Paint редакторының сурет салатын құралдары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт селосы. Ақжігіт орта мектебі ММ.
Информатика пәні мұғалімі: Абылкасова Ұлзира Хайытбаевна
Сабақтың түрі
Семинар сабақ
Пән / Сынып
Информатика, 5-сынып
Сабақтың тақырыбы
Paint графикалық редакторы: суретті ашу және сақтау
Мақсаты
Оқушыларды стандартты Paint графикалық редакторымен таныстыру, оны іске қосуды, негізгі құралдарын қолдануды, сондай-ақ суретті ашу және сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижелері
- 1 Paint редакторының қызметін түсіндіреді.
- 2 Paint редакторын іске қосуды орындайды.
- 3 Сурет салуға арналған құралдарды қолданады.
- 4 Құжатты сақтайды және ашады.
Ұйымдастыру кезеңі
Уақыты: 1 минут
Сәлемдесу
Сыныппен амандасу, сабаққа назар аударту.
Топқа бөлу
1-топ
Қарындаш
2-топ
Өшіргіш
3-топ
Масштаб
Психологиялық тренинг: «Шаттық шеңбері»
Уақыты: 2 минут
Мен балаң, жарық күннен сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып көрінем елдің бетін,
Болмасам толған айдай балқып туған.
Мағынаны тану
Уақыты: 6 минут
Төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады:
- 1. Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңыз.
- 2. Пернетақтаның қызметі қандай? Қандай пернелерді білесіз?
- 3. ОЖ дегеніміз не? Компьютер сыныбындағы операциялық жүйе қалай аталады?
- 4. Файл, бума, белгіше дегеніміз не? Бумалар мен белгішелерді қалай құрамыз?
- 5. Операциялық жүйенің негізгі объектілерін атаңыз.
Ой қозғау
Уақыты: 8 минут
Тарихи салыстыру
Ерте кезде адамдар жазуды және бейне кескінді не үшін салған? Қазіргі уақытта бұл мақсат қалай өзгерді?
Пәндер байланысы
5-сыныптың сабақ кестесінде сурет салуға үйрететін пән бар ма?
Құралдар
Бейнелеу өнері сабағында қандай құралдарды пайдаланасыз?
ДЖИГСО әдісі
Жаңа тақырып мазмұны топтарға бөлініп беріледі. Әр топ постер дайындап, өз бөлігін қорғайды.
Топтық жұмыс
Уақыты: 7 минут
Тапсырма №1: Сәйкестендіру
1 минут
Графикалық редакторды көрсетіңіз
Paint
Standard Paint қандай бағдарламаға жатады?
Стандартты бағдарламалар тобына жатады.
Paint редакторын іске қосу жолы
Пуск → Все программы → Стандартные → Paint
Тапсырма №2: Тест
3 минут
-
1) “Paint” сөзі ағылшын тілінен қалай аударылады?
- А) Жобалау
- Ә) Оқу, кітап
- Б) Сурет, сурет салу
-
2) Барлық растрлық кескін неден тұрады?
- А) Кішкене тіктөртбұрыштардан
- Ә) Нүктелерден
- Б) Сызықтардан
-
3) Қандай пішімдегі кескіндер ең сапалы болады?
- А) BMP
- Б) JPG
- В) PNG
-
4) Қисық сызық салғанда неше бүгіліс санын көрсету керек?
- А) 2
- Ә) 1
- Б) 0
-
5) Дұрыс фигура салу үшін қай пернені жібермей ұстап тұру керек?
- А) Alt
- Ә) Ctrl
- Б) Shift
-
6) Өшіргіштің қандай режимдері болады?
- А) Қарапайым және түрлі түсті
- Ә) Қарапайым және күрделі
- Б) Стандартты және стандартты емес
Тапсырма №3: Жеке жұмыс
3 минут
Paint графикалық редакторында сурет салуға арналған құралдар бар. Сурет салу құралдарының ішінде геометриялық пішіндермен жұмыс істеуге арналған құралдар да кездеседі.
Тапсырма: геометриялық құралдарды пайдаланып қарапайым композиция (үй, ағаш, күн немесе өз қалауыңыздағы сурет) салыңыз. Соңында файлды сақтап, қайта ашып тексеріңіз.
Қосымша
Толық нұсқасын жүктеу (қажет болған жағдайда мектептің ішкі платформасында немесе ортақ сілтеме арқылы).