Төрт түлік
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
4-сынып • Қазақ тілі (орыс мектебінде) • Аралас сабақ
Білімдік мақсат
Үй жануарлары және олардың төлдері туралы мәлімет беру; сөздік қорды жаңа сөздермен толықтыру; жаңа сөздерді тілдік қатынаста дұрыс қолдануға үйрету.
Дамытушылық мақсат
Ойлау және сөйлеу дағдыларын дамыту; тілін ұштау; сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік мақсат
Үй жануарларын күтуге, жануарларды жақсы көруге және қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылықты ояту • Психологиялық дайындық
Қатар-қатар тізіліп,
Оқушыға лайық,
Қолымызды жіберіп,
Түп-түзу боп тұрайық.
Орнымызға отырайық —
Сабақ бастар кез келді.
Үй тапсырмасын тексеру
6-тапсырма: «Жануарлар»
- Ең ірі жануар — көк кит.
- Ең ауыр салмақты жануар — піл.
- Ең биік жануар — керік.
- Ең жүйрік аң — гепард.
- Ең үлкен құс — африкалық түйеқұс.
- Ең ірі қоңыз — дровосек.
- Ең ірі көбелек — агриппина.
Жаңа сабақ: «Төрт түлік»
Фонетикалық жаттығу
Сұрақ: Балалар, сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма?
Метаграммалар:
-
Егер И-ден бастасаң — хайуанаттың бірімін.
И-ді алып тастасаң — әріптердің бірімін.
Жауабы: Ит → Т -
Бастапқы әрпі Қ болатын,
Моп-момақан бір малмын.
Жауабы: Қой
Негізгі ұғымдар
Метаграммаларды шеше отырып, үй жануарлары туралы сөз қозғаймыз.
Қазақ тілінің төл дыбыстарының бірі — Қ (қатаң дауыссыз дыбыс).
Төрт түлікке жататын үй жануарлары:
Жылқы, қой, сиыр, түйе, ешкі.
Төлдері (мысалдар):
қозы, лақ, құлын.
Тапсырмалармен жұмыс
Қазақ халқында төрт түлік туралы мақал-мәтелдер өте көп. Төмендегі тапсырмалар арқылы мағынасын түсініп, тілдік қорымызды байытамыз.
1-тапсырма
Мақал-мәтелдерді түсініп оқып, көшіріп жаз.
- Түйе атасы — нар.
- Ат — адамның қанаты.
- Мал бақсаң — сиыр бақ, сүт кетпейді шарадан.
- Мал өсірсең — қой өсір, өнімі оның көл-көсір.
- Нар жолында жүк қалмас. Бақырауық демесең, бағалы көлік — түйе ғой.
2-тапсырма (I топ)
Мәтінді оқып, орыс тіліне аударамыз.
Шөл даланың ыстығына тек түйе шыдайды. Оның жалпақ табаны құмға батпайды. Табанынан ыстық та, суық та өтпейді. Түйе 2–3 центнер жүк көтереді. Түйе 40–50 шақырым жолды су ішпей, шөп жемей-ақ жүріп өтеді. Түйе шөлде өсетін ащы, тікен шөптерді жейді. Ол 45 күнге дейін су ішпей жүре алады. Түйе бір ішкенде 200 литрге дейін су ішеді.
3-тапсырма (II топ)
Диалогты оқып, орыс тіліне аударамыз.
Тақтамен жұмыс (жазбаша)
1-топ
- «Түйе» сөзін септе.
- Фонетикалық талдау жаса.
2-топ
- «Жылқы» сөзін септе.
- Фонетикалық талдау жаса.
Қосымша: семантикалық карта арқылы бекіту.
Сергіту сәті
«Шатақ ойын?»
Малдардың төлдерін тауып айт.
- Жылқы — құлын
- Қой — қозы
- Түйе — бота
- Ешкі — лақ
- Сиыр — бұзау
Үй тапсырмасы
I топ
Мақал-мәтелдерді жаттау.
II топ
5-тапсырманы жаттау (186-бет).
Сабақты бекіту
4-тапсырма: «Сандарды сөйлет»
Тақтадағы сандарға сүйеніп, сөйлем құрап жауап бер.
I топ: 45, 200
- Түйе 45 күнге дейін су ішпей жүре алады.
- Түйе бір ішкенде 200 литрге дейін су ішеді.
II топ: 40–50, 2–3
- Түйе 40–50 шақырым жолды су ішпей, шөп жемей-ақ жүріп өтеді.
- Түйе 2–3 центнер жүк көтере алады.
Қорытынды: төрт түлік мал адам үшін — ішсе сусын, жесе тамақ, кисе киім, мінсе көлік. Бүгін сабақта үй жануарларының түрлерін, пайдасын және олар туралы мақал-мәтелдердің мағынасын бекіттік.
Рефлексия
«Бесбармақ» әдісі
Ұнады
Бармақты жоғары көтер.
Орташа
Бармақты көлденең ұста.
Ұнамады
Бармақты төмен түсір.
Бағалау
Тапсырмалардың орындалуына қарай топтық жұмыс қорытындыланып, жиналған жұлдызшалар саны бойынша жеңімпаз топ анықталады. Оқушылардың белсенділігі мен жауаптарының толықтығына сай бағаланады.