Шалғында өсетін өсімдіктер мен жануарларды топтастыру
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Өңірі мен мектебі
ШҚО, Аягөз қаласы, №5 жалпы білім беретін орта мектеп КММ
Пән мұғалімі
Бастауыш сынып мұғалімі — Қызжанова Рауия Аймұхаметқызы
Сабақтың тақырыбы
Шалғын өсімдіктері мен жануарлары
Сабақ форматы
- Типі: топтық жұмыс
- Түрі: жаңа сабақ
- Әдістері: сұрақ-жауап, топтастыру
- Көрнекіліктер: Қазақстан өсімдіктері мен жануарларының суреттері, сызбалар
Сабақтың мақсаты
Білімдік мақсат
Оқушыларға Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары, сондай-ақ шалғын өсімдіктері мен жануарлары туралы мәлімет беру.
Дамытушылық мақсат
Топтық жұмыс арқылы шығармашылық қабілетін арттыру және дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік мақсат
Табиғатты қорғауға баулу, өсімдіктер мен жануарларға сүйіспеншілігін ояту, табиғатқа жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Психологиялық дайындық.
- Оқушыларды топқа бөлу: көбелек, гүл, шегіртке, шөп.
- Топ басшысын сайлау, бағалау парағын тарату.
II. Гейм: «Бой сергіту» (сұрақ-жауап)
Әр топ өзіне тиісті сұрақтарға жауап береді.
1-топ
- Бейімделу деген не?
- Өлке, өңір ұғымдарына түсінік бер.
- Жануарлар неше топқа бөлінеді?
- Ауа қалай ластанады?
2-топ
- Қандай табиғи жағдайлар өсімдіктер мен жануарлардың бейімделуіне үлкен әсер етеді?
- Табиғи бірлестік дегеніміз не?
- Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
- Ауаны тазартудың ең тиімді жолы қандай?
3-топ
Аягөз өңірінің өсімдіктері.
4-топ
Аягөз өңірінің жануарлары.
Мұғалім бағыттаушы сұрақ қояды: «Балалар, біз қандай тарауды бастадық?» — «Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары». Одан кейін суреттер арқылы (көбелек, гүл, шегіртке, шөп) жаңа тақырыпқа жетелейді: тіршілік ортасы туралы ой қозғайды.
Ребус нәтижесі
ШАЛҒЫН
III. Гейм: «Жұмбақтас» (жаңа білім)
Шөптекті өсімдіктер жаз бойы жайқалып өсетін, ылғалы жеткілікті шағын үлеске көгал деп аталады. Ал аумағы үлкендеу жер шалғын деп аталады.
Шалғын көбіне көктемде тасқын су жайылатын өзен аңғарларында, тау етектерінде кездеседі. Оны жазық жерлерден де көруге болады. Құлпырған көк майса жазда ерекше әдемі көрініс береді.
Шалғында өсетін өсімдіктер
Шалғындық жоңышқа, қылтанақсыз арпабас, шалғындық атқонақ, жұпаргүл, күреңот, тышқанбұршақ сияқты алуан түрлі өсімдіктер өседі.
Шабындық ұғымы
Жаздың ортасында шалғын ортасындағы шөп жұмсақ болады. Пішен дайындалатын шалғынды шабындық деп атайды.
Ескерту: улы өсімдіктер
Шалғында мал жемейтін улы өсімдіктер де кездеседі. Мысалы: у қорғасын, сарғалдақ.
Шалғын жануарлары
Жазда шалғында бунақденелілер көп болады: ара, қоңыздар, түкті аралар, көбелектер. Құстардан бозторғай мен бөдене жиі кездеседі. Шалғында ірі аңдар көп болмайды, бірақ сарышұнақ пен көртышқан аз емес.
IV. Гейм: «Көсемдікке ұмтылу» (мәтінмен жұмыс)
Мәтінді іштей оқып, онда кездесетін өсімдіктер мен жануарлар атауларын дәптерге теріп жазу.
Сергіту сәті
Табиғаты елімнің,
Мақтанышы біздердің.
Оны ылғи аялап,
Қорғап, күтіп жүреміз.
V. Гейм: «Бөшкеден шыққан басқатырғылар» (қорытынды сұрақтар)
- Шалғын дегеніміз не?
- Шалғындағы табиғи бірлестік туралы айтып бер.
- Шалғында тіршілік ететін жәндіктердің қандай пайдасы бар?
- Жануарларға шалғынның қандай пайдасы бар?
- Көгал дегеніміз не?
- Шабындық дегеніміз не?
- Қандай жыртқыш құстар шалғыннан жемтігін табады?
- Шалғындар көбінесе қай жерлерді алып жатады?
VI. Гейм: «Мен саған, сен маған» (дұрыс/бұрыс)
1) Шалғын — шөптесін өсімдіктер өсетін жер.
2) Сарғалдақ — улы гүл емес.
3) Адамдар шалғынға мал жаяды.
4) Көк шалғын — шағын орман.
5) Бал аралары гүлден гүлге қонып, шалғыннан бал жинайды.
6) Қояндар мен түлкілер шалғынды паналайды.
7) Бөденелер шалғынға жұмыртқа салады.
8) Бірде-бір тіршілік иесі жеке-дара тіршілік ете алмайды.
VII. Гейм: «Адасқан суреттер» (топтастыру)
Шалғында өсетін өсімдіктер мен жануарларды топтастырып, жүйелеу.
Өсімдіктер
- шалғындық жоңышқа
- қылтанақсыз арпабас
- шалғындық атқонақ
- жұпаргүл
- күреңот
- тышқанбұршақ
- у қорғасын (улы)
- сарғалдақ (улы)
Жануарлар
- ара
- қоңыздар
- түкті аралар
- көбелектер
- бозторғай
- бөдене
- сарышұнақ
- көртышқан
Бағалау
Сөз топ басшыларына беріледі. Бағалау парақтары бойынша қорытынды жасалады.
Үй тапсырмасы
VII. Гейм: «Сөмке, еттартқыш, қоқыс шелек»
«Шалғын өсімдіктері мен жануарлары» тақырыбы бойынша деректер жинап келу.
Сөмке
Өзіммен бірге алып кететін маңызды ақпарат.
Еттартқыш
Ой елегінен өткізіп, толықтыратын тұстар.
Қоқыс шелек
Артық немесе түсініксіз болып қалған сұрақтар.