Берілгендерді ұяшыққа енгізу
Жаңа тақырып
MS Excel: кестелермен жұмыс істеудің негізгі қадамдары
MS Excel — Microsoft Office құрамына кіретін, сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған бағдарлама. Оның ыңғайлы құралдары арқылы сандық мәндерді талдап, нәтижелерді кесте түрінде ұсынуға болады. Есептеулер кезінде 400-ден аса математикалық, статистикалық, қаржылық және басқа да арнайы функцияларды қолдануға, сондай-ақ әртүрлі кестелердің өзара байланысын ұйымдастыруға мүмкіндік бар.
Жұмыс кітабы (Workbook)
Microsoft Excel файлы жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы бірнеше жұмыс парақтарынан тұрады; олардың атаулары терезенің төменгі бөлігінде қойындылар (таңбашалар) ретінде көрінеді.
Жұмыс парағы (Worksheet)
Жұмыс парағы кесте түрінде беріледі: 256 баған және 65 536 жол. Жолдар сандармен, ал бағандар әріптермен және әріп комбинацияларымен белгіленеді (A, B, …, Z, одан кейін AA, AB және т.с.с.).
Ұяшық адресі және орналасуы
Әрбір ұяшықтың адресі баған атауы мен жол нөмірінен құралады. Ұяшық баған мен жолдың қиылысында орналасады.
Мысал: егер ұяшық F бағанында және 7 жолында орналасса, оның адресі F7.
Берілгендерді ұяшыққа енгізу
- 1 Тышқан курсорын дерек енгізілетін ұяшыққа апарып, шерту арқылы ұяшықты белгілеңіз.
- 2 Белгіленген ұяшық қоршаумен ерекшеленеді, ал формула жолының сол жағында ұяшық адресі (мысалы, A1) көрінеді.
- 3 Деректерді енгізіңіз де, енгізуді төмендегі тәсілдердің бірімен аяқтаңыз.
Енгізуді тиянақтау тәсілдері
- Enter пернесін басу
- Формула жолындағы растау батырмасын басу
- Басқа ұяшықты шерту
- Бағыттаушы пернелермен жұмыс ұяшығынан шығу
Егер баған ені мәтіннің ұзындығына жетпесе, мәтін келесі бос бағанда көрінуі мүмкін.
Кесте элементтерін белгілеу
Кестеде әрдайым белсенді (жұмыс істеп тұрған) ұяшық болады. Ол қоршаумен белгіленеді. Белсенді ұяшықты ауыстыру үшін бағыттаушы пернелерді қолданыңыз немесе қажетті ұяшықты тышқанмен шертіңіз.
Жұмыс кітабын құру және ашу
Жаңа жұмыс кітабын құру
- Файл мәзірінен Құру командасын таңдаңыз.
- Диалог терезесінде құжат түрін және қажет болса шаблонды таңдаңыз.
- ОК батырмасын басыңыз.
Дайын жұмыс кітабын ашу
- Файл мәзірінен Ашу (Открыть) командасын таңдаңыз.
- Құжатты ашу диалог терезесінде файл орналасқан дискіні таңдаңыз.
- Тізімнен қажетті буманы (қос шерту арқылы) және кітаптың өзін таңдаңыз.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
- Құрал-жабдықтарды тексеру.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II–III. Негізгі бөлім
- Үй тапсырмасын тексеру.
- Жаңа тақырыпты түсіндіру және практикалық жұмыс.