Балалардың жылқы туралы білімдерін бекіту

Сабақтың тақырыбы

Жылқы — малдың патшасы, әрі Жеті қазынаның бірі.

Сабақтың мақсаты

  • Балалардың тіл дамыту сабағына қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру.

  • Жылқы туралы білімдерін бекіту.

  • Жылқыға құрмет пен жанашырлық сезімдерін дамыту.

  • Тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін кеңейту.

Сабақтың көрнекілігі

  • 1

    Үстел үсті театры (суретті-конусты).

  • 2

    Эйлер шеңбері: «Жылқы — Жеті қазынаның бірі».

  • 3

    Жылқы суреттері.

  • 4

    Қимылды ойын: «Теңге алу».

  • 5

    Дидактикалық ойын: «Жылқының пайдасы».

Сабақ барысы

1) Мотивациялық-қозғаушылық: «Қуаныш шеңбері»

Балалар, адамдар бір-бірімен амандасқанда қол береді. Ал біз бүгін ерекше амандасамыз: бір-біріміздің қолымыздан, мұрнымыздан, құлағымыздан ұстап, аяқтарымызды және арқамызды қағыстырып амандасайық.

2) Ұйымдастырушылық-ізденушілік

  • Балалар, жан-жағымызға қарайықшы: қандай суреттерді көріп тұрмыз?

  • Жылқы — үй жануары ма, әлде дала жануары ма?

  • Балалар, бері келіп, жайғасып отырайық.

3) Жылқы туралы әңгімелеу

Жылқы — адам үшін өте пайдалы мал. Адамдар жылқыны ғасырлар бұрын қолға үйретіп, тұрмыс-тіршілігіне жаратқан.

Жылқының етін жейміз, сүтінен қымыз жасап ішеміз.

Үстіне мініп мал бағамыз, баратын жерімізге жол жүреміз.

Қыста шана жегіп, жазда арба жегіп, керегімізді тасимыз.

Жылқымен байланысты ұлттық ойындар және ертегілер өте көп.

4) Суретпен жұмыс: «Жеті қазына»

Қазақ халқы жылқыны Жеті қазынаның бірі деп бағалаған.

Билингвалды компонент: «Қазына» орысша — сокровище.

Бұрын ата-бабаларымыз аңшылықпен, көшпелі өмір салтымен тіршілік еткендіктен, Жеті қазынаға мыналарды енгізген:

  1. 1. Ер жігіт
  2. 2. Сұлу әйел
  3. 3. Жылқы
  4. 4. Ит
  5. 5. Бүркіт
  6. 6. Білім
  7. 7. Мылтық

Қайталап көрейік: жылқы — малдың патшасы.

Тәрбиеші

Рахимжанова А. Б.