Ана тауық
Сабақ туралы мәлімет
- Білім саласы
- Денсаулық
- Бөлімі
- Дене шынықтыру
- Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті
- Өрмелеу, еңбектеу, жүру
Мақсаты
Бүлдіршіндерге жүру, жүгіру, өрмелеу, еңбектеу дағдыларының қарапайым негіздерін үйрету. Баланың эмоциялық көңіл-күйін еркін білдіруіне қолайлы жағдай жасау.
Ойын арқылы белсенділігін арттыру, психогимнастика арқылы баланың ішкі жан дүниесін сезінуіне мүмкіндік беру және логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
- Сюжетті ойын
- Көрсету, түсіндіру
- Өрмелеу, еңбектеу
- Психогимнастика
- Логоритмика
- Аутотренинг
Сабақтың жүру барысы
1) Кіріспе бөлім — сюжетті бастау
Үнтаспадан аулада жүрген тауықтың дауысы естіледі: «Ку-ка-ре-ку». Ортаға ана тауық шығып, жұмыртқаның жанына келіп өлеңдетеді:
Тук-тук-тук,
Аппақ-аппақ ақ отау,
Аузы-мұрны жоқ отау.
Шөжелерім, бармысың,
Ақ мамықты тал мүсін?
Балалар (шөжелер)
Қазір-қазір шығамыз, айтқан сөзді ұғамыз.
Ана тауық
Уақыт болды, шығыңдар! Тізіліп сапқа тұрыңдар!
«Шөжелерім» әуені ойналып, балапандар бірінің артынан бірі шығып, жарты шеңбер жасап тұрады. Ана тауық балаларды мақтап, денені шынықтырудың маңызын айтады.
2) Жалпы дамыту жаттығулары («Утята» әуенімен)
- 1. Б.қ.: тік тұру. Аяқ бірге. Қолды көтеріп, алақанды ашып-жұму; қолды шынтақтан бүгіп отырып-тұру; тұрған кезде қол соғу.
- 2. Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшына тұру (3–4 рет).
- 3. Аяқты алшақ қою. Қолды жоғары сермеу, денені сәл шалқайту. «Құйрықпен алға жылжу» қозғалысын имитациялау.
- 4. «Жем жейміз»: еңкейіп, жерден жем шоқығандай қимыл жасау, қайта шалқаю.
- 5. «Шаттану»: шалқадан жатып, қол мен аяқты кезек-кезек қимылдату.
- 6. Секіру. Соңында тынысты реттеу.
3) Шиеленіс — «тарғыл мысық» пайда болады
Ана тауық елеңдеп: «Мынау ненің дауысы? Бұл — сендердің басты жауларың, тарғыл мысық». Мысық «ыс-ыс-ыс» деп айбат шегіп, балапандарды үркітеді. Балалар алаңда бытырай жүгіріп, қауіптен тығылуға тырысады.
Ана тауық
Әй, тарғыл мысық! Тиме менің балапандарыма, тұмсығыммен шұқып аламын!
Мысық
Мияу-мияу. Мықтыларға тимеймін. Тек әлсіз балапандарды ғана ұстаймын. Кім мен сияқты жер бауырлап еңбектеп, ағашқа өрмелей алса — тимеймін!
4) Негізгі қимылдар — еңбектеу және өрмелеу
Балалар екі колонна болып тұрады: гимнастикалық скамейканың астынан еңбектеп өтеді, кейін гимнастикалық қабырғаға өрмелейді.
Мысық: «Мияу-мияу, күштілерге тимеймін, балапан етін жемеймін».
Ана тауық мысықты ойынға шақырады.
5) Қимылды ойын — «Тарғыл мысық және балапандар»
Ойынның мақсаты
Кеңістікті бағдарлау, алаңдағы өз орнын табу, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Ептілік пен табандылықты қалыптастыру.
Мазмұны
Алаңда балапандарға арналған екі «үй» белгіленеді: 1-үй — сары жалаулы, 2-үй — көк жалаулы. Мысық қуғанда әр балапан өз үйінің түсін тауып үлгеруі керек. Өз түсін таба алмаған немесе ұсталған бала ойыннан шығады.
Балапандардың әні
«Мияу-мияу, мысығым, қатал неге қылығың? Біз ойынды сүйеміз, бізге бірақ тимеңіз», — деп әндетіп, ортада би қимылдарын жасайды.
6) Қозғалыс дағдысы — «ізді жол» және «суға малту»
Ана тауық: «Жарайсыңдар, балапандар! Енді жаттығуды жалғастырамыз. Қане, суға малтуды үйренейік».
- «Енка» әуенімен ізді жолмен жүру.
- Бассейндегі суға аттап түсіп, малтығандай қимыл жасау.
- Арғы жағаға шығу.
7) Психожаттығу — «Күн шуаққа кептіру»
Ана тауық: «Балапандар, мамығымыз су болып қалды, тоңып барамыз. Қане, жылынайық: қанатымызды қағып, басымызды, кеудемізді, қанатымызды, аяқтарымызды сілкіп, кептірінейік».
«Ой, балалар, күн шықты! Қандай тамаша! Күн қандай шуақты, қандай жылы! Енді бір-бірімізге күлімдеп қарайық». (Жеңіл, әдемі әуен ойнап тұрады.)
8) Қорытынды — релаксация және тыныс жаттығулары
Балалар жарты шеңбер жасап тұрады. Одан кейін арқамен жатып, баяу әуенді тыңдайды: қозуды босаңсумен алмастыру.
Психогимнастика (сұрақ-жауап)
- — Жаңа бізбен ойнаған кім? — Мысық.
- — Мысық ұйықтағанда көздері қандай болады? Көзге арналған жаттығу: екі қолмен көзді сәл тартып, сығырайту.
- — Итті көргенде ше? Көзді бақырайтып, барынша кең ашу.
- — Мысық қалай дыбыстайды? Ауызды белсенді қимылдатып, мысықтың дауысын салу.
- — Мысық секілді мұрнымызбен дем алып, иіс сезіп көрейік. К.П. Бутейко әдісі бойынша тыныс алу элементтері.
Ана тауық: «Балапандар, сендер бүгін көп жаттығу жасап, жақсы еңбектендіңдер. Енді мен сендерге өз отауларыңа ұқсас тәтті сый ұсынамын». Ана тауық үлкен жұмыртқа-отаудың ішінен сюрприз алып шығады.
«Ку-ка-ре-ку» және «Шөжелерім» әуенімен балалар топқа қайтады.