Молдағалиев Домалақ ана өлеңі
Сабақтың тақырыбы
Заттың санын білдіретін сөздер. Сабақ мазмұны Домалақ ана туралы танымдық мәліметпен толықтырылады.
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: оқушыларға Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтарының заттың санын білдіретінін дұрыс меңгерту, түсінік қалыптастыру.
- Дамытушылық: өз ойын нақты әрі дұрыс жеткізу дағдыларын дамыту.
- Тәрбиелілік: Домалақ ана туралы түсінік беру, әулие ана рухын құрметтеуге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар мен әдістер
Көрнекіліктер:
сөзжұмбақ, ойын материалдары, кесте, Домалақ ана кесенесінің суреті.
Әдіс-тәсілдер:
сұрақ-жауап, түсіндіру, суретпен жұмыс, ойын арқылы бекіту.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сыныптың дайындығын тексеру.
2) Өткенді қайталау: «Гүл жинау» ойыны
Жылыту сұрақтары
- Өлкеге қай мезгіл келді?
- Көктем.
- Көктемде қандай өзгеріс болады?
- Табиғат жаңарады, алғашқы гүлдер гүлдейді.
- Ең алғаш гүлдейтін гүлді атаңдар
- Бәйшешек.
«Гүлді құмыраға жинау» үшін сұрақтарға жауап береміз:
- Адамдарға қатысты сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?
- Заттар мен жануарларға қандай сұрақ қойылады?
- Қандай сөздер бас әріптен жазылады?
- Қандай сөздер тасымалданбайды?
3) Жаңа сабақ: заттың санын білдіретін сөздер
Заттың санын білдіретін сөздерге Неше?, Қанша?, Нешінші? деген сұрақтар қойылады.
Мысал
Меруерт, сен нешінші партада отырасың?
Мысал
Әлішер, сен неше жастасың?
Суретпен жұмыс
Қоянның сәбіздерінің санын анықтаймыз:
- Қоянда неше сәбіз бар?
- Қоянда үш сәбіз бар.
- «Үш» сөзіне қандай сұрақ қоямыз?
- Неше?
Оқулықпен жұмыс
133-жаттығу
Берілген сөйлемдерді оқып, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар:
- Біздің сыныпта … оқушы бар.
- Сыныпта … парта тұр.
- Әр партада … бала отырады.
«Кім тапқыр?» ойыны
Шарты: берілген сандарға сәйкес әріптерден сөз құраңдар.
6 4 6 → А Т А
8 3 4 → С Ү Т
1 6 4 6 → Б А Т А
134-жаттығу (ауызша)
Үй құстары туралы әңгімелеңдер:
- Құстар туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
- Ауыл маңында қандай құстарды кездестіресіңдер?
Сурет бойынша сұрақ-жауап
- Үйрек нешеу?
- Үйрек екеу.
- Қаз нешеу?
- Қаз үшеу.
Нешеу? сұрағына жауап беретін сөздер: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.
Оқулықтағы ережемен танысу: ережені 1–2 оқушыға оқыту.
«Кім көп біледі?» ойыны
Шарты: к, а, б, с, е, т әріптерін пайдаланып, заттың санын білдіретін сөздер ойлап жазыңдар. Жазғандарыңды дауыстап оқыңдар.
Т. Молдағалиевтің «Домалақ ана» өлеңі
Өлеңді оқымас бұрын автор туралы қысқаша мәлімет беріледі. Оқушылармен бірге ақынның бұрын оқылған шығармаларын еске түсіреміз: «Біздің ту», «Елтаңба».
Домалақ ана туралы мәлімет
Домалақ ананың шын есімі — Нұрила. Түркістан өңірінде дүниеге келген. Аңыз-әңгімелерде оның 10 жасынан бастап көріпкел, әулие ретінде танылғаны айтылады.
Домалақ ана елге ақылдылығымен, тазалығымен, парасатымен кеңінен танылған.
Домалақ ана кесенесі Қаратау баурайында, Бала Бөген өзенінің аңғарында орналасқан (кесене суреті көрсетіледі).
Мінездеме кестесі
Осы кесте бойынша өлең мазмұны талданады, оқушылар өз ойларын дәлелмен айтады.
4) Бекіту және қорытынды
Сабақ соңында оқушылар заттың санын білдіретін сөздерді қайталап, тақтадағы сурет бойынша заттың аты, саны, қимылы туралы сөйлем құрайды.
Тест арқылы қорытындылау
Оқушылар қолдарындағы 1, 2, 3 сандарын көрсету арқылы тест сұрақтарына жауап береді.
5) Білімді бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және жауаптарының нақтылығы ескеріледі.
6) Үй тапсырмасы
- 134-жаттығу.
- Ережені жаттау.
- Т. Молдағалиевтің «Домалақ ана» өлеңін оқу.