Хасан ойында кім
Сабақтың тақырыбы
Х дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды Х дыбысы және Х әрпімен таныстыру, оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық
Х дыбысына қатысты жаңа сөздер арқылы оқушылардың білімін жетілдіру, сөздік қорын молайту және тілін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа, білімге құштарлыққа тәрбиелеу; табиғатты қорғауға және кітап оқуға дағдыландыру.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.
Сабақтың әдістері
- Ой қозғау, топтастыру
- Тізбектей оқу
- Ойын, шығармашылық тапсырмалар
- Сурет арқылы сөйлем құрастыру
Көрнекіліктер
Слайдтағы суреттер, буындар, сөзжұмбақ, ойын тапсырмалары.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
-
Сәлемдесу өлеңі:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
II. Үй тапсырмасын тексеру (Ю дыбысы мен әрпі)
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны
- Ю дыбысы бар сөздерді айту.
- Ю дыбысы кездесетін сөздерді буынға бөлу: а-ю о-ю то-ю қо-ю ү-ю
«Асыл мұра» мәтіні
Мәтінді әр қатардан 3–4 оқушыға тізбектей оқыту.
III. Жаңа сабақ: «Х дыбысы мен әрпі»
Жұмбақ
- Мұны әжелерің, аналарың, апаларың үйде киеді.
- Кейде оны дәрігердің үстінен де көруге болады.
Жауабы: халат.
«Халат» сөзін талдау:
- «Халат» сөзінде неше дыбыс бар?
- Дыбыстар қандай?
- Бірінші дыбыс қандай?
Бүгін біз Х дыбысы мен әрпімен танысамыз. Жазылуы: Хх (жазба түрі), баспа түрі де: Хх.
Х дыбысы — қатаң дауыссыз дыбыс. Айтқанда ауа кедергіге ұшырайды, сондықтан Х дыбысымен өлең айтып созып айту қиын.
Х әрпі көбіне араб, парсы тілдерінен енген сөздерде кездеседі және сөздің басында да, ортасында да келе береді.
«Кім шапшаң?» ойыны
Көп нүктенің орнына қ немесе х әрпін қой:
IV. Оқулықпен жұмыс
Сөздерді оқыту
Сурет бойынша әңгімелеу
Спорт алаңына келдік. Мұнда мұз айдыны бар.
Суретке қарап сөйлем құрастырамыз: Балалар хоккей ойнап жүр. Олар — нағыз хоккейшілер. Бір бала — қақпашы, ал екіншісі — шабуылшы.
Мәтінмен жұмыс (сұрақ-жауап)
- Хасан мен Хамит қандай ойынды жақсы көреді?
- Хасан ойында кім? Хасан — шабуылшы.
- Хамит ше? Хамит — қақпашы.
- Ойын қалай өтті? Хасанның тобы жеңіске жетті.
- Кім хоккей ойынын ойнап көрді?
«Хоккей» сөзін талдау
- «Хоккей» сөзінде неше буын бар?
- «Хоккей» сөзінде неше к әрпі бар? 2.
- «Хоккей» — басқа тілден енген сөз.
Хасан мен Хамит біздің келгенімізге қуанып қалды.
V. Дәптермен жұмыс
- Х әрпінің емлесімен танысу.
- Жұмыс дәптеріне Х әрпін жазу.
Сергіту сәті
Жаздық, жаздық бәріміз,
Талып қалды қолымыз.
Сәл ғана дем аламыз,
Сосын қайта жазамыз.
«Кім тапқыр?» тапсырмасы (1-нұсқа)
- Көп адам қосылып айтады.
- Қасиетті тағам.
- Мемлекеттік рәміздердің бірі.
«Кім тапқыр?» тапсырмасы (2-нұсқа)
- Мұзда ойнайтын ойын.
- Үй құстарының бірі.
- Тәтті жеміс.
- Балық аулайтын құрал.
- Тамақтың дәмін келтіреді.
«Жоғалған буын» ойыны
Ха——
йуан———
———бар
Ас——хана
Дәрі——хана
Шай——
Гүл——хан
Темір——
Ескерту: Оқушылар берілген сөздерге сәйкес жоғалған буындарды табады.
Қосымша сергіту жаттығуы
«Дыбыстарды ажырата білеміз бе?» — Х дыбысы мен өзге қатаң дыбыстарды салыстырып айту.
Сабақты қорытындылау
- Х дыбысы қандай дыбыс? Х — қатаң дауыссыз дыбыс.
- Х дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? Сөздің басында да, ортасында да кездеседі.
Үй тапсырмасы
Х дыбысы мен әрпін оқу, берілген сөздерді дұрыс әрі мәнерлеп оқуға жаттығу.
Мадақтау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.