Мынау қай сандар
ШҚО, Ұлан ауданы, Жанұзақ ауылы
Бастауыш сынып мұғалімі: Қабдешова Клара Қазтаевна
Пәні: Математика · Сыныбы: 1
Сабақтың тақырыбы
Қайталау – оқу анасы
Сабақтың типі
Ашық сабақ
Сабақтың түрі
Білімді жүйелеу сабағы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың 0, 1, 2, 3, 4, 5 сандары туралы түсініктерін бекіту және 2, 3, 4, 5 сандарының құрамы жайындағы білімін тиянақтау.
Дамытушылық
Ой белсенділігін арттыру, сөйлеуді жетілдіру, зейін мен таным қабілетін дамыту, тез есептеу дағдысын қалыптастыру, ой қорытуға және тапқырлыққа баулу.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа және сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдістер мен көрнекіліктер
Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап
- Сурет бойынша есептер шығару
- Есептеу, салыстыру
- Өз бетімен жұмыс
- Ойын, топтастыру
Көрнекіліктер
- Үлестірмелі қағаздар
- Дәптер, оқулық
- Тақта, А4 парақтары
- «Есіңе сақта»: геометриялық фигуралар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру және психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
«Есіңе сақта!» — оқушылардың зейінін тұрақтандыруға арналған қысқа жаттығу.
II. Қызығушылықты ояту: «Қайталау — оқу анасы»
Сөзжұмбақ шешу (шығатын сөз: ҚАЙТАЛАУ)
- Ақ ұлпа — қар
- Ең жақын адам — ана
- «Ай» сөзіндегі соңғы дыбыс — й
- 2 мен 2-нің қосындысы — төрт
- Ініден үлкен — аға
- Ешкінің төлі — лақ
- Әліпбидегі бірінші әріп — а
- Дауысты да, дауыссыз да — у
3-ойын: «Кім жылдам?» — топтастыру стратегиясы.
Геометриялық фигураларды топтастыру: шаршы, үшбұрыш, түзу, кесінді, төртбұрыш, тұйықталмаған қисық сызық.
III. Сергіту сәті: «Сағат бойынша достар»
- Қол алысыңыз
- Арқасынан қағыңыз
- Күлімсіреңіз
- Қол бұлғаңыз
- Көзіңізді қысыңыз
- Қолпаштау сөз айтыңыз
- Бір тілек айтыңыз
- Әуеден сүйісу жіберіңіз
- Массаж жасаңыз
- Арқамен тіресіңіз
- Құшақтаңыз
- Қол ұстасып, 3 рет секіріңіз
IV. Дәптермен жұмыс
Балалар, біз 1, 2, 3, 4, 5 сандарымен таныспыз. Енді осы сандарды қайталауға байланысты тапсырмаларды орындайық.
Дәптерлеріңіздің 36-бетін ашыңдар.
№1, №2, №3 тапсырмаларды өз беттеріңше орындаңдар.
1, 2, 3 — жинап бойға күш,
Қолға қалам аламыз.
4 пен 5-ке жазамыз.
V. Математикалық жұмбақ және сандардың қасиеттері
Математикалық жұмбақ
Қазда да бар екі аяқ,
Құста бар екі аяқ.
Екеуін қосып санаса,
Болады сонда қанша аяқ?
Жауабы: 4 аяқ
4 саны туралы
Төрт саны: төрт мезгіл, төрт түлік, төрт тұс.
Мынау қай сандар?
1, 2, 3, 5 — осы сандардың қасиеттерін еске түсіру.
1 саны
Бір саны: 1 жыл, 1 апта, 1 күн, 1 бас, 1 мүшел.
2 саны
Екі саны: екі құлақ, екі жұдырық, екі көз, екі аяқ, жұп аяқ киім, қос.
3 саны
Үш саны: үш би — Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би.
5 саны
Бес саны: бес асыл іс, бес қару, бес жұлдыз, бес саусақ.
VI. «Ойлан, тап!» және амалдардың құрамдас бөліктері
6-ойын: «Ойлан, тап!» — қосынды мен айырмаларды бөліп орналастыру.
Қосу мен азайтудың компоненттерін атау: қосылғыш, қосынды, азайғыш, азайтқыш, айырма.
VII. Санамақ және «Өз орныңды тап» ойыны
7-ойын: санамақ айту және «Өз орныңды тап» ойыны. Санамақтағы сандарға сәйкес оқушылар өз орындарын табады. Тура және кері санау орындалады.
1 саны
Достар мені бір дейді,
Қарайды да бүй дейді.
Мұқтажсың сен қол-аяққа,
Ұқсап тұрсың таяққа.
2 саны
Мен екімін, балалар,
Алаңғасар, жалқаумын.
Алатыным — екілік,
Басын шайқап өкініп.
3 саны
Мен ғой үштің таңбасы,
Зейін қойып тыңдашы.
Шідерлі аттай тұсалып,
Жүр біреулер үш алып.
4 саны
Достарым мені төрт дейді,
Беске бірім жетпейді.
Қуанады анасы,
«Төрт» алғанға баласы.
5 саны
Бірінші досым — Берік,
Екінші досым — Ерік.
Үшінші досым — Үсен,
Төртінші досым — Түкен.
Бесінші досым — Бестай.
Екі қолымда да бес саусақ,
Жетпейді оған еш саусақ.
Бір мен екі алмаңдар,
Үшке сеніп қалмаңдар.
VIII. «Көршісін тап» және «Үндемес» ойындары
8-ойын: «Көршісін тап»
Кіші көршім — оң жақта,
Үлкен көршім — сол жақта.
Тұрушы еді қасымда,
Қайда кеткен жан-жаққа?
«Үндемес» ойыны
IX. Рефлексия, қорытынды, бағалау
Өткір болсаң — ұтарсың,
Тапқыр болсаң — табарсың.
Оқысаң — өрге басарсың,
Жауабын жылдам табарсың.
Қорытынды сұрақтар
- Сандарды шығарып алу тәсілдерін еске түсіріп, атап беріңдер.
- «Сан — заттарды санаудың, ұзындықты өлшеудің, қосу және азайту амалдарының нәтижелерін сипаттайды» деген пікір дұрыс па? Түсіндіріп, мысал келтіріңдер.
Қысқа есеп
Аружанда 5 шар бар еді. Ол Әдияға 1 шар берді. Аружанда неше шар қалды? Оны қалай анықтадыңдар?
Оқушылар жұптасып, тапсырманы және жауабын көрсетеді.
Бағалау: «Басбармақ» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау.