Тамырдың ішкі құрылысы
Сабақтың мақсаттары
Бұл сабақта оқушылар жануарлар ағзасында заттардың тасымалдануын қамтамасыз ететін қанайналым жүйесінің мүшелерін таниды, ашық және тұйық қанайналым жүйелерін ажыратады, сондай-ақ қанайналым қызметін талдайды.
Барлық оқушылар
Қанайналым жүйесіне кіретін негізгі мүшелерді біледі.
Оқушылардың басым бөлігі
Ашық және тұйық қанайналым жүйесін ажыратады, қанайналымның қызметін талдайды.
Кейбір оқушылар
Жануарлардың қанайналым мүшелерін салыстырады және олардың ерекшеліктерін сипаттайды.
Бағалау критерийлері
- Ашық және тұйық қанайналым жүйесінің ерекшеліктерін түсіндіреді.
- Қанайналымның қызметін бағалайды және мысалмен дәлелдейді.
- Қанайналым жүйесінің эволюциясын түсіндіре алады.
Алдыңғы білім
Биологиядан
Тамырдың ішкі құрылысы.
Өсімдіктер физиологиясынан
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің тасымалдаушы ұлпалары (ксилема, флоэма).
Сабақтың барысы
Сабақтың басы
3 минут
Ұйымдастыру кезеңі
- 1. Психологиялық жағымды көңіл күй қалыптастыру: «Шаттық шеңбері». Мұғалім оқушылармен амандасып, шеңберге жинап, бір-біріне жылы тілектер айтқызады.
- 2. Топқа бөлу: жануарлардың сурет қиындылары арқылы оқушыларды топтарға бөлу.
Сабақтың ортасы
Білу — 5 минут
«Миға шабуыл» сұрақтары
- Тамырдың ішкі құрылысын атаңыз.
- Ксилема қандай қызмет атқарады?
- Флоэма қандай қызмет атқарады?
- Сабақ пен тамыр арқылы су мен минералды заттардың тасымалдануын сипаттаңыз.
Бағалау
Ауызша мадақтау арқылы: «Тамаша», «Өте жақсы», «Жақсы».
Ой шақыру
Суретпен жұмыс (ұжымдық): «Бұл суреттен нені көріп тұрсыздар?»
Осы сұрақ арқылы оқушылардың жауаптарын жинақтап, жаңа тақырыпқа өтеміз: «Қанайналым мүшелері – жануарлардағы тасымал».