Көңілді орта қалыптастыру

Музыка жетекшісі: Рахметова Әдемі

Мақсаты

  • 1 қыркүйек — Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру және сезіндіру.
  • Сахна мәдениетіне баулу.
  • Көңілді, жылы орта қалыптастыру.

Кіріспе көрініс

Барлық балалар «Балдәурен» әнінің әуенімен түрлі-түсті шарларды ұстап, көңілді би билейді. Би аяқталған соң шарларын қояды да, орындарына отырады.

Тәрбиешінің құттықтауы

Тәрбиеші: Құрметті тәрбиешілер, қонақтар, ата-аналар, аяулы тәрбиеленуші балабақша бүлдіршіндері! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы Білім күні мерекелеріңіз құтты болсын!

Туған жер төсін тербеткен
Өмірдің бейбіт шағы бұл.
Мінеки, достар, тағы бір
Өткіздік жазды дүбірмен.
Құшағы толы гүлдермен
Білім нәрін алуға
Бақшаға келді балалар!

Балалардың диалогы

Аружан Ә.: Қандай керемет! Бүгін көңіл-күйім шарықтап тұр!

Нұрәділ: Себебі бүгін мереке ғой!

Ерасыл Қ.: Иә, иә! Бүгін — 1 қыркүйек, Білім күні!

Аружан Қ.: Бәсе, бүгін оң көзім қайта-қайта тартқан еді...

Медина: Осылай әңгімелесіп тұра береміз бе? Балаларды шақырып, мерекені бірге тойламаймыз ба?

Аружан Ә.: Кеттік онда!

Ескерту

Ортаға тақпақ айтатын басқа балалар кезекпен шығып тұрады.

Өлең жолдары

Тәрбиеші: Сәлем, достар, балалар, жаңа Білім күніңмен! Білім күні — мереке, ән салсам да әдемі. Туған тілім — береке, сөз арнасам кәделі!

Ендеше, бүлдіршіндеріміздің жаңа оқу жылына арнаған өлең шумақтарына кезек берейік.

Аружан Қ.

Өмірдің бейбіт бағы бұл,
Асудан асып асқарлы.
Мінеки, биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.

Нұрәділ

Егемен елдің төсінде,
Шуағын шашқан арай күн.
Азамат болып өсеміз,
Қызыға әлем қарайтын.

Аружан Ә.

Бүкіл елде басталып бүгін жыры —
Бақ қоңырау шақырар ұғымды.
Білім-ғылым бастауы — мерекелі,
Құтты болсын бүгінгі Білім күні!

Бағжан

Шайдай ашық бейбіт күннің аспаны,
Ауламыздың келісіп тұр бар сәні.
1 қыркүйек — салтанатты мерекемен
Құттықтайды меңгеруші баршаны!

Құттықтау сөзі

Тәрбиеші: Қымбатты Гүлнар Авраровна, құттықтау сөз кезегін өзіңізге ұсынамыз!

Құттықтау сөз

(Меңгерушінің құттықтау сөзі.)

Ән: «Балабақша бағында»

Медина: Мерекемізді апайларға арнап әсем әнмен жалғайық.

Риза етіп баршаны —
Әсем әнге саламыз.
Таудан биік талабы —
Біз сүйкімді баламыз!

(Ән орындалады: «Балабақша бағында».)

Күлдіргіштермен көрініс

Көңілді музыка ойнап тұрады. Күлдіргіштер бір-бірімен су ататын пистолетпен ойнап, майда түрлі-түсті доптармен жүгіріп келеді.

1-күлдіргіш: О! Мұнда балалар көп екен! Жақсы болды!

2-күлдіргіш: Келіңдер, балалар, қызық ойын ойнайық!

1-күлдіргіш: Неге сонша сәнденіп киініп алғансыңдар?

Медина: Бүгін — Білім күні ғой! Үлкен мереке!

Нұрәділ: Біз енді ойынды азайтып, көбірек оқитын боламыз.

2-күлдіргіш: Солай дейсіңдер ме?! Ал көп оқып, миды ауыртудың керегі не?