Бүгінгі күнмен байланыстыру Суреттеңіз Ыбырай өмірінің елеулі кезеңдерін ата
Сабақ туралы мәлімет
Мұғалім
Алматы облысы, Панфилов ауданы, С. Аманбайұлы атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Көкенова Жанылқан Иманғожаевна.
Тақырып
Ы. Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі
Сабақ форматы
- Түрі:
- Зерттеу сабағы
- Типі:
- Аралас сабақ
- Әдістері:
- Зерттеу, талдау, топтастыру, ассоциация әдісі
- Пәнаралық:
- География, тарих, орыс әдебиеті, пәнішілік байланыс
Көрнекіліктер
- ҚР-ның географиялық картасы
- Ы. Алтынсариннің портреті
- «Қазақ хрестоматиясы» кітабы
- Сызбалар
- Баспасөз материалдары
Сабақтың мақсаты
1) Білімдік
Оқушыларға ағартушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет бере отырып, өнегелі өмірімен таныстыру.
2) Дамытушылық
Өз ойын ашық айтуға, дәлелдеуге, пікірін қорғауға дағдыландыру; шығармашылық ізденісті арттыру; қосымша тың деректер арқылы дүниетанымды кеңейту.
3) Тәрбиелік
Елжандылыққа, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты сабаққа жұмылдыру, оқу мақсатын нақтылау, топтық жұмыс ережесін еске түсіру.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Тақырып: Шоқан Уәлихановтың өмірі мен балалық шағы.
3) Өткен сабақты пысықтау
- Ш. Уәлиханов кім? — ассоциация әдісі арқылы.
- Шоқан еңбегіне қандай баға берілді?
4) Жаңа сабақты түсіндіру
Шоқан Уәлиханов XIX ғасырдың 50–60 жылдарында крепостнойлық құқықты жою үшін саяси күрес күшейген кезеңде өмір сүрді. Ал бүгінгі сабақ кейіпкері — Ыбырай Алтынсарин — 70–80 жылдары, Ресейде крепостнойлық құқық жойылып, капитализм дами бастаған тұста қоғамдық-ағартушылық қызметін кеңейтті.
Негізгі ой
Алтынсариннің басты мұраты — қазақ баласына сапалы білім берудің жолын ашу, оқу-ағартуды өмір салтына айналдыру.
Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы мен еңбегі (тірек деректер)
-
1
Үш жасқа толмай әкесінен айырылып, атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өседі. Балғожа — қыпшақ руының старшыны, елге сыйлы тұлға.
-
2
1850 жылы Орынбордағы қазақ-орыс мектебіне қабылданады (жеті жылдық).
-
3
Оқуды үздік бітіріп, тілмаштық қызмет атқарады.
-
4
Атасы Балғожамен бірге ел аралап, халық ауыз әдебиеті үлгілерін, тұрмыс-тіршілікті терең танып-біледі; аңыз-әңгімелерді тыңдап өседі.
-
5
«Қазақ халқы ұғымтал, дарынды, бірақ оқу-білімнен шет қалған» деген қорытындыға келеді.
-
6
Алғашында өз үйінде балаларды оқыта бастайды.
-
7
1864 жылы Торғайда мектеп ашады.
-
8
1876 жылы Петербург пен Қазанға барып, орыс ағарту жүйесімен танысады.
-
9
1879 жылы Орынборда «Қазақ хрестоматиясы» басылып шығады; қазақтарға орыс тілін үйретуге арналған бастауыш құралды да жазады.
-
10
Оқулыққа өз өлеңдері, әңгімелері, шағын новеллалары, аудармалары, «Қобыланды батыр» жырынан үзінділер, аңыз-әңгімелер енгізіледі.
-
11
Орыс география қоғамының мүшесі болады.
-
12
Халықтың әдет-ғұрпы мен діни ұғымдарын зерттеп, ғылыми құнды пікірлер қалдырады.
-
13
Этнографияға қатысты деректер жинақтап, құда түсу, қыз ұзату, той жасау дәстүрлері туралы мақалалар жазады.
-
14
Ғылыми-әдістемелік көзқарасының қалыптасуына орыс достарының ықпалы зор болады.
-
15
Барлығы 14 мектеп ашуға ұйытқы болады: қыздар мектебі, өнер үйрететін мектептер, училищелер.
Түсінуді тексеру: «Кубизм» стратегиясы
Оқушылар кубтың әр қырына сәйкес тапсырмаларды орындайды: зерттеу, қолдану, салыстыру, байланыстыру, суреттеу, талдау.
Зерттеңіз
«Қазақ хрестоматиясын» жазудағы мақсат қандай?
Қолданыңыз
Білім мен өнер туралы мақал-мәтел айтып, мағынасын түсіндіріңіз.
Салыстырыңыз
Ыбырай мен Шоқанның шығармашылығын салыстырып, ортақ қасиеттерін табыңыз.
Байланыстырыңыз
Өнер-білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Жылдам хабар алғызды.
Осы жолдарды бүгінгі күнмен байланыстырып, технология мен білімнің қоғамға әсерін мысалмен түсіндіріңіз.
Суреттеңіз
Ыбырай өміріндегі елеулі кезеңдерді атаңыз.
Талдаңыз
Оқулықтан Ильминскийге жазған хаттарының бірін оқып, негізгі ойы мен көзқарасын талдаңыз.
Қорытынды, бағалау және үй тапсырмасы
Сабақты қорытындылау
Негізгі ұғымдар мен деректерді жүйелеу: ағартушылық идея, мектеп ашу ісі, оқулық құрастыру, этнографиялық зерттеу.
Бағалау
Арнайы кесте бойынша (қатысуы, дәлелді пікірі, тапсырманы орындау сапасы, топтық жұмыс мәдениеті).
Үйге тапсырма
Ы. Алтынсариннің өлеңдерін оқып, мазмұны мен идеясына талдау жасау.
Ескерту
Қажет болған жағдайда материалдың толық нұсқасын жүктеп, қосымша дереккөздермен жұмыс жүргізуге болады.