Қант қызылшасы

Солтүстік Қазақстан облысы · Петропавл қаласы

Қалалық классикалық гимназияның география пәні мұғалімі: Кусаинова Айжан Куанышбайқызы

Сабақтың тақырыбы

АӨК ІІ буыны: ауыл шаруашылығы (өсімдік және мал шаруашылығы)

Сабақтың мақсаттары

1) Білімділік

Оқушылардың Қазақстандағы өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы туралы білімін қалыптастыру, ауыл шаруашылығының ел экономикасындағы рөлінің жоғары екенін ұғындыру.

2) Дамытушылық

Әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, дүниетанымдық қабілеттерін кеңейту, белсенділігін арттыру және танымдық қызығушылығын жетілдіру.

3) Тәрбиелік

Ұйымшылдыққа және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері
СТО, интерактивті әдіс-тәсілдер
Құрал-жабдықтар
Интерактивті тақта, гербарий, атластар, суреттер

Дидактикалық кезеңдер

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық)
  2. II. Үй жұмысын тексеру
  3. III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  4. IV. Бекіту және қорытындылау

Үй жұмысын тексеру: дұрыс/бұрыс тұжырымдар

Әр тұжырымға «+» (дұрыс) немесе «−» (бұрыс) белгісі қойылады.

Тұжырым Жауабы
АӨК I буыны қызмет көрсету, техникамен және тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салаларды қамтиды. +
Ауыл шаруашылығында жер — негізгі зат әрі еңбек құралы. +
Ауыл шаруашылығы — экономиканың маусымдық саласы. +
Ауыл шаруашылық өндірісіне табиғи жағдайлар әсер етпейді.
Еліміздің барлық жері жер қорына жатады. +
АӨК II буыны — ауыл шаруашылығы. +
Ауыл шаруашылығының негізі — өсімдік және мал шаруашылығы. +
«Аграрлық» сөзі «өңдеу» деген ұғымды білдіреді.

Жаңа тақырып: ауыл шаруашылығының маңызы

Ауыл шаруашылығы — Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі. Аграрлық сектордың даму деңгейі әрдайым жоғары маңызға ие болып, елдің экономикалық әрі қоғамдық-саяси тұрақтылығына ықпал ететін факторлардың қатарында қала береді.

Республика үшін ауыл шаруашылығы — экономикалық дамудың әлеуетті бағыттарының бірі. Бұл сала мол мүмкіндікке және ірі резервтерге ие.

Қазақстанның әртүрлі климаттық жағдайлары бірқалыпты жылы белдеудегі көптеген дақыл түрлерін өсіруге, сондай-ақ мал шаруашылығын дамытуға қолайлы алғышарттар жасайды.

Сыныптық талқылау сұрақтары

  • Ауыл шаруашылығы туралы не білесіңдер?
  • Карта бойынша қандай болжам жасауға болады?

Бақылаушылар тобы: негізгі тұжырымдар (карта бойынша)

Егіншілік және дақылдар

  1. Егіншіліктің басты саласы — дәнді дақылдар өсіру.
  2. Бидай жылуды жақсы көреді; ең қолайлы топырақ — қара және қара қоңыр.
  3. Бидай өсірудің негізгі «тың» өңірлері: Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан.
  4. Арпа — тез пісетін, төзімді дақыл; көптеген аймақта таралған.
  5. Сұлы — ыстыққа төзімсіз, ылғалсүйгіш өсімдік.
  6. Тары — құрғақшылыққа төзімді; Батыс пен Солтүстікте өсіріледі.
  7. Техникалық дақылдар: мақта, қант қызылшасы, күнбағыс.

Мал шаруашылығы

  1. Қой шаруашылығының негізгі өнімдері: ет, май, жүн, тері, қаракөл.
  2. Шөл және шөлейт зоналарында түйе шаруашылығының маңызы жоғары.
  3. Шошқа шаруашылығы — тез салмақ қосатын, жылдам көбейетін және жайылымды көп қажет етпейтін тиімді сала.

Бекіту: сипаттамасы бойынша анықта (1-топ)

Бидай

Жылуды жақсы көреді, қара және қара қоңыр топырақта өседі.

Күріш

Жылу мен ылғалды сүйетін дақыл; еліміздің оңтүстігінде өсіріледі.

Мақта

Бағалы талшықты дақыл; Сырдария және Арыс өзендерінің бойында өсіріледі.

Қант қызылшасы

Қант өндіру үшін өсіріледі.

Сұлы

Жемшөптік дақыл; көбіне Солтүстік және Шығыс өңірлерде таралған.

Бекіту: сипаттамасы бойынша анықта (2-топ)

Қой

Жақсы жайылым және қысқы азық қоры қажет.

Шошқа

Жайылымды көп қажет етпейді, тез салмақ қосады және жылдам өседі.

Марал

Мүйізінен дәрі-дәрмек жасалады.

Құс

Ірі өнеркәсіп орталықтарына, қалаларға және астық өндіретін кәсіпорындарға жақын аудандарда шоғырланады.

Түйе

Жүк тасуға бейім, азық талғамайды, шөлдің ыстығына төзімді.

Сәйкестендіру (3-топ)

Аймақтарды негізгі дақылдармен сәйкестендір:

Солтүстік Бидай
Шығыс Күнбағыс
Оңтүстік Қант қызылшасы
Батыс Тары

Талқылау

  • Кестеден нені байқаймыз?
  • Ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту үшін не істеу керек?

Ұсыныстар және кәсіби бағдар

1-топ: ұсыныстар

  • Егіншілікте өнімді сорттарды енгізу және тұқым сапасын арттыру.
  • Су үнемдеу технологияларын қолдану және топырақ құнарлылығын сақтау.
  • Логистика мен сақтау инфрақұрылымын жақсарту.

2-топ: ұсыныстар

  • Мал азығы базасын нығайту және селекция жұмыстарын дамыту.
  • Ветеринарлық қауіпсіздікті күшейту және өнім сапасын бақылау.
  • Ауыл шаруашылығымен байланысты мамандықтарды таныстыру және жыл сайынғы Президент Жолдауларындағы басымдықтарды талдау.

3-топ: мақал-мәтелдер (тақырыппен байланысты)

  • Арпа, бидай — ас екен, алтын, күміс — тас екен.
  • Нан — тамақтың атасы.
  • Нанның негізі — дән.
  • Жері байдың — елі бай.
  • Жер тоймай, ел тоймайды.
  • Бидайдың барар жері — диірмен.
  • Жүгерісі барға — жұт жоқ.

Жазылым: эссе

Тақырып

Ауыл шаруашылығының ел үшін маңызы.

Орындау тәртібі

Әр оқушы өз тобында эссесін оқиды. Топ ішінен ең жақсы жұмысты таңдап, сынып алдында таныстырады.

Қорытынды және рефлексия

«Соңғы сөзді мен айтамын» стратегиясы

Оқушыларға сабақ бойынша ойларын жинақтап айтуға мүмкіндік беріледі.

Рефлексия сұрақтары

  • Бүгінгі сабақта нені білдім?
  • Алған білімімді қайда және қалай қолдана аламын?

Үй тапсырмасы

1) Сарамандық жұмысқа дайындық

Ас мәзірін құрастыру.

2) Презентация

Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы.

3) Қосымша

Материалдың толық нұсқасын жүктеу (мұғалім ұсынған сілтеме/платформа арқылы).