Сыр сандықтан теңдеу жайлы анықтамаларды оқыту
Математика (3-сынып): Теңдеуді шешу тәсілдері
Бұл сабақта оқушылар теңдеуді шешудің негізгі тәсілдерін меңгеріп, белгісізді табу, тексеру және қорытынды жасау дағдыларын дамытады.
Мақсаты мен міндеттері
1) Білімділік
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде білім, білік және дағдыны қалыптастыру; теңдеудің ерекшеліктерін түсіну және білімді тереңдету.
2) Дамытушылық
Салыстыру, қорытынды шығару, негізгі ойды ажырата білу, өз пікірін қысқаша әрі нақты жеткізу дағдыларын дамыту.
3) Тәрбиелік
Сыныптастарын сыйлауға, өзгелерді мұқият тыңдауға, бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақ типі
Жаңа сабақ
Сабақ түрі
Сын тұрғысынан оқу және жазу
Әдіс-тәсілдер
Көрнекілік, топтау, семантикалық карта
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Тұсаукесер (презентация)
- Электронды оқулық
- Бейнефильмнен үзінділер
Сабақ барысы
I. Қызығушылықты ояту
Сандық өрнек пен теңдеуді салыстырыңыздар. Венн диаграммасы арқылы айырмашылығы мен ұқсастығын анықтаңыз.
Салыстыруға арналған мысалдар
Сандық өрнек
20 + 50 = 70
Теңдеу
x + 50 = 70
II. Мағынаны тану
Бірлесе іздеп, талқылаймыз: белгісізді табу, амалдарды кері бағытта қолдану және жауапты тексеру.
А) Ертегі (оқу және ойлану)
«Сандар мен белгілер патшалығы» қиындыққа тап болыпты: «Өрнек» отбасының бір ханшайымы жоғалып кетеді. Ханшайымнан хабар болмайды.
Сонда патша жарлық шығарыпты: «Кім белгісіз ханшайымды тапса, соған оны әйелдікке беремін және патшалығымның жартысын сыйға тартамын». Көптеген ханзадалар мен серілер іздейді, бірақ тек біреуі ғана ханшайымды тауыпты.
Ол қалай тапты? Төмендегі теңдеуді шешіп көріңіз:
900 : x = 9
Кері амал
x = 900 : 9
Есептеу
x = 100
Тексеру
900 : 100 = 9
Ә) Теңдеулерді шешу
300 − a = 160
Шешуі: a = 300 − 160 = 140
240 − x = 130
Шешуі: x = 240 − 130 = 110
680 : a = 10
Шешуі: a = 680 : 10 = 68
630 : x = 9
Шешуі: x = 630 : 9 = 70
Теңдеу туралы не білеміз?
«Сыр сандықтан» теңдеу туралы анықтамаларды оқып, негізгі белгілерін қорытындылаңыз: теңдік белгісі, белгісіз шама, шешімі және тексеру.
Есеп 1 (мәтін есеп)
Жинады
62 ұлу қабыршағын
Берді
4 досына, әрқайсысына 5 қабыршақтан
Қалғаны
7 қорапқа салынды
Сұрақ
Әр қорапта неше қабыршақ бар?
Шешуі
(62 − 4 × 5) : 7 = 6
Жауабы: әр қорапта 6 қабыршақтан.
Сергіту сәті (есептеу жаттығулары)
(400 − 250) : 5 + 64 : 2 = 62
75 : 3 × 4 + 65 = 165
(28 + 16) : 4 + 55 : 5 = 22
54 : 9 × 3 + 42 = 60
№6. Теңдеу шешу және қорытынды (өзіндік жұмыс)
Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша теңдеулерді өз бетінше шешіп, нәтижесін тексереді және қолданған тәсілін қысқаша түсіндіреді.
III. Рефлексия
«Сиқырлы сандық» әдісі арқылы бүгінгі сабақта теңдеу туралы білгендерімізді қайталаймыз.
Теңдеу тақырыбына синквейн құрастыру
Үлгі:
- 1 Теңдеу
- 2 Белгісіз, құпия
- 3 Ойланамыз, шешеміз, тексереміз
- 4 Әрқашан белгісізді табамыз
- 5 Теңдік
Үй тапсырмасы
№5, №7 (187–188-беттер)
Бағалау
Сабаққа қатысу белсенділігі, тапсырмаларды дұрыс орындауы, түсіндіруі және өзіндік жұмыстың нәтижесі бойынша бағаланады.