Жұмбақ шешу

Сабақ жоспары

«Жұмбақтар елінде»

Сабақтың мақсаты

Жұмбақтың өзіндік ерекшелігін меңгерту арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту; адамгершілікке, ұйымшылдыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Жануарлар мен жабайы аңдардың суреттері
  • Сөзжұмбақ

Сабақтың құрылымы

  • Сурет бойынша әңгімелесу
  • Жұмбақ шешу (4 кезең)
  • Қорытынды және мадақтау

Сабақтың барысы

1) Сурет бойынша әңгімелесу

Қандай мезгіл? Күз.

Қандай өзгерістер бар? Табиғатта жапырақ сарғайып, өнім піседі.

Күзде нелер піседі? Көкөністер мен жемістер.

Осыған байланысты көкөністер мен жемістер туралы жұмбақтарды шешеміз. Оқушылар жұмбақ туралы өлең айтып, сабаққа серпін береді.

2) 1-кезең — Жұмбақ шешу (көкөністер мен жемістер)

Ойлан да тап

  1. Сырты қызыл, өзі тәтті. Ол не?

    Жауабы: алма

  2. Шекер ме екен, бал ма екен, салбыраған тал да екен. Атын тауып, дәл айтатын бала, сірә, бар ма екен?

    Жауабы: жүзім

  3. Іші жұмсақ, сырты қатты, еті қызыл, сүті тәтті.

    Жауабы: қарбыз

  4. Көктемде топыраққа себеміз, өнімін зауыттарға береміз. Домалақ дақылдың ағарып, қант болып шыққанын көреміз. Ол не?

    Жауабы: қызылша

  5. Жап-жасыл, сопақ дақыл жерде жатыр. Дер кезінде жинамасаң, сарғайып кетер батыр.

    Жауабы: қияр

  6. Аспай піскен, қайнамай түскен.

    Жауабы: жеміс

  7. Іші тәтті, күз жеткенде қызарады.

    Жауабы: алма

  8. Көкпеңбек еді көктемде, ортасы сүйек.

    Жауабы: өрік

  9. Түбі толған құмалақ.

    Жауабы: картоп

  10. Бақшадан жер қазып, жиып алдым жез қазық.

    Жауабы: сәбіз

  11. Доп жатыр, жемісі бар, қабат-қабат терісі бар.

    Жауабы: орамжапырақ

  12. Тігіп алып көк шалбар, қызылкүрең доп жатыр.

    Жауабы: қызылша

  13. Көк ала костюм киеді, күн көзін сүйеді.

    Жауабы: қарбыз

Қосымша жұмбақ: Жазда өседі, күзде түседі. Ол не?

3) 2-кезең — Топтық жұмыс

Топ басшылары жұмбақтарды оқиды, топ мүшелері жауабын табады.

І топ — Жабайы аңдар

  1. Өзі қу, жүрген жері айқай-шу.

    Жауабы: түлкі

  2. Орманда кезеді, қорбаңдап жүреді.

    Жауабы: аю

  3. Ауыр ағашты тасуға ұста, тұмсығы ұзын, құйрығы қысқа.

    Жауабы: піл

  4. Көп қой көрсем, шетінен бауыздауға құмармын.

    Жауабы: қасқыр

  5. Ұзын құлақ, қыли, жырық ерін — тез жүгірер.

    Жауабы: қоян

ІІ топ — Үй жануарлары

  1. Кезікті бір жануар, арқасында тауы бар.

    Жауабы: түйе

  2. Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар.

    Жауабы: қой

  3. Қос мүйізді, төрт сирақты, сыйлайды балдай ақ бұлақты.

    Жауабы: сиыр

  4. Жарға шығып ойнайды, ойынға бір тоймайды. Болса да сақалы, секеңдеуді қоймайды.

    Жауабы: ешкі

4) 3-кезең — Сандар жұмбағы

Ала шапан киініп, Қарбыз жатыр үйіліп. Қарбыздарды шетінен Санап шықтым екіден. Бесеу болды жұп саны, Нешеу болды түп саны?

Жауабы: 10

Алдында үш балапан, Артында үш балапан. Ақ тауық пен балапан — Айтшы санын, балақан.

Жауабы: 8

Көлден ұшты жеті қаз, Қайтып қонды екі қаз. Қонбады оның нешеуі? Қане, кім тез шешеді.

Жауабы: 5

Талдан ұшты топ торғай, Емес бірақ көп торғай. Алдында оның бастаушы, Артында төртеу қостаушы. Ойың жүйрік болса егер, Торғай нешеу, есепкер?

Жауабы: 5

Жаңа ғана шалғында Алты бұзау жүр еді. Әлде шаршап қалды ма, Жатып қалды біреуі. Нешеуі енді жайылып Жүргенін айт, айырып?

Жауабы: 5

5) 4-кезең — Сөзжұмбақ шешу

І топ — «Қазақстан»

  1. Кілттің досы.
  2. Ең қадірлі жан.
  3. Ғарыш кемесі.
  4. Балық аулайтын құрал.
  5. Төрт түліктің бірі.
  6. Уақыт өлшемі.
  7. «Ас» сөзінің синонимі.
  8. Амал.
  9. Түйе.

ІІ топ — «Жануарлар»

  1. Көзі дөңгелек түймедей, бірақ күндіз көрмейді.
  2. Орман ішінде үйі, өзі ұлиды жиі.
  3. … ды қамыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.
  4. Сиырдың төлі.
  5. Тас арқылы жүретін жәндік.
  6. Құралы әрі ермегі, тоқи тұғын ермегі.
  7. Ешкінің төлі.
  8. Қосмекенді жәндік (бақа).
  9. Бал жинайтын жәндік.

Қорытынды

Сабақ соңында оқушылардың белсенділігі бағаланып, дұрыс жауап бергендері мадақталады.

Өткізген: Ажкаева А. Б.