Топ ережесі
Сауат ашу (1-сынып)
Сабақтың тақырыбы: «Мен және табиғат. Ү дыбысы мен әрпі»
Пәнаралық байланыс
Өнер, ана тілі
АКТ қолдану
Аудиожазба, таныстырылым
Оқу мақсаттары
Тыңдалым және түсіну
- 2.2 — Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну.
- 1.4 — Оқиғаны болжау.
Оқу және сөйлеу дағдылары
- 2.1 — Оқу түрлерін қолдану.
- 1.9 — Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сай дұрыс айту.
- 3.8 — Каллиграфиялық және графикалық нормаларды сақтау.
Сабақтың мақсаттары
Барлығы
Жаңа білімді меңгереді.
Көбі
Мәтінді түсініп тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі
Алған білімін өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері
- Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
- Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу, ынтымақтастықта жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың басы: ынтымақтастық атмосферасы
Психологиялық дайындық
Амандасуға арналған шағын өлең:
Амандасу — үлкенге
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанеки, бәріміз
Сәлем дейік үлкенге.
Өсеміз біз күліп-ойнап,
Он саусақтың саласындай.
Өсеміз біз күліп-ойнап,
Бір адамның баласындай.
Балалар бір-бірінің қолынан ұстап, алақан арқылы жүрек жылуын сезінудің қуанышын бөліседі.
«Миға шабуыл» (сұрақ-жауап)
Аяз қысып,
Өрнек сызып
Терезені торлайды.
Қарда омбығып,
Бет домбығып
Балдырғандар ойнайды.
- Бұл қай мезгіл? Қыс.
- Табиғат дегеніміз не?
- Қазір қай ай? Желтоқсан.
- Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Жұмбақ
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
Жауабы: Қар
Қайталау: «Қар лақтыру» ойыны
Өткен сабаққа байланысты сұрақтарға жылдам жауап беру арқылы білім бекітіледі.
- Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
- Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
- «Ү» қандай дыбыс?
- «Үстел» сөзінде неше буын бар?
- «Күн» сөзінде «ү» дыбысы сөздің қай жерінде жазылады?
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
Топқа бөлу және сынып ережелері
Топқа бөлу
Қысқы ойын түрлері бойынша 4 топқа бөліну:
Әр топ өз топбасшысын сайлайды.
Топ ережелері
- Мұғалімді мұқият тыңдау.
- Тәртіп сақтау.
- Бір-бірін тыңдау.
- Уақытты тиімді пайдалану.
- Өзін-өзі және өзгелерді әділ бағалау.
Қазіргі көңіл күйіміз қандай?
Оқушылар смайлик арқылы өз көңіл күйін көрсетеді.
Автор туралы
Байқоңыр қаласы, №275 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Жалғасбаева Дина Жақсылыққызы.
Тақырып: «Мен және табиғат. Ү дыбысы мен әрпі».