Тіл сөз сайысы

Тәрбие сағатының тақырыбы

«Тіл тірегі»

Мақсаты

  • Оқушыларды қазақ елін және қазақ тілін қастерлеуге тәрбиелеу.
  • Ой-өрісін кеңейту, шешендік өнердің қыр-сырын ұғындыру.
  • Тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру.
  • Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер

  • Тақырып жазуы.
  • Мақал-мәтелдер жазылған плакаттар.
  • Шарлар.

Формат

Тәрбие сағаты сайыс түрінде өткізіледі: білімді кеңейту, мақал-мәтел арқылы танымдық қабілетті шыңдау, сөздік қорды молайту.

І. Ұйымдастыру бөлімі

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біз үшін ерекше күн. «Тіл тірегі» атты тәрбие сағатымыз «Тіл» бағдарламасы негізінде сайыс түрінде өтеді.

Бүгінгі мақсат

  • Тіл туралы білімімізді кеңейту.
  • Мақал-мәтелдер арқылы танымдық қабілетімізді шыңдау.
  • Сөздік қорымызды молайту.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Соңғы жылдары ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы — халықтық педагогиканың асыл қазынасын кеңінен пайдалануға, әдебиет пен мәдениетті, салт-дәстүрді дамытуға мүмкіндік берген қуанышты құбылыс.

Қазіргі заман талабы — ұлттық дәстүрді кеңінен қолдану. Ол үшін халқымыздың ата-бабадан қалған асыл мұрасын, тұрмыс салтын, үлгі-өнегесін өмірімізге енгізуіміз қажет.

Елімізді әлем танып жатқан шақта тәуелсіз елдің тірегі — білімді ұрпақ тәрбиелеу. Болашақта ел болып қалу-қалмауымыз жас ұрпаққа тікелей байланысты.

Ақын сөзі — ойдың өзегі

Осы ойдың түйіні ретінде Мұқағали Мақатаевтың өлең жолдарын ұсынамыз:

Ең бірінші бақытым — халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал, екінші бақытым — тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші — Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба,
Ойланбай-ақ кел дағы, от ал менен.

Ендеше, сайысымыздың негізгі бөліміне көшейік.

ІІ. Негізгі бөлім

А) Сайыскерлер

Сайыскерлерді таныстыру, топқа бөлу.

Б) Әділқазылар

Әділқазылар алқасын таныстыру.

В) Сайыс шарттары

  • «Тіл — сөз сайысы».
  • «Әдепті бала ата-анасын мақтатар» тақырыбымен мақал-мәтел сайысы.
  • «Сөзден сөз құра» (топтық жұмыс).
  • «Тіл туралы ойлар»: ақын-жазушылар шығармаларынан үзінді оқу.

1) «Тіл — сөз сайысы»

«Тілім менің — ерлігім де елдігім, кемеңгерім, шешендігім, кеңдігім...» деген ойды арқау ете отырып, алғашқы кезеңді бастаймыз.

Ереже

Оқушылар бір-бірден әріп таңдап, сұрақтарға сол әріптен басталатын сөзбен жауап береді.

А Ә Б М Қ Т С Ш

Сұрақтар

  1. Сенің атың кім?
  2. Сенің фамилияң кім?
  3. Сенің досыңның аты кім?
  4. Сенің ұнататын кәсібің қандай?
  5. Сенің ұнататын сөзің қандай?
  6. Сенің сүйікті тағамың қандай?
  7. Сенің ұнататын кітабың қандай?

Жарайсыңдар, балалар! Тапқырлықтарыңды жақсы көрсете білдіңдер.

2) Мақал-мәтел сайысы: «Әдепті бала ата-анасын мақтатар»

«Мақал — сөздің мәйегі». Келесі кезеңде әдептілік туралы мақал-мәтелдер айтылады.

Шарты

Мақал-мәтелдер қайталанбауы керек.

Құрғақ сөздің ғұмыры қысқа. Сондықтан өмірде мақал-мәтелді орнымен қолдану — сөз мәдениетінің белгісі.

3) Топтық жұмыс: «Сөзден сөз құра»

«Тілің болса — күнің бар, тіл болмаса — түгің жоқ!» деген ойды негізге ала отырып, оқушылардың тілін дамыту мақсатында топтық жұмыс орындалады.

Тапсырма

Екі топқа «әдептілік» сөзі беріледі. Бір сөзден мүмкіндігінше көп жаңа сөз құрастырыңдар.

Мысалдар

әдеп әдет епті тіл тілік ел ет пәк әке әкел ілік дәл әлек тек тілек

4) «Тіл туралы ойлар»

«Ана тілін жырлап өткен талайлар, жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар...» деген арнаумен келесі кезеңге өтеміз.

Тапсырма

Ақын-жазушылардың тіл туралы шығармаларынан үзінді оқылады (4-сынып оқушылары жалғастырады).

ІІІ. Қорытынды бөлім

Әділқазылар сөзі

Бағалау қорытындысы тыңдалады.

Мадақтау

Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталады.

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Әуездісің, әсем тілі елімнің,
Әуенісің ұлан-байтақ жерімнің.
Самғай берсін шартарапқа өр үнің!

Осы ізгі тілекпен «Тіл тірегі» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңдар!