Мектептегі дәстүрлі сабақтардың балаларды жалықтыруы

Қазақ тілі мен әдебиетті оқытуда диалогтік қарым-қатынастың тиімділігі

«Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді».
А. Дистервег

Қазіргі заман талабына сай білім ордаларында оқушыларға тиімді сабақ үдерісін ұйымдастыра алатын жаңашыл ұстаз болу — әр мұғалімнің басты мақсаты. Сабақтың қызықты әрі мазмұнды өтуі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты.

Егер мұғалім күнделікті сабағын жоғары деңгейде өткізуді көздесе, жаңа дәуір талаптарына сай инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен әрі тиімді қолдануы қажет. Сонда ғана оқушы сапалы білім алып, өз бетімен ізденіп, диалогтік қарым-қатынас арқылы өзін-өзі реттеп, сандық технологияларды орынды пайдалана білетін белсенді, білімді тұлға болып қалыптасады.

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына бағытталған сұрақтар мен тапсырмалар бергенде, олардың бір-біріне пікір білдіріп, ынтымақтастықпен тыңдап, дұрыс шешім қабылдауға ұмтылатыны байқалады. Сонымен қатар, оқушылар өз мақсаттарына қалай жету керектігін түсініп, үлгерімі төмен оқушылар да сыныптастарының көмегі арқылы түсінбеген тұстарын толықтырып отырады.

Тақырыптың өзектілігі

  • 1

    Мектептегі дәстүрлі сабақтардың балаларды жалықтыруы.

  • 2

    Оқушылардың тіл байлығының төмендігінен ойларын анық жеткізе алмауы.

  • 3

    Техника дамыған кезеңде оқушылар интернетті пайдалана алғанымен, жұппен және топпен жұмыс істеу дағдыларының әлсіз болуы.

Мақсаты

  • А) Сабақта диалогтік қарым-қатынас орнату арқылы білім сапасын арттыру және ойлау қабілеттерін дамыту жолдарын анықтау.
  • В) Әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың диалогтік қарым-қатынасын дамытып, білімге құштарлығын, ізденімпаздығын, тіл байлығын, ой-өрісін және ынтасын арттыру.

Міндеттері

  • А) Диалог арқылы оқыту барысында сыни көзқарасы қалыптасқан, терең ойлы, сөзге шешен тұлғаны қалыптастыру.
  • В) Кез келген ортада диалогтік қарым-қатынас орнатып, өз ойын еркін жеткізе алатын және алған білімін өмірде қолданатын білімді, парасатты, алғыр, Отанын сүйетін оқушы тәрбиелеу.

Диалог арқылы оқытудың ерекшелігі және қолданылуы

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында диалог арқылы оқытудың басты ерекшеліктері мен қолданылу жолдары айқын нәтиже береді. Дәстүрлі сабақ пен жаңа әдістер негізінде өткізілген сабақтарды салыстырғанда, төмендегідей айырмашылықтар байқалады.

Дәстүрлі сабақ барысында

  • Жаңа тақырып бойынша ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын түсіндіреді, шығармадағы кейіпкерлерді талдайды.
  • Оқушылармен бірге шығарманың идеясын анықтайды.
  • Қазақ тілі бойынша ережелерді түсіндіреді.
  • Мұғалім көп сөйлейді, оқушы аз сөйлейді.
  • Оқушы өз ойын еркін жеткізуге қиналады.

Диалог арқылы оқыту нәтижелері

  • Оқушылар өзара сұхбаттасып, ойын дамытып, келесі оқушымен пікір алмасады; мұғалім мен оқушы арасында өзара түсіністік көпірі қалыптасады.
  • Оқушы ойын жинақтап, тұжырымдай алады; білім деңгейі артады. Әдеби шығарма кейіпкерлерін талдау арқылы сөздік қоры молаяды.
  • Сөйлеу шеберлігі мен мәдениеті, ізденімпаздығы, топта өзін ұстау дағдысы жақсарады.
  • Білімге деген көзқарасы қалыптасып, қызығушылығы мен талпынысы артады; сыныптастарын зейін қоя тыңдап, жауабын салыстырып, түйінді пікір айтуға дағдыланады.
  • Оқушылардың бір-бірінен үйренуіне жағдай жасалады: мұғалім аз сөйлейді, оқушы өз ойын еркін жеткізеді.