Жеті ата ауылына саяхат
Сабақ туралы мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Тіл ұстарту
Түрі
«Жеті ата ауылына саяхат»
Көрнекілік
Интерактивті тақта, плакаттар, стикерлер
Әдістері
- Сын тұрғысынан ойлау
- Топтық, жұптық және жеке жұмыс
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушының білімін, білігін және дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық
Сөйлеу мәдениетін және ойлау әрекетін дамыту.
Тәрбиелік
Ұйымшылдыққа, өз тілін құрметтеуге және адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
-
1
Оқушылар тілдің құдіретін таниды.
-
2
Ойлау әрекеті, есте сақтау қабілеті және сөйлеу дағдысы қалыптасады; сын тұрғысынан ойлай алады.
-
3
Бірлесе, ұжымдық жұмыс жасауға бейімделеді.
Сабақтың барысы: «Жеті ата ауылына саяхат»
Сабақ кезеңдері жеті «ауыл» арқылы ұйымдастырылады. Әр ауыл — оқушының тілдік құзыретін дамытатын нақты тапсырмалар жүйесі.
I. Ата ауылы
Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу.
- Түрлі түсті стикерлер арқылы сыныпты топқа бөліп орналастыру.
- Танысу: «Сырлы есім» әдісі — сын есіммен тіркестіріп, бір-бірімен танысу.
- Топтық ереже құру.
II. Әке ауылы
Жаңа сабақ
Тақырып: «Тіл — халықтың алтын көпірі»
Әр топ плакатпен жұмыс істеп, постер арқылы өз ойларын айтып, қорғайды.
-
Негізгі ой
Ұлтымыздың белгісі — ана тіліміз.
-
Мұра
Ата-бабамыздан қалған қастерлі мұра.
-
Қызметі
Қарым-қатынас құралы.
-
Құндылығы
Қоғамды біріктіретін алтын көпір.
III. Бала ауылы
Семантикалық картамен жұмыс
Тапсырма
Мысалдарды сөзжасам тәсілдері бойынша анықтап, тиісті бағанға орналастыру.
Жұрнақ жалғану арқылы
Малшы
Бірігу арқылы
Үштөбе
Қосарлану арқылы
Үлкен-кіші
Тіркесу арқылы
Темір жол
IV. Немере ауылы
Жазылым және шығармашылық
1-тапсырма: өлеңді жатқа жазу
Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
2-тапсырма: шығармашылық жұмыс
«Ана тілің — арың бұл…» тақырыбында эссе жазу.
Нұсқау
- Кіріспеде тілдің құндылығын атап өтіңіз.
- Негізгі бөлімде дәлел мен мысал келтіріңіз.
- Қорытындыда өз ұстанымыңызды тұжырымдаңыз.
V. Шөбере ауылы
Топтық тапсырмалар
I топ
Сөзжұмбақ құрастыру
Тақырыпқа сай кілт сөздер мен анықтамалар дайындау.
II топ
Ребус құрастыру
Сөздер мен белгілер арқылы мағынаны шифрлау.
III топ
«Адасқан әріптер»
Әріптерді дұрыс орналастырып, сөз құрау.
VI. Шөпшек ауылы
Жұптық жұмыс: мақал-мәтелдерді толықтыру
Тапсырма үлгілері
- Көп сөз — …, аз сөз — …
- Тіспен түйгенді …
- Сөз — …, жақсыны да, жаманды да жасай алады.
- Ой қаруы — …, тіл қаруы — …
- Жақсы сөз — …
Бағалау өлшемі
- Мағынаның дәлдігі
- Дұрыс жазылым және сауаттылық
- Жұптағы ынтымақтастық
VII. Немене ауылы
Қорытынды
1) Рефлексия
Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдік?
Сұрақтар
- Тілдің құдіреті неде?
- Бүгін қандай дағды дамыды?
- Келесі сабаққа қандай мақсат қоямыз?
2) Топтық бағалау
Әр топ өз жұмысын қысқаша таныстырып, өзара кері байланыс береді.
Үй тапсырмасы
«Тіл — халықтың алтын көпірі» тақырыбында шығарма жазып келу.