Шәкәрім кім
Сабақтың тақырыбы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы.
Жалпы мақсат
Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімін тексеру және дамыту.
Оқыту нәтижесі
Оқушылар ақын өлеңдерінің идеясын ашады, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысады. Шағын топтарда жұмыс арқылы өздігінен білім алып, бірін-бірі оқытады.
Міндеттері
- Ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік құндылықтарымен таныстыру.
- Өлеңдерді мәнерлеп оқи отырып, негізгі ойды табуға дағдыландыру.
Сабақ құрылымы
4 тапсырма + кері байланысҰйымдастыру кезеңі
- Амандасу, оқушыларды түгелдеу.
- Түрлі түсті үлестірмелі қағаздар арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу.
- Бағалау критерийлері мен бағалау шкаласы бар карточкаларды тарату.
- Белсенділік пен сапалы жауапты ынталандыру: сыйлық және қол шапалақтау арқылы марапаттау.
1-тапсырма: «Кір қыстырғыш» әдісі
тірек сөздермен жұмысОқушылар берілген тірек сөздерге сүйене отырып, Қашаған Күржіманұлының өмірі мен шығармашылығын баяндайды. Одан кейін Шәкәрім Құдайбердіұлы тақырыбында бейнежазба көрсетіледі.
Тірек сөздер
2-тапсырма: «Жигсо» әдісі
топтық зерттеуШәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша әр топ өз бөлігін зерттеп, постерге түсіреді. Оқушылар орын ауыстыра отырып, ақпарат алмасады, талдайды, бағалайды және постер қорғайды.
1-топ
- Шәкәрім кім?
- Ол туралы не білесіңдер?
- Шәкәрім қандай дастандарды оқыған?
2-топ
- «Еңлік–Кебек» поэмасы кімнің ақыл-кеңесімен жазылған?
- Поэма туралы не білесіңдер?
3-топ
- «Еңлік–Кебек» поэмасының композициялық құрылымына сатылай кешенді талдау жасау.
3-тапсырма: «Конверттегі деңгейлік тапсырмалар» әдісі
саралауОқушылар өз қабілетіне қарай конверттен деңгей таңдап, тапсырманы орындайды: ауызша баяндайды, жатқа айтады немесе эссе жазады.
1-деңгей
Шәкәрімнің өмір жолы.
2-деңгей
Шығарманы түсіну және талдау: ұйқас, тармақ, бунақ, буын, троп түрлері.
3-деңгей
«Мен таныған Шәкәрім» (шағын ой толғау).
4-тапсырма: «Бір айналым сөйлесу» әдісі
қорытындылауОқушылар бүгінгі сабақта алған білімін бір сөйлеммен түйіндеп айтады (Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша).
Кері байланыс: «Өрмекшінің торы»
Оқушылар сұрақтарға жауапты стикерге жазып, «өрмекші торына» жапсырады.
Бүгінгі сабақта саған не әсер етті?
Қандай қиындық кездесті?
Сабақта не ұнады?
Нені үйрендің?
Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Бағалау критерийлері бойынша оқушылардың жиынтық бағасы қойылады.
Үйге тапсырма
- Шәкәрім дастандарының тақырыбы мен идеясын зерттеу.
- «Дана сөздің дарасы» тақырыбында ой толғау жазу.