Туған елім мақтанышым Сабақтың мақсаты

Сабақтың тақырыбы

«Туған елім — мақтанышым»

Сабақтың мақсаты

Туған ел туралы түсінікті кеңейту, оны сүюге деген мақтаныш сезімін ояту.

Білімділік мақсаты

Тақырып бойынша түсінік бере отырып, еліміздің табиғаты мен байлықтары туралы оқытып-үйрету.

Дамытушылық мақсаты

Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздер мен туған ел туралы түсініктерін кеңейту.

Тәрбиелік мақсаты

Байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту, өз туған еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

  • Сұхбат
  • Шаттық шеңбері

Көрнекіліктер

  • Қала, рәміздер, карта бейнелері
  • Табиғат және байлықтар туралы суреттер

Жылулық шеңбері: «Менің сүйікті Отаным»

Балалар шеңберге жиналып, әрқайсысы жүрегін кеудесіне қойып, Отанға, туған жерге және отбасына деген сүйіспеншілігін білдіреді:

«Мен достарымды, туған жерімді, Отанымды, отбасымды жақсы көремін. Менің елім бақытты!»

Әңгімелесу

Сұрақ-жауап

Қазір қай мезгіл?
Қыс мезгілі.
Қыста дала қандай болады?
Салқын, қарлы, боранды.
Аптаның қай күні?
Жұма.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы — «Туған елім — мақтанышым». Ендеше «Туған өлкем» өлеңінен бір шумақты бірге айтайық:

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Қазақстан қалалары

Қандай қалаларды білесіңдер?

Астана, Алматы, Қостанай, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды, Семей, Қызылорда.

Алматы туралы тақпақ

Алматым — тұрсың мөлдіреп,

Саяңда өстік көп бала.

Сүйемін сені елжіреп,

Сүйемін сені тек қана.

Астана туралы тақпақ

Астана — айбат қала,

Келесің айбаттана.

Еліме тірек болып,

Тұр соғып жүрек болып.

Бұл — Қазақстан картасы. Мұнда еліміздің қалалары, таулары, өзен-сулары бейнеленген.

Қай елде тұрамыз?
Қазақстанда.
Қай қалада тұрамыз?
Атырау қаласында.
Елордамыз қай қала?
Астана.

Туған жер туралы мақал-мәтелдер

  • Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
  • Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
  • Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.
  • Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
  • Отан — оттан да ыстық.

Мемлекеттік рәміздер

Біздің Қазақстан — мемлекеттік рәміздері, мемлекеттік тілі және өзіндік шекарасы бар тәуелсіз ел. Ендеше әнұран, ту, елтаңба туралы тақпақтарды айтайық.

«Рәміз»

Рәміздерім — елдігімнің белгісі,

Білу керек баладағы ең кіші.

Рәміздерім — әнұран, ту, елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

«Елтаңбасы елімнің»

Елтаңбасы елімнің,

Неткен айбат әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

Құт-береке — шаңырақ,

Орын алған ол төрдің.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

«Көк ту»

Айнымайды аспаннан біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда биікке іліп қояды.

Көк аспанда қызыл күн, көк аспанда жас қыран,

Естілгендей біздің үн сол ғарыштың астынан.

Сергіту сәті

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз.

Еліміздің байлықтары

Қандай байлықтарды білеміз?

Көмір, мұнай, мақта, күріш, ұн, қант, көкөністер мен жемістер, күнбағыс майы.

Өндірілетін өңірлер

Көмір
Қарағанды, Семей өңірлері
Күріш
Қызылорда, Алматы өңірлері
Мұнай
Атырау, Маңғыстау өңірлері
Ұн
Қостанай, Ақмола өңірлері

Байтақ жеріміздің қазынасы мол. Табиғатымыз бен байлығымыз — ел игілігі.

Қорытынды

Сабақты қорытындылай отырып, ән сабағынан «Әрқашан күн сөнбесін» әнін бірге орындайық.