Сабаққа кіріспе
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән / сынып
Қазақ тілі, 9-сынып
Сабақ тақырыбы
«Астана – арман қала»
Сабақ мақсаты
Тақырып мазмұнын меңгерту, Астана туралы білімді жүйелеу және сөйлеу мен жазу дағдыларын дамыту.
Міндеттері
Білімділік
Оқушылардың Астана қаласы туралы білімін толықтыру; шылау сөздерді орынды қолдануға үйрету.
Дамытушылық
Танымдық әрекеттерін қалыптастыру; ауызекі сөйлеу және сауатты жазу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Жұпта жұмыс істеуге, адамгершілікке, шыдамдылыққа, тәртіпке тәрбиелеу; отансүйгіштік сезімін ояту.
Сабақ форматы және құралдары
Түрі және технологиялары
- Сабақ түрі: құрастырылған
- Сыни тұрғыдан ойлау
- АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технология)
- Модульдік оқыту
Әдіс-тәсілдер және жұмыс түрлері
Көрнекіліктер
АКТ құрылғылары, интерактивті тақта
Кестелер, сурет қиықтары, оқулық
Стикерлер, түрлі-түсті қағаздар
Маркерлер, бағалау парақтары
Сабақ кезеңдері
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Сәлемдесу.
- 2 Психологиялық ахуал: «Көңіл шеңбері» әдісі арқылы жақсы лебіз білдіру.
- 3 Топқа бөлу: мозаика құрастыру арқылы топтасу. Әр топ өз ішінде топ басшысын сайлайды. Топ басшысы сабақ бойы бағалау парағын алдын ала берілген критерийлер бойынша толтырып отырады.
II. Сабаққа кіріспе
Сабақ ұраны (интерактивті тақтадан)
Сән беріп Сарыарқадай гүл өңірге,
Жайнаған Отанымның жүрегінде.
Астанам – бақ ошағым, түп қазығым,
Айналған бар қазақтың тірлігіне…
Миға шабуыл
«Бұл өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?» сұрағы бойынша оқушылар тақтадағы суреттерге сүйеніп, өз ойларын ортаға салады (1–2 минут).
Постер / кластер
Өлең мазмұнын постер немесе кластер түрінде бейнелейді. Уақыт жеткіліксіз болса, келесі кезеңде толықтырады.
III. Негізгі бөлім
3.1. Мәтінмен жұмыс
1-тапсырма (135-бет): екеуара диалогты оқып, түсінгендерін жұпта талқылайды.
3.2. «Сұрақтар қоржыны»
Оқушылар қағаз қиықтарына мәтін бойынша сұрақтар жазып, бір қоржынға салады. Мұғалімнің рұқсатымен кезекпен сұрақ алып, жауап береді. Осылайша мәтін мазмұны терең меңгеріледі.
3.3. Шылауларды табу
2-тапсырма: мәтін ішінен шылау сөздерді теріп, кестенің бағандарын толтырады: жалғаулықтар, демеуліктер, септеуліктер.
3.4. Идеяны толықтыру және синквейн
Сабақ басында жасалған постер/кластерге қайта оралып, толықтырады. «Астана» сөзіне алдымен жеке синквейн құрастырады, кейін топта талқылап, топ атынан ортақ синквейн жазады.
3.5. Топ жұмысын қорғау
Әр топ өз жұмыстарын (постер/кластер, синквейн, қорытынды) таныстырып, қысқаша дәлелдейді.
IV. Үй тапсырмасы (таңдау бойынша)
4.1. RAFT
«Жарнамалық проспект» әзірлеу.
4.2. Презентация
Астана туралы презентация дайындау.
4.3. Сұхбат
Тақырыпқа байланысты сұхбат құрастыру және ұсыну.
Оқушылар үй тапсырмасын өз қалауы бойынша таңдайды.
V. Рефлексия және бағалау
Бағалау
Топ басшылары өз топтастарына қойған бағаларды хабарлайды. Мұғалім «Келісемін / Келіспеймін» әдісі арқылы пікірлерді тыңдап, қорытынды бағаны журналға қояды.
Кері байланыс
Оқушыларға шеңбер пішініндегі қағаз қиықтары таратылады. Олар смайл салып, сабаққа өз бағаларын береді, ұнаған және қиын болған тұстарын айтып, ұсыныстарын білдіреді.