Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру

Мақсаты

Жас ұрпаққа Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы терең мағлұмат беру; Елбасының өмірі мен еңбек жолын үлгі ете отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке және азаматтық жауапкершілікке баулу.

Елбасының халқына сіңірген еңбегін, ерлігі мен жүргізген саясатын өнеге ету; туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру. Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы мен құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу.

Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты, халықтар арасындағы бірлікті көрсету.

Көрнекілігі

  • Портреттер мен фотосуреттер
  • Н. Ә. Назарбаевтың кітаптары
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Кіріспе

Құрметті мұғалімдер мен оқушылар! Бүгінгі «Кемеңгер көшбасшымен — татулық кемесінде» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Ертеде әлемді аузына қаратқан, төрткүл дүниені тамсандырған, дәулеті мен сәулеті асқан, халқы бір-бірімен тату тұратын, қаласы көркем, даласы дархан, аққуы ұшып, қазы қонған, ел бастаған көсемі, сөз бастаған шешені бар бір ел болыпты.

Жаны таза, жүрегі адал, кең даланың иесі — сұлу сөзге жүйрік, болмысы дара халық екен. Тағдырдың тар жол, тайғақ кешуіне дес бермеген қажыр-қайраты, қаһармандығы, адалдығы, бірлік пен берекесі біте қайнасқан қасиетімен әлем жұртының назарын аударыпты.

«Бақыт деген құс қайда барып тұрақтайды?» десе, «Ынтымағы жарасқан елге» деген екен.

Сол бақыт құсы бұл елден ешқайда кете алмапты. Бақыт құсы қонған ел — біздің туған, өскен жеріміз, Қазақ елі.

Қазақстан және халықаралық ынтымақтастық

Қазақстанның табиғи ресурстарын игеру мен экономикалық дамуына көптеген мемлекеттер инвестиция құюда. Олардың қатарында көршіміз Ресей және мұхиттың ар жағындағы Америка Құрама Штаттары да бар.

Осы елдердің өкілдері және өз еліміздің өкілдері бірлесе отырып, бүгінгі тәрбие сағатын өткізуді жоспарлап отыр.

Қатысушы елдер

Өкіл

Қазақстан

Өкіл

Ресей

Өкіл

АҚШ

Біздің елімізге қош келдіңіздер!

Құрметті қонақтар, бүгінгі кездесу арқылы сіздердің еліміз туралы қаншалықты білетіндеріңізді саралап көрейік.

Кездесуіміз бейбітшілік рухында өтетіндіктен, ұпайлық жүйе қолданылмайды.

Жұмыс жоспары

  1. 1. «Тәуелсіз — Қазақ елі» — сұрақтарға жауап.
  2. 2. «Нұрлы мекен — нұрлы ғұмыр» — әр топ өз елімен таныстырады.
  3. 3. «Өз елім — өзегім» — ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру.
  4. 4. «Елін сүйген Елбасы» — бейнероликтер көрсету.

Қорытынды бөлімі

«Тәуелсіздік тұғыры» атты өлең оқылады.