Үкі сөзін буынға бөле қойыңдар

Сабақ барысы

Бұл сабақта оқушылар Ү дыбысы мен әрпін танып, оны дұрыс айтып-жазуды үйренеді, сондай-ақ сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасайды.

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Балалардың зейінін сабаққа аудару.
  • Үй тапсырмасын тексеру: өткен әріпті еске түсіру, сөздерді оқыту, өлеңді жатқа сұрау.

2) Жаңа сабақ

Жұмбақ арқылы жаңа дыбысты ашу

Үйрек десе – бірінші,
Бүйрек десе – екінші.
Бұл қай әріп екенін,
Біреу айтып берсінші.

Жауабы: Ү.

Негізгі ұғым

Үжіңішке дауысты дыбыс, созылып айтылады.

Белгілеу

Дауысты дыбыстар қызыл түспен белгіленеді (қызыл «үйге» орналастырылады).

Суретпен жұмыс

Үкі — түн құсы. «Үкі» сөзін буынға бөлу: Ү-кі (екі буын).

Үзеңгі — ат әбзелінің бір бөлігі (аяқ тірейтін темір). «Үзеңгі» сөзін буынға бөлу: Ү-зең-гі (үш буын).

«Үкі», «үзеңгі», «Үміт», «үш», «үйрек» сөздері қай дыбыстан басталады? Жауабы: Ү.

Әріппен таныстыру

  • Ү әрпінің баспа және жазба түрлерін көрсету.
  • Ауада жаздыру, жазылу элементтерін талдау.
  • Ү дыбысының сөздің басқы буындарында жазылатынын түсіндіру.

Үү – Ұұ салыстыру

  • Ү — жіңішке дауысты дыбыс.
  • Ұ — жуан дауысты дыбыс.
  • Артикуляция: Ү айтылғанда ерін сүйірленіп алға жылжиды, тіл артқа қарай ығысады, иек көтеріледі.

«Үйрек» сөзімен жұмыс

Әңгімелеу

Суреттегі үйрек туралы әңгімелеу: үйректің пайдасы, оны өсіру жолдары.

Талдау

Буынға бөлу: үй-рек (екі буын).
Дыбыстық талдау жүргізу (әр дыбыстың орнын анықтау).

Тірек-сызба бойынша оқу

Сөздерді оқып, мағынасын түсіндіру:

үн үш үр үз үк үй

Буын/дыбыс құрастыруға арналған әріптер: н, з, й, р, ш, к.

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»

Доппен ойналатын ойын: мұғалім допты оқушыға бергенде, оқушы Ү дыбысы бар сөзді тез ойлап айтып үлгереді.

Дәптермен жұмыс

  • Ү дыбысының жазу элементтерін бастырып жазу.
  • Бас және кіші әріптерін жазу: Ү ү.
  • Жазудың әдемі, таза орындалуын қадағалау.

Затты сипаттау (тірек-сызба бойынша)

Гүл (қандай?)

Әдемі, хош иісті, қызыл.

Түлкі (қандай?)

Қу, қызыл, айлакер.

Оқу тапсырмасы

Тақтадағы сөздерді оқыту:

гүл үтік күз жүгері күрек түлкі

3) Қорытындылау

Қайталау сұрақтары

  • Бүгін қай әріппен таныстық?
  • Ү дыбысы қандай дыбыс?
  • Ү дыбысы қалай айтылады?
  • Ү әрпінің бас және кіші түрін жазып көрсет.

Ойын: «Өз орныңды тап»

Әріптерді өз орнына қойып, сөз құрау:

  • ү, т, л, і, к түлкі
  • і, к, ү үкі
  • р, к, е, й, ү үйрек

Мадақтау: оқушылардың сабаққа белсенді қатысуын атап өту, үйренгендерін есте сақтауға бағыт беру. Рахмет!