Қасым Аманжоловтың Көктем өлеңімен танысу
Сабақ тақырыбы
Қасым Аманжолов. «Көктем»
Сабақ мақсаты
- Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, «Көктем» өлеңінің идеясы мен мәнін ұғындыру.
- Оқушыларды мәнерлеп, жылдам оқуға үйрету; қызығушылығын ояту; тіл байлығын дамыту.
- Табиғатты аялауға тәрбиелеу; таным белсенділігін және шығармашылық қабілетін арттыру; ұйымшылдық пен бірлікке баулу.
Сабақтың барысы
I. Бағалау — мотивациялық кезең
Психологиялық сәт:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетеді сонда дереу жан-жағым.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Үй тапсырмалары:
1-топ: «Бәйшешек»
Гүлдер туралы эссе жазу.
2-топ: «Жауқазын»
Гүлдер туралы өлең шығару.
3-топ: «Қызғалдақ»
Гүлдің суретін салу.
II. Операциялық-орындаушылық кезең
Тақтадағы сөзжұмбақты шешу: суреттердің алғашқы әріптерін алғанда сөз шығады.
- Күн
- Көкек
- Ту
- Ешкі
- Мысық
Нәтиже: «Көктем»
Сұрақ: Қазір қай мезгіл? Жауап: Көктем.
Бүгінгі тақырып: Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңімен танысу.
Қасым Аманжолов: қысқаша өмірбаян
Қасым Аманжолов 1911 жылдың 10 қазанында қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданындағы Қасым Аманжолов атындағы ауылға қарасты Ақтайлақ елді мекенінде, Қызылтаудың баурайында кедей шаруа отбасында дүниеге келген.
1918 жылы 6 қаңтарда әкесі Рақымжан 43 жасында қайтыс болады. Оны анасы Айғанша тәрбиелейді. Қасым 1923 жылы Семейдегі бастауыш мектепте, 1927–1930 жылдары Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды.
1931 жылы Ленинград қаласындағы орман шаруашылығы институтына оқуға түседі. Денсаулығына байланысты оқуын аяқтай алмай, Орал қаласындағы «Екпінді құрылыс» газетінде еңбек етеді.
Ақынның алғашқы жинағы «Өмір сыры» 1939 жылы жарық көреді. Қызыл Армия қатарына шақырылып, Оралда әскери қызмет атқарады. 1935 жылы Алматыға оралып, «Лениншіл жас» газетінде жұмыс істейді. Осы кезеңнен бастап оның қаламгерлік дарыны айқын ашылып, шығармашылыққа белсене араласады.
Қасым көп оқымағанымен, зеректігінің арқасында қазақша да, орысша да бірдей жазады. Ақындықпен қатар композиторлық қыры да бар: «Дариға, сол қыз», «Туған ел» сияқты өлеңдерінің сөзі де, әуені де өзінікі.
Майданнан елге оралған соң сүйгені Дариғаны іздейді. Соғыстан кейін қатты сырқаттанып, ұзаққа созылған дерттен айыға алмай өмірден өтеді. «Ақын», «Қазақстан», «Сауыншы жеңгей» өлеңдерінде еңбек адамын биікке көтере жырлайды.
Оқулықпен жұмыс
- A) Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Ә) Өлеңді тізбектей оқыту.
- Б) Өлеңді талдау (оқушыларға ұнаған шумақтарды оқыта отырып).
Дәптермен жұмыс
Өлеңдегі көркем сөздерді тауып, дәптерге жазып алу.
Мысалдар: «нәзік үн», «бұйра бұлақ».
Сергіту сәті
Қысқа сергіту жаттығулары орындалады (музыка қосылады).
Шығармашылық тапсырмалар
- 1-топ: Көктем туралы эссе жазу.
- 2-топ: Көктем жайлы 4 жол өлең құрастыру.
- 3-топ: Көктемнің суретін салу.
«Қалт еткізбей қағып ал»
Жауабын тез тауып ал: жылдам сұрақ-жауап жүргізіледі.
Рефлексиялық-бағалау кезеңі
1-топтың жұмбағы
Ала сиыр жатып қалады,
Ақ сиыр тұрып кетеді.
Жауабы: көктем
2-топтың жұмбағы
Тұрғанымен жырақ өзі,
Таусылмайтын шырақ өзі.
Жауабы: күн
3-топтың жұмбағы
Мені күтіп ел тілер,
Келсем неге келді дер.
Жауабы: жаңбыр
Үй тапсырмасы
- «Көктем» өлеңін жаттау.
- Көктемнің суретін салып келу.
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, мәнерлеп оқуы, талдауы және шығармашылық жұмыстары бойынша бағалау жүргізіледі.