Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі туралы еске түсіру

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы • №32 жалпы орта мектеп-гимназиясы

Бастауыш сынып мұғалімі: Шамишева Бағдагүл

Сабақтың мақсаты

1) Білімді жүйелеу

  • 2–3-сыныптарда сөйлем туралы берілген ұғымдарды еске түсіру және жинақтау.
  • Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуін қайталау.
  • Әр сөйлем түріне тән дауыс ырғағын, тыныс белгілерін және сұраулық шылаулардың емлесін саналы түрде меңгерту.

2) Дамытушылық мақсат

  • Сауатты жазу дағдысын қалыптастыру.
  • Тілін, ойлауын және есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Сөздік қорын молайту.

3) Тәрбиелік мақсат

  • Жаттығулар мазмұнын түсіндіру арқылы елін, жерін сүюге баулу.
  • Мәдениетті сөйлеуге дағдыландыру.

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Көрнекілігі

Интерактивті тақта.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, түсіндіру, практикалық жұмыс, топтастыру.

Сабақтың типі

Білімді қайталау сабағы.

Сабақтың түрі

Дәстүрден тыс.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, әдебиет, еңбек.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе

Сынып үш топқа бөлінеді. Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі.

II. Білімді жан-жақты сұрау

Диалог

Жетелеуші сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
  • Назар аударайық: жапырақ, күз, сарғайды. Бұлар не?

Тілдік ұғымдарды нақтылау

  • Сөздерден не құралады?
  • Сөйлем дегеніміз не?
  • Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
  • Жай сөйлемнің неше түрі бар?
  • Жалаң сөйлем деген не?
  • Жайылма сөйлем деген не?

Бүгінгі сабақта сөйлем туралы негізгі ұғымдарды еске түсіріп, бірнеше жаттығу арқылы бекітеміз.

III. Қайталау жұмыстары

Тәжірибе

137-жаттығу

Жұмбақ
  • Жұмбақты оқып, шешуін табады.
  • Шешуі: бұлт.
  • Жұмбақ неше сөйлемнен құралғанын анықтайды.

138-жаттығу

Мәтінмен жұмыс
  • Мәтінді рөлге бөліп оқиды.
  • Сөйлем түрлерін анықтайды.
  • Қарамен жазылған сөйлемдерді көшіріп, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіреді.

I топ

Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

II топ

Кейіпкерлерге мінездеме береді.

III топ

Мәтін түрін анықтайды.

I топ (қосымша)

Аю туралы мәтіндегі сөйлемдердің орны ауыстырылып беріледі. Сөйлемдерді реттеп, оқиды.

II топ (қосымша)

Еліктің лағы туралы сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін қояды.

III топ (қосымша)

Арыстан туралы мәтін құрастырады (негізінен лепті сөйлемдер).

139-жаттығу

Өлең
  • Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқиды.
  • Сөйлем соңында леп белгісінің қойылу себебін түсіндіреді.
  • Қазақстан туралы бейнетаспа көрсетіліп, табиғаттың көркемдігі талқыланады.

I топ

Қазақстан туралы хабарлы сөйлем құрайды.

II топ

Лепті сөйлем құрайды.

III топ

Сұраулы сөйлем құрайды.

140-жаттығу

Интонация
  • Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқиды.

I топ

Алғыс айту, ризашылық білдіру сөздерін ойластырады.

II топ

«Айналып-толғану» мәніндегі жылы сөздерді ұсынады.

III топ

Қошеметтеу, қоштау мәніндегі сөздерді табады.

141-жаттығу

Диктант
  • Өлеңді тиісті тыныс белгілерін қойып, жатқа жазады.
  • Сұраулық мағына беретін сөздердің астын сызады.
  • Әр топтан бір оқушы шығып, тақтаға жазады.

IV. Қорытынды

Тексеру

Оқушылар төмендегі тұжырымдарға «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап береді:

  1. Мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен мәтін құралады.

    Иә
  2. «Айнұр қызық кітап оқыды». Бұл — жайылма сөйлем.

    Иә
  3. «Мен саған жол берейін бе?» Бұл — лепті сөйлем.

    Жоқ
  4. «Астана — қала әдемі». Бұл — дұрыс құрастырылған сөйлем.

    Жоқ
  5. Сөйлем сөздерден құралады.

    Иә
  6. Бастауыш пен баяндауыш — сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

    Иә

Әр оқушыда гүл күлтешелері болады. Жауапты қатесіз тапқан оқушының жапсырған күлтешелері бір түсті болып жинақталады.

V. Бағалау

Нәтиже

Топтардың жұмысы бағаланады. Жауап берген оқушыларға фишкалар беріледі, сол бойынша әр оқушының жеке бағасы шығарылады.

VI. Үй тапсырмасы

Келесі қадам

142-жаттығу.