Қорғаныш құралдары

Сабақ туралы негізгі мәлімет

Пән
Ауыл шаруашылығындағы электр жабдықтар
Сабақтың тақырыбы
Қорғаныш құралдарының техникалық сипаттамалары
Сабақтың мақсаты

Оқыту

Қорғаныш құралдарының техникалық сипаттамаларымен таныстыру және олардың электр қондырғыларының жұмысына әсерін түсіндіру.

Дамыту

Сапалы әрі сенімді жұмыстың кепілі — қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау екенін ұғындыру.

Тәрбиелік

Өз білім деңгейін саралай білуге, мамандыққа жауапкершілікпен қарап, жұмысты ұқыпты орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі
Аралас
Сабақтың әдісі
Проблемалық ситуацияны шешу
Сабақтың көрнекілігі
Қорғаныш құралдары және олардың сипаттамалары, кестелер, плакаттар, үлестірмелі тест тапсырмалар.
Пән аралық байланыс
Электротехника Техникалық қауіпсіздік ережелері Электр қондырғыларын пайдалану

Сабақтың барысы

1

Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру және өткен тапсырманы еске түсіруді ұйымдастыру.

2

Өткен сабақты тексеру

Оқушыларға тест тапсырмалары үлестіріледі: дұрыс жауапты белгіле және дұрыс емес жауапты тап.

Дұрыс жауапты белгіле

  1. 1) Қысқа тұйықталу жағдайларына қарай жоғары вольтты аппаратураны станциялар мен подстанциялар үшін:

    • таңдайды
    • таңдамайды
  2. 2) Ток әкелуші бөліктердің қалыпты режимде қарастырылмаған жермен тұйықталуын:

    • қысқа тұйықталу
    • жермен тұйықталу
    • жерлендіру

Дұрыс емес жауапты тап

  1. 1) Таратқыш құрылғыда қысқа тұйықталудың пайда болу себептері:

    • аппаратураның изоляциясының кетуі
    • аппаратураның ескіруі
    • аппаратураны уақытылы пайдалану
  2. 2) Линияда немесе таратқыш құрылғы шинасында қысқа тұйықталу болса, тұтынушыларды ажыратпау үшін:

    • май сөндіргіштер
    • реакторлар
    • сақтандырғыштар
3

Тест қорытындысы және талқылау

Өткен сабақ бойынша тест тапсырмалары қорытындыланады. Әр оқушыға орындаған жұмысына сәйкес ұпай қойылады.

Проблемалық сұрақ

Оқушылар, сіздер қорғаныш құралдары туралы жалпы мәлімет білесіздер. Осы білімнің өзімен ғана электр қондырғысында жұмыс істеуге бола ма? Бізге тағы қандай білім қажет?

Оқушылар жауап берген соң, жаңа сабаққа көшеміз.

4

Жаңа сабақ

Қорғаныш құралдарының барлығы үш топқа бөлінеді.

1-топ: Абайсызда тиіп кетуден сақтандыратын құралдар

Мысалдар: плакаттар, қоршаулар және т.б.