Бұлақтарым - меруерт, Саф алтыннан сарайым

Мағжан Жұмабаев

(Гетеден)
Қараңғы салқын түнде кім
Аяңдамай, желеді?
Жанында жас ұлы бар,
Жолаушы жортып келеді.
Әкесіне дірілдеп
Тығылды бір уақ нәресте.
Құшақтап қысып баласын
Жылытады қарт әке.
Heгe қорқып тығылдың,
Айтшы, көзім қарасы?
Көз алдымда жарқ етті,
Жан ата, орман патшасы.
Сақалы оның қоп - қою,
Қара тәж киген Қарахан!
Жоқ, жаным, су үстінде
Тұман ғой ол ағарған!
Мойныңды бұр, балақай,
Маған қара, нәресте.
He тілесең, менде бар
Сансыз қызық көп нәсте!
Хош иіске толтырар
Феруза гүлдер маңайын.
Бұлақтарым - меруерт,
Саф алтыннан сарайым! -
Жан ата, орман патшасы
Сөйлеседі менімен,
Меруерт, маржан қуаныш,
Береді алтын кенімен!
Жаным, жаңылыс естіпсің,
(Берген патша ол неткен?!)
Жел ғой ол жаңа оянып,
Жапырақты тербеткен .
Келші маған, нәрестем,
Тоғайымның ішінде
Сұлуларым көрерсің,
Көрмеген ондай түсінде.
Ай жарықта сұлулар
Тоқтаусыз ойнар да ұшар.
Тылсымды ойын, бал шумен,
Сәулем, сені ұйықтатар! -
Жан ата, орман патшасы
Шақырды қара қастарын!
Арасынан бұтақтар
Шұлғиды қыздар бастарын!
Қорықпа, балам, қараңғы
Түнде жоқ еш қорқыныш.
Ол - ақ шашты ағаштар,
Жай ғана тұр ғой тып - тыныш!
Жараланды жүрегім,
Ғашықпын, бала, көркіңе.
Енді маған келерсің!
Қоймаспын, сірә, еркіңе! -
Жан ата, орман патшасы
Қуып бізге жетті ғой.
Келіп қалды мінекей,
Қысылдым, демім бітті ғой!
Жолаушы енді қысылып,
Шаппайды, ұшып келеді.
Қайғырады нәресте,
Нәресте жылай береді.
Құйындатып жолаушы,
Үйіне ұшып келіпті.
Бірақ оның қолында
Нәресте жолда өліпті.



Ұқсас жұмыстар

Асыл тас атауларының этимологиясы
Айбек Қалмағамбетов. Жоғалған қыз туралы аңыз
Қазақтың зергерлік өнері
Қазақ зергерлік бұйымдарының түрлері
Тұрақты тіркестерді оқыту
Алтын Адам
Ежелгі Грек өнерінің классикалық кезеңі, б. з. д. V–ІV ғасырлар
Зергерлік әшекей бұйымдар
Қазақстан көшпелілердің және арғытүріктердің мәдени мұрасы
Зергерлік өнер
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы кенті, 7 орта мектебініңағылшын тілі пәні мұғалімі Түешиева МеруертАғылшын тілінде 26 әріп, 44 дыбыс бар
Ахмет БайтұрсыновЖадовскаяданМінсіз таза меруертСу түбінде жатады
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы кенті Ағылшын тілі пәні мұғаліміТүешиева МеруертPresent Simple (осы шақ)Present Simple - аты айтып тұрғандай іс - әрекеттің дәл қазір болып жатқандығын білдіреді
Бір кесе меруерт мәтінінің авторы кім
ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл гимназиясының информатика пәні мұғаліміКунафина Меруерт НуржановнаХХІ ғасыр көшбасшысыІ кезең бәйгеЕжелгі гректер мен египеттіктер аспан тасы деп атаған затты көрсетіңіздер
Қол созып алақанына алып қараса кәдімгі байлардың көз құртын жейтін тай тұяқ алтынның сынығы іспеттес саф алтын
Бадрисафа кім
Бала саф құрыштай берік, мықты болсын деп қойылған есім
Шаңырақ сырға құлақта, Мөлт - мөлт еткен меруерті
ШҚО, Аягөз қаласы Қалалық көпсалалы қазақ мектеп - гимназиясы КММФизика және информатика мұғаліміКунусова Меруерт ОрынгалиевнаСабақтың тақырыбы