Математикадан сұрақтар
Сабақтың бағыты мен мақсаты
Тақырып
Ел тірегі – білімді ұрпақ
Мақсат
Оқушылардың жыл бойы негізгі пәндер бойынша алған білімдерін еске түсіру және пысықтау.
Тәрбиелік-дамытушылық
- Ой-өрісті, логикалық ойлауды дамыту.
- Алғыр, тапқыр, шапшаң, зейінді болуға баулу.
- Елін, жерін сүюге және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Графопроектор және басқа да оқу құралдары.
Сабақтың құрылымы
I. Ұйымдастыру
Сыныптың назарын сабаққа аудару, жұмысқа дайындау.
II. Кіріспе
Бүгінгі сабақ ерекше: жыл бойы алған білімдеріңді байқау үшін ата-аналарың қатысып отыр. Сабақты өлеңмен бастап, көтеріңкі көңіл күймен жалғастырамыз.
III. Қорытынды
Білімді бекіту, бағалау, қызықты сәттерді еске алу.
Өлең жолдары
Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Иә, бар нәрсеге білім арқылы қол жеткіземіз. Ендеше бүгін осы уақытқа дейін үйренгенімізді жүйелеп, тапсырмалар арқылы көрсетеміз.
Қазақ тілі: тапсырмалар мен сұрақтар
Оқушылар орнынан тұрмай-ақ экрандағы сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындайды.
1) «Кім жылдам»
- Қазақ әліпбиінде неше әріп, неше дыбыс бар?
- Тіл не үшін қажет?
- Дыбыс дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз не?
- Дыбыс нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? Оларды ата.
- Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? Оларды ата.
- Неліктен сөз жуан және жіңішке болып айтылады? (Мысал келтір.)
- Сөздегі буын саны неге байланысты?
- Сөз неден құралады?
- Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды ата.
2) «Сөз ойла, тез ойла»
- «У» дыбысы бар бір сөз айт.
- Сол сөзге дыбыстық талдау жаса.
- Сол сөзбен сөйлем құра.
- Сол сөзді буынға бөл.
- Ойлаған сөзіңдегі «у» дауысты ма, дауыссыз ба?
3) «Кім алғыр»
Төмендегі сөздерді буынға бөл (ережені еске түсіру):
4) «Кім тапқыр»
Сұрақтар:
- Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
- Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
- Заттың сынын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
Тапсырма:
Сөздерді үш қатарға бөліп жаз: зат есім, етістік, сын есім.
Кітап, жүгірді, қызыл, балалар, дәптер, оқыды, биік, Әсел, доптар, ұшты, ата, ұзын, оқушылар, жазды.
5) «Кім шапшаң» (сөйлем құрау)
Берілген сөздерден сөйлем құрастыр:
- Жылқы, бағады, ағам.
- Көмектестім, мен, досыма.
- Жем, біз, дайындаймыз, құстарға.
- Қыстыгүні, борайды, қар, далада.
6) «Кім шапшаң» (қарсы мәндес сөздер)
Қарсы мәндес сөздерді тап:
Әдеби тұлғалар туралы еске түсіру
Ана тілі пәнінен танысқан ұлы тұлғалар: Абай, Ыбырай, Шоқан, А. Байтұрсынұлы, Б. Момышұлы, Әлия, Мәншүк және т.б.
Солардың бірі Әл-Фараби атамыздың даналығы білімнің қадірін ұғындырады.
Математика: білімді көрсету
Өлең жолдары
Еңбек, білім мәнін де,
Есептейтін бәрін де.
Ардақтаймыз, қолдаймыз,
Математика пәнін де.
1) «Не үйрендік, не білдік?» (сұрақтар)
- Қосу амалының компоненттерін ата.
- Қосудың қандай қасиеті бар? (Ережесін айт.)
- Азайту амалының компоненттерін ата.
- Қанша артық, қанша кем екенін қалай табамыз? (1–2 мысал келтір.)
- Ең кіші бір таңбалы санды ата. (1)
- Ең үлкен бір таңбалы санды ата. (9)
- Ең кіші екі таңбалы санды ата. (10)
- Ең үлкен екі таңбалы санды ата. (99)
- 0 натурал сан бола ма? (жоқ)
- Қосуды немен тексереміз? Азайтуды немен тексереміз? (өзара кері амалдар)
- Есептің құрамды бөліктерін ата.
- 10 см неше дм-ге тең?
2) «Кім жылдам» (қалып қойған амал таңбалары)
Қатарлар тек амал таңбаларын айтады.
3) «Кім тапқыр» (ақиқат/жалған)
Слайдтан оқып, тура теңдікті, тура емес теңдікті, тура теңсіздікті және тура емес теңсіздікті ажырат.
4) Фигураларды ата
5) «Кім алғыр» (ондықтар)
Берілген ондықтардан сұрақтарға жауап бер:
- Ең үлкен ондықты ата.
- Ең кіші ондықты ата.
- 30 бен 50-дің арасында болатын ондықты ата.
6) «Кім зерек» (топтастыру және теңдеу)
Слайдтан әріпті өрнек, санды өрнек, теңдік, теңсіздік, теңдеуді оқып, топтарға бөліп ажырат.
Мысалдар:
- а мен 3-тің қосындысы
- 2 мен 0-дің айырмасы
- 6 — 6-ға тең
- 8 — 9-дан кем
- 3 пен 4-тің қосындысы 7-ге тең
Теңдеудің мәнін тап:
Мысалы: a − 2 = 6. Онда a = 8.
7) «Кім шапшаң» (жұмбақ есептер)
-
1-есеп
Аулада 5 үйрек, қорада 3 үйрек. 1 үйрек тығылды, 1 үйрек жығылды. Қалғаны неше үйрек?
Жауабы: 6
-
2-есеп
Табақта 5 өрік, қолымда 4 өрік. Қосқанда барлығы неше өрік болады?
Жауабы: 9
-
3-есеп
Алма бағы жайнаған, қызыл алма айналам. Алдым үзіп бесеуін, тағы алдым екеуін. Алдым сонда нешеуін?
Жауабы: 7
Сергіту: ойын және қозғалыс
Ойын
Тақтаға 5 шаршы жапсырып, солардан «Г» тәріздес фигура құрастыр. Шаршының қасиетін еске түсір: барлық қабырғалары тең. Неше төбесі, бұрышы, қабырғасы барын анықта. Бұрыштары қандай?
Сергіту сәті
Құстарға біз ұқсайық,
Қане, қанат жазайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Дүниетану: табиғат туралы білім
1) «Ойлан, тап» (жұмбақ шешу)
Таусыла ма, қараңдар, табиғаттың қызығы. Суық жақта бір аң бар, бұтақ-бұтақ мүйізі.
Жауабы: бұғы
Санымыз қанша білмейміз, түнімен көз ілмейміз.
Жауабы: жұлдыздар
Аспанда алып доп, жарқырайды жарық боп.
Жауабы: күн
Бұл жауаптардың барлығы табиғатқа жатады. Бізді қоршаған әлем мен табиғат туралы дүниетану пәнінен таныстық.
2) «Мен саған, сен маған» (сұрақ-жауап)
- Аспан, ай, жұлдыз, тау, тас, өзен, көл, өсімдік, аң, адам — осылардың барлығы нені құрайды?
- Күннің қандай пайдасы бар?
- Жылдың қандай мезгілдері бар?
- Біз табиғаттан нені үйрендік?
- Қандай сезім мүшелері бар?
- Дүниеде неше тұс бар?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Өсімдіктердің неше тобы бар?
- Өсімдік мүшелерін ата.
- Жануарлар неше топқа бөлінеді?
- Қандай бунақденелілерді білесің?
- Тиіннің азық қоры не?
- Отбасын кімдер құрайды?
- Аурухана, дүкен, кітапхана, мектеп, шеберхана. Бұларды қалай атаймыз?
- Отан дегеніміз не?
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
Қорытынды және бағалау
Қорытынды ой
Сендер — еліміздің болашағысыңдар, тірегісіңдер. Елімізді дамыған елдердің қатарына қосу, биіктерден көріну және алда болу — өз қолдарыңда. Ол үшін көп оқып, білімді болу қажет. Сабақ басында айтқанымыздай, бар нәрсеге біліммен қол жеткізуге болады.
Бағалау
Сабақтағы белсенділік пен жауап сапасына қарай бағаланады. Сабақтың қызықты сәттерін суреттер арқылы тамашалайық.
Ескерту
Бұл бөлімде сыныптың фотосуреттері/сәттері көрсетіледі.