Географияның атасы кім

6-сыныпқа арналған «Қызықты география» сабағы

Бұл жоспар география пәні бойынша оқушылардың бұрын меңгерген білімін еске түсіріп, қайталап, бекітуге бағытталған. Сабақ құрылымы ойын элементтері арқылы қызығушылықты арттырып, топтық жұмыс пен жылдам ойлау дағдыларын дамытады.

Сабақтың тақырыбы

Қызықты география

Сабақтың мақсаты

Түсінгендерін еске түсіріп, қайталау және білімін бекіту.

Жұмыс форматы

Топтық ойын, сұрақ-жауап, тапсырма орындау.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, сыныпты 3 топқа бөлу, топ басшыларын тағайындау.

Психологиялық дайындық

Сабаққа жағымды көңіл күй қалыптастыруға арналған қысқа сергіту немесе ынталандыру.

Қызығушылықты ояту

Топтық сайыс форматы таныстырылады: кезеңдер, ұпай жинау тәртібі және бағалау шарттары.

1-кезең: «Кім жылдам?»

Топ басшыларына жылдам жауап беруге арналған сұрақтар қойылады. Әр сұраққа 10 балл беріледі.

Сұрақтар (1-бөлік)

  • 1. Ауа қабаты — атмосфера.

  • 2. Ауа қысымын өлшейтін аспап — барометр.

  • 3. Экватордың ұзындығы — шамамен 40 000 км.

  • 4. Аралдар шығу тегіне қарай: материктік, жанартаулық, маржандық.

  • 5. Координаталар ендік пен бойлықтан тұрады.

  • 6. Жердің радиусы — 6378 км.

  • 7. Кібісе жыл — 366 күн.

  • 8. Жылды 365 күнге бөлген — Аристотель.

Сұрақтар (2-бөлік)

  • 9. Аралдар тобы — архипелаг.

  • 10. Бағдарлауға арналған аспап — тұсбағар.

  • 11. Жердің нақты үлгісі — глобус.

  • 12. Климат — ауа райының көп жылдар бойы қайталанып келуі.

  • 13. Дүниежүзін алғаш айналып шыққан саяхатшы — Ф. Магеллан.

  • 14. Жердің беткі қатты қабаты — литосфера.

  • 15. «Географияның атасы» — Эратосфен.

2-кезең: «Білгіш болсаң, тауып көр»

Үш топқа 5 сұрақтан беріледі. Жауаптар нақты және қысқа болуы тиіс.

1-топ сұрақтары

  1. Температураны өлшейтін аспап — термометр.
  2. Судың тұздылығы — бір литр мұхит суындағы еріген тұз мөлшері.
  3. Негізгі климаттық белдеулер: экваторлық, тропиктік, қоңыржай, полярлық.
  4. Дүниежүзінің ең биік нүктесі — Джомолунгма (8848 м).
  5. Жер сілкіну ошағы — эпицентр.

2-топ сұрақтары

  1. Климаттық белдеулерді зерттеген — А. Алисов.
  2. Дүниежүзінде материк саны — 6.
  3. Географиялық қабықтағы ең ірі табиғат кешені — материктер мен мұхиттар.
  4. Мұхиттың белгілі бір бөлігін алып жатқан зор көлемді су — су массасы.
  5. Ең ұзын параллель — экватор.

3-топ сұрақтары

  1. Биіктігі 200 метрден аспайтын жазық — ойпат.
  2. Күннен ең алыс ғаламшар — Плутон.
  3. Ежелгі біртұтас материк — Пангея.
  4. Литосфералық плиталар теориясын ұсынған — А. Вегенер.
  5. Ең ірі табиғат кешені — географиялық қабық.

3-кезең: Тапсырмалар

1-топ: «Мағынаны тап»

Шартты белгілерді пайдаланып сөйлем құрастыру.

«Бізге суға түстік, —нен арқылы өтіп, — не бардық».

Ескерту: бос орындарға тиісті сөздерді қойып, толық мағыналы сөйлем құрастырыңыз.

2-топ: «Сөздердің орнын тап»

Әріптері орын ауысқан сөздерді дұрыс нұсқасына келтіріңіз.

  • 1. Мотербар → барометр

  • 2. Рафратосеп → тропосфера

  • 3. Моцкднаснеу → конденсация

Мұғалім туралы

География пәнінің мұғалімі: Қосберегенова Нұршагүл.