Мынау қандай салалас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым әрекеттері арқылы оқушылардың тақырып бойынша білімін тереңдету.
Дамытушылық
Сөздік қорын молайту, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Адамгершілікке баулу, қазақ халқының салт-дәстүрін танып, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың құрылымы
Кезеңдер
- IҰйымдастыру кезеңі
- IIӨткен тақырып бойынша білім, білік, дағдыларды тексеру және оқу мақсатын қою
- IIIЖаңа тақырыпты анықтау
- IVЖаңа сабақ: сөздік жұмысы, мәтінмен жұмыс, тақтамен жұмыс
- VБекіту
- VIҚорытындылау және бағалау
- VIIҮй тапсырмасы
- VIIIРелаксация
Ұйымдастыру және үй тапсырмасы
Ұйымдастыру кезеңі
- Тілашар
- Психологиялық ахуал қалыптастыру
Үй тапсырмасын тексеру
5-сабақ: «Адамның құндылығы. Әл-Фараби — достық туралы»
3-тапсырма, 61-бет.
Өткен тақырыпты пысықтау сұрақтары
- Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- Құрмалас сөйлем құрамына қарай неше топқа бөлінеді?
- Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- Салалас құрмалас сөйлем мағыналық жағынан неше түрге бөлінеді?
- Құрамындағы сөйлемдердің байланысу тәсілдеріне қарай салалас құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?
Грамматикалық өзек: себеп–салдар салалас
Анықтама
Себеп–салдар салалас құрмалас сөйлемде құрамындағы жай сөйлемдердің біреуі себепті, екіншісі салдарды білдіреді.
Жалғаулықтар
Мәтінмен жұмыс: «Балаға ат қою»
Тапсырма
Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз.
Халықта балаға ат қоюдың алуан түрлі дәстүрлері бар. Ата-ана сәбиіне ат қоймас бұрын көп ойланып, сан толғанады. Бұл — ат қоюдың аса жауапты, әрі қиын іс екенін көрсетеді.
Әрине, ата-ана «балам жаман болсын» демейді. Олар баласының болашағынан үміт күтеді, халқының аяулы азаматы болса екен деп тілейді. Сондықтан да ат қоюда жас жұбайлар көбіне көпті көрген, сый-құрметке бөленген қарт кісілерге алдымен жол берген.
Бұл — жас жұбайлардың үлкеннен қорыққаны емес, қайта оны сыйлағаны, құрмет көрсеткені. Ат қоюға ата-ананың достары, жолдастары, ағайын-туыстары, жекжаттары да қатысады.
Сөздік жұмысы
Ат, есім
имя
Дәстүр
традиция
Алуан түрлі
разнообразные
Сан толғанады
много раздумывают
Аяулы азамат
знатный человек
Көбінесе
во многом / чаще всего
Көпті көрген
много увидевший
Сый-құрметке бөленген
почетные, уважаемые
Жаттығу: себеп–салдар салалас құрау
Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, әр тармақ бойынша себеп–салдар салалас құрмалас сөйлем құраңыз.
1-тармақ
Дәстүрі бар, алуан түрлі, балаға, ат қоюдың, халықта.
2-тармақ
Толғанады, ойланып, сан, көп, бұрын, ат, қоймас, сәбиге.
3-тармақ
Тілейді, азаматы, аяулы, халқының, болса екен деп, ата-ана, сәбиін.
4-тармақ
Қатыстырылады, балаға ат қоюға, достары, ата-ананың, жолдастары, жекжаттары, ағайын-туыстары.
Бекіту: тыңдалым және сұрақтар
Мәтін: «Қазақтың салт-дәстүрлері»
Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы — қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік әлеміндегі қымбат қазына. Онда халықтың өмір тәжірибесі, ізденісі, танымы, тарихы жинақталған. Қазақта шілдехана, қырқынан шығару, бесік жыры, тұсау кесу, сүндет той, құда түсу, қыз айттыру, үкі тағу, ұрын келу, құда тартар, беташар, неке қию, бата беру, әмеңгерлік және басқа да салт-дәстүрлер бар. Сондай-ақ ұлттық тағамның, ұлттық ойынның, ұлттық киімнің, музыкалық аспаптардың да өзіндік ерекшелігі мен тарихы бар.
Сұрақтарға жауап беріңіз
- Мәтін не туралы?
- Салт-дәстүр деген не?
- Қандай салт-дәстүрлерді білесіз?
Өзіңді тексер: лексикалық-грамматикалық тест
1. Қазақтың салт-дәстүрін білдіретін сөздер тобы:
- а) зат, ат, сөз
- ә) айна, тарақ, қайшы
- б) ата, әже, әпке
- в) шілдехана, тұсаукесер, тілашар
- г) әңгіме, ертегі, өлең
2. «Әдептілік, ар-ұят — адамдықтың белгісі» аудармасы:
- а) обманывать — зло, быть обманутым — глупо
- ә) у кого много друзей, того не возьмет ни один враг
- б) вежливость, честь, совесть — знак человечности
3. Себеп–салдар жалғаулығын табыңыз:
- а) болмаса
- ә) үшін
- б) сондықтан
- в) бірде
4. Құрмалас сөйлем неше сөйлемнен тұрады?
- а) бір сөйлемнен
- ә) екі немесе одан да көп сөйлемнен
- б) екі сөйлемнен
- в) бірнеше сөйлемнен
5. Сөйлемнің түрін анықтаңыз: «Ән басталды, бірақ домбыра сазы басылған жоқ.»
- а) талғаулы салалас құрмалас сөйлем
- ә) іліктес салалас құрмалас сөйлем
- б) кезектес салалас құрмалас сөйлем
- в) қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
6. «Үйлену тойы, бесікке салу, шілдехана» — бұлар:
- а) мақалдар
- ә) дәстүрлер
- б) өлеңдер
- в) нақыл сөздер
7. «Бесікке салу» деген не?
- а) ұлттық ойын
- ә) салт-дәстүр
- б) тұрақты тіркес
- в) мақалдар
8. Сөйлемнің түрін анықтаңыз: «Қазақ отбасында қыздың орны үлкен, өйткені қызды ерекше құрметтейді.»
- а) кезектес салалас құрмалас
- ә) ыңғайлас салалас құрмалас
- б) себеп–салдар салалас құрмалас
9. Себеп–салдар салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын табыңыз:
- а) біресе, кейде, бірде
- ә) не, немесе, я, әлде
- б) бірақ, алайда, дегенмен
- в) сондықтан, себебі, өйткені, неге десең
10. «Өйткені, сондықтан, сол себепті, неге десең» — бұлар қай салалас құрмаласқа тән шылаулар?
- а) қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
- ә) іліктес салалас құрмалас сөйлем
- б) себеп–салдар салалас құрмалас сөйлем
- в) ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
Жауаптары
1 — в, 2 — б, 3 — б, 4 — ә, 5 — в, 6 — ә, 7 — ә, 8 — б, 9 — в, 10 — б
Бағалау шкаласы
- «5» — 9–10 дұрыс
- «4» — 7–8 дұрыс
- «3» — 4–6 дұрыс
- «2» — 1–3 дұрыс
Көрнекілікпен жұмыс
Тақтада көрсетілген «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» суреттерін мұқият қараңыз. Тапсырма: суретте берілген салт-дәстүрлердің атауын дәптерге жазыңыз және бір салт-дәстүр туралы қысқаша мәлімет беріңіз.
Сөздерді сәйкестендіріңіз
Үйге тапсырма
- Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы жарнама жазыңыз.
- «Шілдехана» тойына байланысты сахналық көріністің қысқаша сценарийін жазыңыз.
Релаксация
Мадақтау
Әр оқушының еңбегін атап, нақты жетістігін көрсетіңіз.
Ынталандыру
Келесі қадамға сенім беретін қысқа кері байланыс жасаңыз.
Жылы лебіз
Бақыт, еңбек, береке,
Ырыс күнін тілеймін.