезекте бүлдіршіндеріміздің билерін тамашалаймыз:
«Капельки»
Гномики (кіші орыс сәбилер тобы)Аспан тұрса күлімдеп, айын биік орнатып, ақса биік гүрілдеп — балаларға сол бақыт. Ортаға «Гномики» кіші орыс сәбилер тобының биші қыздарын шақырамыз.
«Балапандар» биі
Балапан (2-ші қазақ сәбилер тобы)Құрметті қонақтар, ортаға назар салыңыздар: бишілер шығып келеді, қол соғып қарсы алыңыздар. Ортаға «Балапан» 2-ші қазақ сәбилер тобының қыздарын «Балапандар» биімен шақырамыз.
Өзбек халық биі
Ақбота (2-ші кіші қазақ сәбилер тобы)Біз де биші боламыз, жұлдыз болып жанамыз. Аймира мен Гүлсезім: «Шұғыладай боламыз!» Ортаға «Ақбота» 2-ші кіші қазақ сәбилер тобының қыздарын өзбек халық биімен қарсы аламыз.
Түрік халық биі
Толағай (ортаңғы қазақ тобы)Ай секілді өздері, сыңғыр-сыңғыр билері. «Адам көркі — шүберек, келді міне үлбіреп!» Ортаға ортаңғы «Толағай» қазақ тобының мың бұралған биші қыздарын түрік халық биімен қарсы аламыз.
Грузин халық биі
Рябинушка (орыс ересектер тобы)Ой арманын кешеміз, ақылды боп өсеміз. Бүгінгі би сайыста өнер сырын шешеміз. Ортаға «Рябинушка» орыс ересектер тобының ұл-қыздарын грузин халық биімен қарсы алайық.