Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
Ашық сабақ жоспары (6-сынып)
Сабақ тақырыбы
Көшпелі мал шаруашылығы – тіршіліктің қайнар көзі
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Әдістер
- Жаңа білімді меңгерту
- Баяндау
- Сұрақ-жауап
Көрнекілік
- Интерактивті тақта
- Суреттер
- Кестелер
Пәнаралық байланыс
- География
- Қазақ әдебиеті
Бөлім
§ 24–25
Көшпелі мал шаруашылығы – тіршіліктің қайнар көзі
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Темір дәуіріндегі тұрғындардың отырықшылықтан көшпелі мал шаруашылығына ауысуын, тебіндік жайылым ұғымын және төрт түлік туралы түсінікті қалыптастырып, оқушылардың білімін кеңейту.
Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін, талдау және салыстыру дағдыларын дамыту арқылы жаңа тақырыпты жүйелі меңгерту.
Тәрбиелік
Отансүйгіштікке, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
3 минут
- Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
- Сыныпты топтарға бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
8 минут
«Қола дәуіріндегі Қазақстан» тақырыбын қайталау. Сынып 4 топқа бөлінеді; әр топқа 5 сұрақтан беріледі. Тапсырма форматы: «Қатесін тап, жалғастыр».
«Андронов» тобы
- Қола мыс пен темірден жасалады.
- Қ. Сәтбаев Солтүстік Қазақстанды зерттеді.
- 1 млн т кеннен 250 мың тонна мыс өндірілді.
- Андрондықтар негроидтық нәсілге жатады.
- Қазақстанда қола бұйымдарын жасау б.з.б. III мыңжылдықтан басталды.
«Беғазы–Дәндібай» тобы
- Андрон мәдениеті тек Сібірге таралды.
- Андрон мәдениеті Арқайым қаласынан табылды.
- Солтүстік және Батыс Қазақстаннан 80-ге жуық қоныс табылды.
- Солтүстік Қазақстандағы қоныстар — Петровка мен Зыряновск.
- Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы Таңбалытас пен Қаратаудан суреттер табылды.
«Алакөл» тобы
- Сырдарияның төменгі ағысындағы кесене — Айша бибі кесенесі.
- Андрондықтар негроидтық нәсілге жатады.
- Андрондықтардың сырт келбетін сипаттаған ғалым — Қ. Сәтбаев.
- Беғазы–Дәндібай мәдениетінің Андрон мәдениетінен ерекшелігі — тұрғындар саны.
- Қола дәуірін жоспарлы зерттеу 1985 жылдан басталды.
«Арқайым» тобы
- Беғазы–Дәндібай мәдениетін зерттеген ғалым — В. П. Алексеев.
- Орталық Қазақстаннан қола дәуіріне тән 150 қоныс, 30 қорым табылды.
- Беғазы–Андрон тайпалары шаруашылығының бір саласы — кен өндіру мен металл өңдеу.
- Қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын Түгіскен кесенесі Ертістің төменгі ағысынан табылған.
- Қостанай облысы мен Ресейдің Челябі облысы шекарасынан табылған қола дәуірінің алғашқы қаласы — Арқайым.
Ескерту
Сұрақтар әдейі қателіктермен берілген: оқушылар дұрыс нұсқасын тауып, дәлелдейді және қажет болса сөйлемді толықтырады.
III. Жаңа сабақ
20 минут
Жаңа сабақтың жоспары
- Темір дәуіріне жалпы сипаттама
- Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы
- Тебіндік жайылым
- Төрт түлік мал
Тірек білім: тарихи кезеңдер
Тас дәуірі
- Палеолит: ерте палеолит (б.з.б. 2 млн 600 мың – 40 мың жыл), кейінгі палеолит (40 мың – 12 мың жыл)
- Мезолит (12 – 5 мың жыл)
- Неолит (5 – 3 мың жыл)
- Энеолит / мыс-тас дәуірі (б.з.б. 3000 – 1800 ж.)
Қола дәуірі
Б.з.б. II мыңжылдық – б.з.б. VIII ғасыр
- Ерте қола: б.з.б. XVIII–XVI ғғ.
- Орта қола: б.з.б. XVI–XII ғғ.
- Кейінгі қола: б.з.б. XII–VIII ғғ.
Ерте темір дәуірі
Б.з.б. VIII ғасыр – б.з. IV ғасыр
- Алдыңғы кезең: б.з.б. VIII–III ғғ.
- Кейінгі кезең: б.з.б. III ғ. – б.з. IV ғ.
Проблемалық сұрақтар
- 1) Ежелгі заман тарихын кезеңдерге бөлу нені негізге алады?
- Құрал-саймандардың қандай материалдан жасалғанына қарай бөлінеді.
- 2) Темір қандай металл?
- Темір — берік, төзімді әрі салмақты металл.
- 3) Темірден құрал жасау кең тараған кезең қалай аталады?
- Бұл кезең темір дәуірі деп аталады.
Топтық тапсырма: маңызды өзгерістер
Әр топ белгілі бір кезең бойынша адамзат дамуына әсер еткен басты өзгерістерді анықтап, дәлелмен қорғайды.
- 1-топ: Темір дәуірі
- 2-топ: Қола дәуірі
- 3-топ: Тас дәуірі
- 4-топ: Қола дәуірінің мәдениеттері
Мысал (күтілетін жауап): Темір дәуірі
- Рулық-қауымдық құрылыс жетілді.
- Халық саны артты.
- Тайпалық одақтар қалыптасты: сақтар, сарматтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар.
- Көшпелі мал шаруашылығы орнықты.
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
Табиғи-географиялық алғышарт
Қазақстан далаларында шамамен б.з.б. II мыңжылдықтың соңына қарай егіншілікпен шұғылдану тиімсіз бола бастады. Өсімдікке бай өңірлер біртіндеп тікенекті жантақ пен изені басым сорға, сусыз құмды алқаптарға айналды. Құрғақшылық күшейіп, жауын-шашын азайды. Мұндай жағдайда егіншілік қиындап, дала тұрғындары шаруашылықтың жаңа тәсілі — көшпелі мал шаруашылығын дамытты.
Сыныптағы әрекет
География пәніндегі білімге сүйеніп, картадан аймақтарды көрсету; слайд-суреттермен талдау.
Негізгі себептер (қысқаша)
-
Құрғақшылық
Жауын-шашын азайып, егіншілікпен айналысу күрделенді.
-
Жылқыны көлікке пайдалану
Ат әбзелдерінің жетілдірілуі көшіп-қону мүмкіндігін кеңейтті.
-
Тұрмыстағы материалдық өзгеріс
Көлемді қыш, шыны, металл бұйымдардың орнын былғары, киіз, ағаш сияқты жеңіл материалдар басты.
Көшпелі өмір салтын тұрақтандырған факторлар
- Көшпелілер дайын өнімді ғана тұтынбай, өздері өнім өндіретін шаруашылыққа көшті.
- Малшылар жылқы, түйе, қой және сиыр өсірді.
- Мал басының көбеюі жаңа жайылымдарды талап етті.
Тебіндік жайылым
Тебіндік жайылым — малдың, әсіресе жылқының, қыста қар астындағы шөпті тұяғымен аршып жайылуына қолайлы табиғи жайылым түрі.
Ат әбзелдерінің рөлі
Көшпелілер ат әбзелдерін үнемі жетілдіріп отырды: үзеңгі, ауыздық, ер сияқты жаңалықтар жылқыны сенімді көлік ретінде қолдануға мүмкіндік берді.
Оқулықтағы (78-бет) сурет арқылы талдау жүргізуге болады.
Төрт түлік: көшпелі шаруашылықтың тірегі
Көшпелі мал шаруашылығы — тіршіліктің қайнар көзі. Ол табиғат жағдайына бейімделген өндірістік тәжірибеге және төрт түліктің ерекшеліктерін дұрыс пайдалануға негізделді.
Жылқы
- Суыққа төзімді.
- Тебіндеп жайылады.
- Қар астындағы шөпті тұяғымен аршып алады.
- Арнайы қораны көп қажет етпейді.
Түйе
- Жүк көлігі ретінде кең пайдаланылды.
- Ауыр жүк көтереді, алысқа төзімді.
- Сусыз және қорексіз ұзақ күн шыдайды.
Сиыр
- Тебіндеп жайылуға икемсіз.
- Қыста жемшөп әзірлеуді қажет етеді.
Қой
- Көп күтімді қажет етпейді.
- Кермек суды іше береді.
- Су тапшы болса, қар жей алады.
- Суық пен ыстыққа төзімді.