Ұяшықты пішімдеу түрлері
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сынып
8-сынып
Сабақ түрі
Аралас
Сабақтың тақырыбы
Жұмыс кестесін автоматты түрде пішімдеу. Кестені баспаға шығару.
Сабақ әдісі
Түсіндіру, баяндау
Сабақ жабдықтары
- ДК
- Проектор
- Үлестірмелі карточкалар
- Слайд
- Тест
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Жұмыс кестесін автоматты түрде пішімдеуді үйрету.
Тәрбиелік
Кестені дұрыс толтыру және көркемдеу тәсілдерін меңгерту.
Дамытушылық
Кестелермен жұмыс кезінде автоматты пішімдеуді тиімді қолдануға дағдыландыру.
Сабақтың жүру барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Түгендеу жүргізу.
- Сабаққа дайындықтарын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Қайталау сұрақтары бойынша жұмыс: слайд арқылы және SIN Kaz тақырыптары бойынша сұрақтар қою.
III. Жаңа сабақ
Автоматты түрде пішімдеу (Өзпішімдегіш)
Кестенің пішімін өзгерту үшін (мысалы, баған тақырыптарының астын сызу, кестенің шеттерін сызықтармен бөлу) автоматты пішімдеу қолданылады. Автоматты пішімдеуді орындау үшін Пішім мәзіріндегі Өзпішімдегіш құралын пайдаланамыз.
Өзпішімдегіш кестедегі мәліметті кәсіби әзірленген үлгілер бойынша пішімдеуге көмектеседі: жолдар мен баған тақырыптарын, қосындыларды және басқа элементтерді ерекшелеуге болады. Түрлі түстермен айқындау, құйып бояу (заливка) қосу жұмыс парағын көрнекі әрі тартымды етеді.
Ескерту: Өзпішімдегішті көп деңгейлі тақырыптары мен қорытындылары бар күрделі кестелерге қолдану ұсынылмайды. Егер нәтиже көңілден шықпаса, Болдырмау (Undo) батырмасы арқылы өзгерісті оңай қайтаруға болады.
Өзпішімдегішті қолдану қадамдары
- Кестені толық бөлектейміз.
- Пішім мәзірінен Өзпішім (Өзпішімдегіш) пәрменін таңдаймыз.
- Ашылған диалог терезесінде қажетті безендіру үлгісін таңдап, Жарайды батырмасын басамыз.
Ұяшықтарды пішімдеу
Ұяшықтарды пішімдеу — ұяшықтардың сыртқы көрінісін безендіру және олардың мазмұнына қатысты деректер пішімін (format) дұрыс баптау. Пішімдеу үшін қажетті ұяшықты белгілеп, Пішімдеу құралдар панеліндегі батырмаларды пайдаланамыз немесе Пішім → Ұяшықтар командасын орындаймыз.
Excel бағдарламасындағы пішімдеу батырмалары Word-тағы мәтінге қатысты әрекеттердің көбін қолдайды: қаріптің түсін, стилін, өлшемін өзгерту, мәтінді туралау және т.б.
«Ұяшықтар пішімі» терезесіндегі бөлімдер
-
Сан
Деректердің пішімін өзгертуге мүмкіндік береді.
-
Туралау
Ұяшық мазмұнын туралау параметрлерін белгілейді.
-
Қаріп
Қаріп параметрлерін орнатады.
-
Жиек
Ұяшық жиектерінің параметрлерін белгілейді.
-
Әшекейлер
Ұяшықтардың боялуын (толтыруын) белгілейді.
-
Қорғаныс
Ұяшықтардың қорғаныс параметрлерін орнатады.
Ұяшықтарды біріктіру және ортасына орналастыру
Екі немесе бірнеше ұяшықты біріктіргенде, олар бір ұяшыққа айналады. Бұл тақырыптарды немесе ұзын мәтінді көркем орналастыруды жеңілдетеді. Мысалы, кесте тақырыбы бір ұяшыққа сыймайтын болса, тақырып жолағындағы бірнеше ұяшықты біріктіріп, мәтінді ортаға туралауға болады.
Әрекеттер реті
- Тақырып мәтінін A1 ұяшығына жазамыз.
- Кестеде болатын бағандар санына сәйкес ұяшықтар ауқымын белгілейміз.
- Ұяшықтарды біріктіру және ортасына орналастыру батырмасын басамыз.
Кестелерді баспаға шығару
Кестенің бір данасын басып шығару үшін стандартты құралдар панеліндегі Печать батырмасын шерту жеткілікті. Егер кестенің белгілі бір бөлігін немесе бірнеше данасын шығару қажет болса, төмендегі қадамдарды орындаңыз.
- Басып шығарылатын бөлікті белгілейміз.
- Файл → Печать командасын орындаймыз.
-
Диалог терезесінде:
- Қай бөлікті шығаратынымызды (белгіленген ауқым, нақты бет, немесе жұмыс кітабын толық) таңдаймыз.
- Парақтар ауқымын көрсетеміз (әдепкіде барлық парақтар таңдалады).
- Қажет болса, дана санын (көшірме) белгілейміз.
- OK батырмасын шертеміз.
IV. Сабақты қорытындылау
A) Тақырыптық тест
Тест 10 сұрақтан тұрады.
Ә) Деңгейлік тапсырма (компьютерде)
-
I деңгей
Мәліметтерді Excel кестесіне енгізу. «Жалпы сомасы» ұяшығына есептеу нәтижесін жазу.
-
II деңгей
Мәліметтерді Excel кестесіне енгізу. Өзпішімдегішті қолданып, кестені кез келген үлгімен пішімдеу.
-
III деңгей
Мәліметтерді Excel кестесіне енгізу. Өзпішімдеуді қолданып, кестені кез келген үлгімен пішімдеу. Кестенің бірнеше көшірмесін дайындау.
Б) Бекіту сұрақтары
- Өзпішімдегіш құралы не үшін қолданылады?
- Өзпішімдегішті қолдану үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?
- Ұяшықты пішімдеу үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?
- «Ұяшықтар пішімі» терезесінде ұяшықты пішімдеудің қандай түрлері бар?
- Дайын кестені баспаға беру үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?
V. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және тест нәтижелері бойынша бағалау жүргізіледі.
VI. Үй тапсырмасы
- Тақырыпты оқу және мазмұндау.
- Excel бағдарламасында кесте құрып келу.