Ойын сабақ
Сабақтың тақырыбы
Ұ дыбысы мен әрпін қайталау
Мақсаты
- Оқушыларды Ұ, ұ әрпінің таңбасымен таныстыру, баспа және жазба түрін меңгерту.
- Дыбыстың фонемалық қызметін модельдеу арқылы өтілген дыбыстарды қатыстырып буын, сөз, сөйлем құрату.
Дамытушылығы
Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі
- Сауаттылыққа, сөйлем құрауға, сурет бойынша әңгіме құрауға үйрету.
- Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Ойын сабақ.
Әдіс-тәсілдер
Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, шығармашылық тапсырма, сурет арқылы сөйлем құрау.
Көрнекілігі
Суреттер, буындар, ребустар, жұмбақтар.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
-
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
II. Өтілген әріпті пысықтау
1) Жұмбақ шешу
Құстай ұшар, қанатты тұлпар.
Жауабы: ұшақ
2) Сұрақ-жауап
- «Ұшақ» сөзінде неше дыбыс бар?
- Неше әріп, неше буын бар?
- Әріп дегеніміз не?
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауысты, дауыссыз.
- Ұ дыбысы қандай дыбыс? Дауысты.
3) «Сөз ойла, тез ойла» ойыны
Ұ дыбысына сөз ойлату.
4) Сөздерді буынға бөлу
Ұ дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? Басында және ортасында.
5) Оқулықпен жұмыс
Сөздерді буындап оқыту: хормен оқу, жеке оқу.
6) «Дыбыстар әлеміне саяхат»
Өткен әріптердің дауысты немесе дауыссыз дыбыс екенін ажырату:
7) Суреттермен жұмыс
Сөздер: ұр, шық, тікұшақ, ұшақ.
Дыбыстық талдау жасау.
III. Сергіту кезеңі
Қимыл-қозғалыс арқылы қысқа сергіту жаттығуларын орындату.
8) Мәтінмен жұмыс: «Ұшқыш болу — арман»
Сұлтан — жақсы оқушы. Ол ұшқыш болуды армандайды. Сұлтан — ұқыпты да батыл бала. Ол ағаштан ұшақ жасайды. Жасаған ойыншық ұшағы шын ұшаққа ұқсайды. Талаптыға нұр жауар. Сұлтан ұшқыш болады.
Оқу
Мәтінді тізбектей және мәнерлеп оқыту.
Сұрақ-жауап
- Сұлтан қандай оқушы? Ол нені армандады?
- Ол не жасады?
- Ойыншық ұшағы неге ұқсады?
- Сұлтан кім болады деп айтылды?
IV. Дәптермен жұмыс
9) Дыбыстық талдау
Сөздерге дыбыстық талдау жасату:
10) Сурет бойынша жұмыс
Суретке қарап сөздер мен қысқа сөйлемдер құрату.
11) Семантикалық карта
Сөздердің дыбыс пен әріп санын анықтап, кестеге белгі қою (слайд бойынша).
12) Сандық ребустар
Сандық ребустарды шешу.
Қорытынды
- Ұ — дауысты дыбыс.
- Ұ дыбысы сөздің басында және ортасында кездеседі.
Автор
Изгалиева Гульмира Жуныскановна