Жарыстың кезеңдері
Тақырыбы
«Абай шығармалары ұрпақ аузында»
Мақсаты
Оқушылардың Абай өлеңдеріне қызығушылығын ояту, ақын шығармашылығын терең түсініп, қадірлей білетін ұрпақ тәрбиелеу.
Талабы
- Қатысушы конкурс басталғанға дейін өзі білетін шығармалардың тізімін ұсынуы қажет.
- Өлеңдер мәнерлеп, нақышына келтіре орындалуы тиіс.
Абай туралы
Абай — қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдайалды ақын. Оның таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілерімен деңгейлес екені — білген адамға айқын шындық.
Ахмет Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» мақаласында: «Абайдан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ», — деп аса жоғары баға береді.
Осыған орай «Абай шығармалары ұрпақ аузында» атты сайысымызды ашық деп жариялаймыз.
Жарыстың кезеңдері
1-кезең
«Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» — Абай шығармаларын жатқа оқу.
2-кезең
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» — жас дарындар конкурсы: өз шығармалары (өлең, ән, күй).
Әділқазылар алқасы
Бүгінгі сайысымыздың төрешілері — әділқазылар алқасымен таныстырайық.
(Әділқазылар тізімі іс-шара барысында жарияланады.)
Сайыс барысы
Абайдың өсиеті
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Ұлы ақын Абай өз шығармаларын болашақ ұрпақ тәрбиесіне арнады. Ендеше осы ұлы тұлғаның шығармаларын мәнерлеп оқуға арналған өнер сайысына қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз.
Қатысушылар
- Жансұлтан Ғанижамал
- Оңғалбаева Мөлдір
- Сатыбалдина Наргиза
- Сарқұлова Индира
- Жұбатқанова Мариям
- Сәрсенбай Жансая
- Иният Нүрила
Ән-күйге кезек
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Жүрекке түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Әсем, тәтті әнге кезек берейік: Абдраман Наргиза, 3 «А» сынып оқушысының орындауында Абайдың «Желсіз түнде жарық-ай» әні.
Екінші кезеңге өту
Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиіп,
Жұп-жұмыр тегіс келсін айналасы.
Сайысымыздың екінші кезеңі — «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда». Енді ұлы Абай атамыздың жолын қуған болашақ ақындар сайысына кезек берейік.
Жас дарындар (орындары)
- (аты-жөні)
- (аты-жөні)
- (аты-жөні)
Қорытынды және марапаттау
Абай өлеңдерімен сусындаған талантты да талапты жас ұрпақ арасындағы сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын сәт те келіп жетті. Енді сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Түйін
Абай шығармаларының мағынасын терең бойлап, ұғып-түсіне алатын, Абай дәстүрін жалғастырушылар тобының молая түскеніне бүгін тағы бір көзіміз жетті.
Бүгінгі жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік шыңдардан көрінулеріне тілектеспіз.