Адам және өсімдіктер мен жануарлар

Дүниетану сабағы: Адам, өсімдіктер және жануарлар

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасын түсіндіру; баланың табиғатқа үстемдік етпей, табиғатпен тең қарым-қатынас орнатуына ықпал ету.
  • Дамытушылық: оқушылардың адам, өсімдік және жануар туралы ой-өрісін кеңейту; қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.
  • Тәрбиелік: мейірімділікке, қайырымдылыққа, инабаттылыққа және достыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

СТО технологиясының элементтері, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақ форматы

  • Түрі: аралас сабақ
  • Типі: жаңа сабақты түсіндіру

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер.

Сабақтың барысы

1

Ұйымдастыру

Қоршаған орта — әлемі, не деген көркем, әдемі. Сол сұлулықты сақтайық, мадақтайық, мақтайық. Осы оймен табиғатты дәріптей отырып, дүниетану сабағын бастаймыз.

2

Үй тапсырмасын сұрау

Бекіту сұрақтары

  • Жануарлар арасындағы өзара қайырымдылықты қалай түсінесіңдер?
  • Адам мен жануарлар арасында қандай қарым-қатынас бар?
  • Өзің тұратын жерде жануарларды қорғау үшін қандай жұмыстар жүргізіледі?
  • Өлең шумақтарын жатқа айту.
3

Жаңа сабақ

Бүгінгі тақырып: «Адам және өсімдіктер мен жануарлар».

4

Ой қозғау

Қоршаған орта — табиғат: өсімдік, жануар, адамзат. Сүю, қорғау — парасат. Мұны біліп жүр, адамзат.

5

Мағынаны тану

Тірі табиғатқа жататын адам, өсімдік және жануар — бір-бірімен тығыз байланысты. Бүгінгі сабақта осы байланыс туралы сөйлесеміз.

Табиғат

Ортақ үйіміз, тіршіліктің негізі.

Адам

Еңбек етеді, қорғайды, жауапкершілік алады.

Өсімдік

Ауа, қорек, баспанаға үлес қосады.

Жануар

Табиғи тепе-теңдікті сақтайды.

Адам өзіне қажетті кейбір жануарларды қолға үйреткен. Сондықтан оларды үй жануарлары деп атайды.

6

Сергіту сәті

Табиғат қандай тамаша —
Тоймаймыз біз де тамсана.
Аңдар еркін жүреді,
Балықтар шіркін жүзеді.

Табиғаттың жыры көп,
Табиғаттың сыры көп.

7

Оқулықпен және дәптермен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

Мәтінді тізбектеп оқыту.

Дәптермен жұмыс

Тапсырмаларды орындау және қысқаша жазба жүргізу.

8

Сабақты бекіту

  • Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы байланысқа мысал келтір.
  • Адам өмірінде өсімдіктердің маңызы қандай?
  • Өзің тұратын жерде өсімдік шаруашылығы бар ма?
  • Одан қандай өнім түрлерін аламыз?
  • Өзің тұратын жерде мал терісін илейтін кәсіпорын бар ма?
9

Шығармашылық жұмыс

  • Суретпен жұмыс: берілген суреттер бойынша ой қорыту.
  • Тақырыпқа байланысты өз ойыңды қысқаша әңгімелеу.
10

Үй тапсырмасы

  • «Адам және өсімдіктер мен жануарлар» тақырыбын оқып, түсінгеніңді әңгімелеу.
  • Тақырыпқа сәйкес сурет салып келу.
11

Мадақтау және бағалау

Оқушылардың жауаптары мен белсенділігіне қарай мадақтау жүргізіліп, бағалау қорытындыланады.